БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 545 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13714 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және пошта жөнелтілімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қағидаларында:
7-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату кезінде тасымалдаушы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сатуды ұйымдастырғаны үшін 0,06 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Жолаушы жол жүру құжаттарын (билеттерін) қайта ресімдегені үшін тасымалдаушымен 0,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады.";
79-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Пойыздарда орындарды резервтеу үшін тасымалдаушымен:
1) жолаушылардың ұйымдасқан топтарын тасымалдау үшін 0,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) балалардың ұйымдасқан топтары үшін 0,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады. Бөлінген орындардан бас тартылған жағдайда, төленген алым қайтарылмайды.";
253-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"253. Жолаушының жол жүруден бас тартуына байланысты жол жүру құжатын (билетін) қайтару операциясы үшін тасымалдаушымен 0,1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады.";
264-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Зақымдалған және жоғалған жол жүру құжаттарын (билеттерін) қалпына келтіргені үшін жолаушы тасымалдаушыға 0,2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым төлейді.".
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және даму агенттігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі