ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 325-бабының 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес, цифрлық активтердің құнын жариялау тәртібі туралы қағидалары;
2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. "Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидаларын бекіту туралы" Қаржы министрінің 2024 жылғы 29 наурыздағы № 172 бұйрығының күші жойылсын (құқықтық актілер тізілімінде № 34214 реттік санымен тіркелген).
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 531 Бұйрыққа 1-қосымша |
Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Цифрлық активтердің құнын айқындау, жариялау тәртібі туралы қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 325-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
ақпарат көздерінен алынған баға – ресми танылған ақпарат көздерінен, биржалық белгіленімдер туралы деректерден, уәкілетті органдардан, сондай-ақ басқа да ақпарат көздерінен алынған баға;
цифрлық актив – цифрлық код беріліп, оның ішінде криптография және компьютерлік есептеу құралдары қолданыла отырып электрондық-цифрлық нысанда құрылған, есеп айырысу ақша бірлігі және (немесе) заңды төлем құралы болып табылмайтын, деректердің таратылған платформасы технологиясының негізінде тіркелген және ақпараттың өзгермейтіндігімен қамтамасыз етілген мүлік;
цифрлық активтер биржасы – цифрлық активтердің сауда-саттығын, шығарылуын, айналысын және сақталуын ұйымдастырушылық және техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын цифрлық платформа;
цифрлық майнинг – блокчейн арқылы деректер блоктарының тұтастығын растауды қамтамасыз ететін, деректерді шифрлаудың және өңдеудің берілген алгоритмдеріне сәйкес компьютерлік қуаттарды пайдалана отырып есептеу операцияларын жүргізу процесі;
цифрлық майнингтік пул – Қазақстан Республикасының цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелген, цифрлық майнерлердің цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенінің қуаттарын біріктіру қызметін ұсынатын, цифрлық майнерлердің бірлескен қызметінің нәтижесінде алынған цифрлық активтерді олардың арасында бөлуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
coinmarketcаp – нақты уақыты режимінде цифрлық активтердің құны, цифрлық активтерді капитализациялау туралы нарықтық деректер және цифрлық активтерді өткізу көлемі жарияланатын крипто-сайт.
2-тарау. Цифрлық активтердің құнын және олардың түрлерінің тізбесін айқындау, жариялау тәртібі
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) цифрлық активтердің құнын айқындау үшін www.coinmarketcap.com интернет-желісінде жарияланған ақпаратты қолданылады.
Цифрлық активтердің құнын Комитет күн сайын www.coinmarketcap.com цифрлық активтер бойынша сауда-саттық жүргізетін жұмыс күні айқындалады.
Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес, құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесінде (бұдан әрі - Тізбе) көрсетілген цифрлық активтердің құны үшін Комитетпен www.сoinmarketcap.com тәулік қорытындысы бойыша қалыптасқан цифрлық активтердің орташа өлшенген құнын алынады.
Жұмыс емес күндері жұмыс емес күннің алдындағы жұмыс күні айқындалған цифрлық активтердің құны қолданылады.
4. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғаның, цифрлық майнинг пулының, цифрлық активтер биржасының кірісін айқындау мақсатында цифрлық активтердің құны цифрлық актив алынған күнге айқындалады.
5. Белгілі бір шетел валютасына тіркелген құны бар цифрлық активтер оларды алған күніне уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Заңының 20-бабының 6-1-тармағына сәйкес, ресми айқындалған бағамын қолдана отырып, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қайта есептеледі.
6. Комитет Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңнамасына сәйкес, интернет-желісі бар жеке және заңды тұлғамен цифрлық активтердің құны туралы мәліметтерді интернет-желісінде жариялауға салықтық әкімшілендіру үшін ақпараттық сервиске қолжетімділікті ұсыну бойынша қызмет көрсету туралы мемлекеттік сатып алу туралы шарт
(бұдан әрі – шарт) жасайды.
7. Комитет өзінің ресми www.kgd.gov.kz интернет-желісінде Шарт жасаған тұлға туралы және оның интернет-желісіне сілтемені жариялайды.
8. Шарт жасаған тұлға ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-ші күнінен кешіктірмей өзіне тиесілі интернет-желісінде Тізбеге сәйкес цифрлық активтердің құнын жариялайды.
Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыратын тұлғалар, цифрлық майнингтік пулдары, сондай-ақ цифрлық активтер биржалары Тізбеге енгізілмеген цифрлық активтер бойынша кірісті айқындау үшін www.coinmarketcap.com интернет-ресурсында орналастырылған цифрлық активтердің құнын пайдаланады.
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 531 Бұйрыққа 2-қосымша |
Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі
№ | Цифрлық активтердің атауы | Қысқаша атауы |
1. | Bitcoin | BTC |
2. | Bitcoin Cash | BCH |
3. | Ethereum | ETH |
4. | Litecoin | LTC |
5. | Tether USDt | USDT |
6. | BNB | BNB |
7. | Cardano | ADA |
8. | XRP (Ripple) | XRP |
9. | Solana | SOL |
10. | STEPN | GMT |
11. | Polygon | MATIC |
12. | EOS | EOS |
13. | Ethereum Classic | ETC |
14. | Chainlink | LINK |
15. | TRON | TRX |
16. | Biteeu Commodities Exchange Gold | BCXG |
17. | DAI | DAI |
18. | Galxe | GAL |
19. | ApeCoin | APE |
20. | GALA | GALA |
21. | Unify Protocol DAO | UNFI |
22. | Waves | WAVES |
23. | NEAR Protocol | NEAR |
24. | Cosmos | ATOM |
25. | Mask Network | MASK |
26. | Aptos | APT |
27. | Algorand | ALGO |
28. | Avalanche | AVAX |
29. | Stellar | XLM |
30. | 1Inch Network | 1INCH |
31. | Fantom | FTM |
32. | Audius | AUDIO |
33. | Balancer | BAL |
34. | Band Protocol | BAND |
35. | Pax Dollar | USDP |
36. | Nexo | NEXO |
37. | Ocean Protocol | OCEAN |
38. | Bifrost | BFC |
39. | The Sandbox | SAND |
40. | Ethereum Name Service | ENS |
41. | dYdX | DYDX |
42. | Curve DAO Token | CRV |
43. | Fetch.ai | FET |
44. | Aave | AAVE |
45. | Chilliz | CHZ |
46. | SPACE ID | ID |
47. | Celo | CELO |
48. | COTI | COTI |
49. | Convex Finance | CVX |
50. | Uniswap | UNI |
51. | Filecoin | FIL |
52. | Lido DAO | LDO |
53. | The Graph | GRT |
54. | Hot Cross | HOTCROSS |
55. | Wrapped BTC | WBTC |
56. | VeChain | VET |
57. | Axie Infinity Shards | AXS |
58. | Basic Attention Token | BAT |
59. | Immutable | IMX |
60. | Jasmy Coin | JASMY |
61. | Label Foundation | LBL |
62. | Livepeer | LPT |
63. | Loopring | LRC |
64. | Maker | MKR |
65. | Pax Gold | PAXG |
66. | pStake Finance | Pstake |
67. | Quant | QNT |
68. | Scallop | SCLP |
69. | Skale | SKL |
70. | Yearn.finance | YFI |
71. | Arbitrum | ARB |
72. | Compound | COMP |
73. | Multiverse X | EGLD |
74. | Conflux | CFX |
75. | Enjin Coin | ENJ |
76. | Golem | GLM |
77. | Hedera | HBAR |
78. | Hooked Protocol | Hook |
79. | Decentraland | MANA |
80. | Internet Computer Protocol | ICP |
81. | Rocket Pool | RPL |
82. | Stacks | STX |
83. | Injective | INJ |
84. | Frax Share | FXS |
85. | Trust Wallet Token | TWT |
86. | THORChain | Rune |
87. | PancakeSwap | Cake |
88. | Zilliqa | ZIL |
89. | WAX | WAXP |
90. | Osmosis | OSMO |
91. | SingularityNET | AGIX |
92. | NEM | XEM |
93. | Gnosis | GNO |
94. | Theta Fuel | TFUEL |
95. | Ravencoin | RVN |
96. | Flow | Flow |
97. | Render | RNDR |
98. | Optimism | OP |
99. | Klaytn | Klay |
100. | GMX | GMX |
101. | eCash | XEC |
102. | Kava | KAVA |
103. | 0x Protocol | ZRX |
104. | Synthetics | SNX |
105. | Theta Network | Theta |
106. | Toncoin | TON |
107. | USD Coin | USDC |
108. | Polkadot | DOT |
109. | Sui | SUI |
110. | Binance USD | BUSD |
111. | Lido Staked ETH | stETH |
112. | Fractal Bitcoin | FB |
113. | Alephium | ALPH |
114. | Kaspa | KAS |
Ескертпе: Құны жариялануға жататын цифрлық активтер түрлерінің тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен цифрлық майнинг пулының өтініші негізінде толықтырылады.