БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлес, жәрдемақылар мен басқа да төлемдер төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 3 наурыздағы № 200 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32048 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай ризық, жәрдемақылар мен басқа да төлемақыларды төлеу қағидаларында:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Әскери қызметшіге тиесілі және оған уақтылы төленбеген немесе мөлшерден аз төленген ақшалай ризық талап мерзімінің өтуі шегінде әскери қызметшінің оған құқығы болған барлық кезең үшін төленеді.
Жеке істерде есеп алынбаған қызмет мерзімдері расталған жағдайда лауазымдық айлықақы мөлшерін анықтау үшін жаңадан белгіленген мөлшердегі ақшалай ризық:
әскери қызметші растайтын құжаттарды уақтылы ұсынбаған жағдайда өткен кезеңді қайта есептемей, өтілін белгілеу жөніндегі хаттамаға қол қойған күннен бастап;
әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) уақтылы расталған қызмен кезеңін есептемеген жағдайда барлық қызмет кезеңі үшін төленеді.
Ұсынылған құжаттарды қарау және жаңадан белгіленген мөлшерлер бойынша төлем жүргізу күнтізбелік 30 күн ішінде жүзеге асырылады.
6. Атқаратын лауазымдарын әскери қызметшілерге арналған лауазымдарға жатқызуға және әскери қызметшілердің өтілі мен әскери атағы бойынша жалақысына байланысты лауазымдық жалақының мөлшері Еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес айқындалады.
Келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің лауазымдық айлықақысының мөлшерін айқындау үшін әскери бөлімде (республикалық мемлекеттік мекемеде) лауазымдық айлықақыны белгілеуге құқық беретін қызмет өтілін есептеу жөнінде комиссиялар құрылады. Әскери бөлімдегі (республикалық мемлекеттік мекемедегі) комиссияның құрамына қаржы, заң, кадр бөлімшелерінің лауазымды адамдары (кадр бөлімшесі болмаған жағдайда – жеке құрамның есебін жүргізетін адамдар) енгізіледі.
Комиссияның қызмет өтілін есептеу туралы шешімі жаңадан келген әскери қызметші лауазымға тағайындалғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. Комиссия отырысының хаттамасынан үзінді екі данада жасалады (бір данасы – кадр бөлімшесіне, екіншісі – қаржы бөлімшесіне).
Штатта қосарлы атауы бар лауазымдар бойынша лауазымдық айлықақы лауазымның бірінші атауы бойынша белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 7-1-тармақтармен толықтырылсын:
"7-1. Резервте әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерге (бұдан әрі – резервтегі әскери адамдар) ақшалай төлемдер Әскери қызмет туралы Заңның 44-бабының 1-1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Ақшалай төлемдерді резервтегі әскери адамдар резервте қызмет өткеру үшін кірген әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге ақшалай ризық төлеумен бір мезгілде ай сайын әскери бөлім командирінің (бастығының) бұйрығы негізінде жүзеге асырады.";
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"34. Әскери қызметші қарамағында болуына байланысты алу тоқтатылған ақшалай жабдықталым және сыныптық біліктілігі үшін үстемеақы төлеу:
1) лауазымға тағайындалғанға – лауазымға тағайындау туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап, бұл ретте тағайындау туралы бұйрыққа қол қойған күннен бастап және әскери лауазым бойынша міндеттерді атқаруға кіріскен күнге дейінгі кезең үшін бұдан бұрын атқарған лауазымдары бойынша ақшалай ризық төленеді;
2) бос әскери лауазым бойынша міндеттерді атқаруға уақытша жіберілгенге – әскери лауазым бойынша міндеттерді уақытша атқаруға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап және әскери лауазым бойынша міндеттерді атқарудан босатылған күнге дейінгіні қоса алғанда;
3) магистрантқа, докторантқа, адъюнктке және әскери резидент-дәрігерге, сондай-ақ күндізгі оқу нысаны бойынша әскери оқу орнына қабылданған курсантқа – оқуға жіберу туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап;
4) емделуге жiберiлген адамға – жiберiлген күннен бастап, бұл ретте ақшалай жабдықталым мен сыныптық бiлiктiлiк үшiн үстемеақы қарамағында тұрған жерге оралған күнді қоса алғанда, ал әскери-дәрiгерлiк комиссияның шешiмi бойынша науқастануы бойынша демалысқа кеткен адамға демалыс аяқталған күнді қоса алғанда төленедi;
5) жыл сайынғы демалысқа кеткен адамға – демалысқа кеткен күннен бастап, бұл ретте ақшалай жабдықталым және сыныптық біліктілік үшін үстемеақы демалыс аяқталған күнге дейінгіні қоса алғанда төленеді.";
мынадай мазмұндағы 47-1-тармақпен толықтырылсын:
"47-1. Ұшқыш әскери-есептік мамандығына сәйкес келетін лауазымда әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге және авиациялық техникаға қызмет көрсету жөніндегі авиациялық жерүсті маманының лауазымында қызмет өткеретін әскери қызметшіге нақты алатын лауазымдық айлықақысына үстемеақы сыныптық біліктілігі берілген, жоғарлатылған, расталған, төмендетілген және сақталған күннен бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 267) тармақшасына сәйкес бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы авиациялық персоналының сыныптық біліктілігін беру (растау және төмендету) туралы нұсқаулықта айқындалған лауазымды адамдардың бұйрығы негізінде төленеді.";
84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"84.Келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіге əскери қызметте болудың шекті жасына толуы, денсаулық жағдайы бойынша не әскери бөлім (мекеме) штаттарының қысқартылуына байланысты əскери қызметтен шығарылған кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысы еңбек сіңірген жылдары:
күнтізбелік 10 жылдан аз болғанға – үш айлық ақшалай қаражат;
күнтізбелік 10 жылдан 15 жылға дейін – төрт айлық ақшалай қаражат;
күнтізбелік 15 жылдан 20 жылға дейін – бес айлық ақшалай қаражат;
күнтізбелік 20 жылдан 25 жылға дейін – алты айлық ақшалай қаражат;
күнтізбелік 25 жылдан 30 жылға дейін – жеті айлық ақшалай қаражат;
күнтізбелік 30 жылдан астам болғанға – сегіз айлық ақшалай қаражат мөлшерінде төленеді.
Келісімшарт бойынша əскери қызметке қайта кірген кезде жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысының мөлшері, осы жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысы бұрын әскери қызметтен не азаматтық қорғау органдарындағы қызметтен Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарынан қызметтен шығарылған кезде төленбеген жағдайларды қоспағанда, бұрын төленген жұмыстан шығу (біржолғы) жəрдемақысы ескеріле отырып айқындалады.
Тиесілі жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшері бұрын төленген жұмыстан шығу жəрдемақысының мөлшерімен тең болған жағдайда жұмыстан шығу жәрдемақысы қайта төленбейді.
Жауынгерлік іс-қимылдарға, терроризмге қарсы және (немесе) бітімгершілік операцияларына қатысқаны үшін Қазақстан Республикасының немесе бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының орденімен (ордендерімен) марапатталған әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшері ақшалай қаражаттың екі айлықақысына ұлғайтылады.";
85-тармақ алынып тасталсын;
86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"86. Әскери қызметшіге жұмыстан шығу жәрдемақысын қызметтен шығарылған адаммен түпкілікті есеп айырысқан және оған қызметтен шығару туралы құжаттар берілген кезде әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) төлейді.
Жұмыстан шығу жәрдемақысының мөлшерін есептеу үшін еңбек сіңірген жылдары әскери бөлімнің (республикалық мемлекеттік мекеменің) кадр бөлімшесі берген анықтаманың негізінде айқындалады.";
4-бөлім мынадай мазмұндағы 8-1-параграфпен толықтырылсын:
"8-1-параграф. Әскери қызметшіге (мерзімді әскери қызметтің қызметшісін, әскери оқу орнынының курсантын және кадетін, әскери жиындарға шақырылған әскри міндеттіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні қоспағанда) далалық төлемдер
102-1. Әскери қызметшіге (мерзімді әскери қызметтің қызметшісін, әскери оқу орнынының курсантын және кадетін, әскери жиындарға шақырылған әскри міндеттіні, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшіні қоспағанда) далалық төлемдер уәкілетті мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен, тұрақты тұрғылықты жерінен тыс орналасқан жеріне қарамастан, далалық шығуда (арнаулы далалық жұмыстарды қоспағанда), теңізге шығуда болғаны үшін, оқу-жаттығуларға немесе кемелердің жорықтарына қатысқаны үшін іссапар шығыстары төленбестен, тәулігіне 1,2 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жүзеге асырылады.
102-2. Далалық төлемдер әскери бөлім (республикалық мемлекеттік мекеме) командирінің (бастықтың) далалық шығуды өткізу туралы бұйрығы негізінде төленеді. Бұл ретте төлем далалық шығу аяқтағаннан кейін және әскери қызметші әскери қызмет өткеру орнына оралғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
Бұйрықта әскери қызметшілердің далалық шығуда болу мерзімі көрсетіледі, әскери атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және атқаратын лауазымы көрсетілген тізімі болады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі | Е. Саденов |