БҰЙЫРАМЫН:
1. "Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы № 707 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32911 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, оның ішінде ақылы негізде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу қағидаларында:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) күту аймағы – өткізу пунктіне тікелей жақын жерде орналасқан, өткізу пунктінің тәуліктік өткізу қабілеті негізінде анықталатын сыйымдылығы бар және ЭКЖ-да тіркелген көлік құралдарын орналастыруға арналған арнайы жабдықталған алаң, ол Қазақстан Республикасының жер қатынастары, мемлекеттік сатып алулар немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылады;";
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) қайталама брондау – бұрын брондалған кезектің күшін жою, ауыстыру немесе жою нәтижесінде босап қалған өткізу пунктіне келу және кіру күні мен уақытын жеке немесе заңды тұлға мен оның көлік құралына ЭКЖ арқылы бекіту процесі.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Көлік құралдарының, жүктер мен тауарлардың мынадай санаттарына қатысты:
1) "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған тағайындалған пошта операторы – брондаудың болжамды күніне дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей көлік құралдарының тізімін МКО-ға алдын ала жолдаған жағдайда;
2) жануарлар, тез бүлінетін, қауіпті жүктер, сондай-ақ Қазақстан экспорттық жүктері – Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодексіне сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссияның шешімдерімен бекітілген нысандар бойынша ресімделген тауарларға арналған декларация немесе транзиттік декларация, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ пен Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес транзиттік декларация ретінде пайдаланылатын құжаттар болған жағдайда және тек көрсетілген жүктер тасымалданған жағдайда;
3) гуманитарлық, әскери жүктер, сондай-ақ шет мемлекеттің үкіметінен дипломатиялық арна арқылы ресми өтініш бойынша – мемлекеттік органдар көлік құралдарының тізімін брондаудың болжамды күніне дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей МКО-ға алдын ала жолдаған жағдайда.
Мемшекара арқылы кезектен тыс өтуге арналған броньдаулар саны бір жұмыс күні ішінде электрондық кезек жүйесінде көрсетілген тиісті өткізу пунктінің нақты тәуліктік өткізу қабілетінің шекті мөлшерінен аспауға тиіс, атап айтқанда: осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген негіздер бойынша — бір пайыздан, 2) тармақшасы бойынша — бес пайызға дейін, ал 3) тармақшасы бойынша — бес пайыздан аспауы керек.
Брондау күні кезектегі бос орындар (осы тармақта көрсетілген негіздер бойынша) жалпы тәртіппен брондау үшін қолжетімді болады.";
мынадай мазмұндағы 6-1 және 6-2-тармақпенр толықтырылсын:
"6-1. "Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы, сондай-ақ оларды электрондық кезек бойынша өткізу үшін төлемақы мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрінің 2023 жылғы 25 мамырдағы № 538 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32584 болып тіркелген) сәйкес Мемшекара арқылы жеделдетілген тәртіппен өткізу үшін төлем жасаған тұлғалар (заңды, жеке) үшін өткізу пунктінде ЭКЖ-да жеделдетілген тәртіппен көлік құралдарының кіруін тіркеуді жүзеге асырылады.
Мемшекара арқылы жеделдетілген өткізу үшін брондау саны бір жұмыс күні ішінде ЭКЖ-да тиісті өткізу пунктінің нақты тәуліктік өткізу мүмкіндігінің бір пайызынан аспауға тиіс.
6-2. Пайдаланушы ЭКЖ-ге енгізген деректерді тексеру нәтижелері бойынша пайдаланушы анық емес деректер көрсеткен жағдайда, тіркеуші пайдаланушының есепке алу жазбасына қол жеткізуді бұғаттайды.
Осы Қағидалардың осы тармағына және 28-тармағына сәйкес тіркеуші қызметкерлерінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым тіркеушінің басшысының атына берілуі мүмкін.
Тіркеушінің атына келіп түскен пайдаланушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа жүгіну сотқа дейінгі тәртіппен шағымданудан кейін жол беріледі.";
10 және 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Автомобиль көлік құралдарының өткізу пунктіне кіруі және өткізу пунктінен шығуы және Мемшекарадан кесіп өтуі, өтіп бара жатқан көлік құралдарының фототіркелуін, тіркеу нөмірлерін одан әрі тануды және өңдеуді қамтамасыз ететін көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (бұдан әрі – тіркеу нөмірі) оқу камерасын қолдана отырып жүзеге асырылады.
Мемшекараны кесіп өткен автомобиль көлік құралдарының тіркеу нөмірлерін үздіксіз оқу, сақтау, тіркеу нөмірлерінің деректер базасын жүргізу, қорғалған интернет байланысы/байланыс арнасы арқылы ЭКЖ-мен интеграцияланған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
11. Автомобиль көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды ЭКЖ-ны пайдалана отырып өткізу, ЭКЖ-да электрондық кезек жүйесін брондау кезінде пайдаланушы енгізген деректер мен мәліметтер автокөлік құралының тіркеу нөміріне сәйкес болған жағдайда МКО-ның автоматты шлагбаум немесе МКО-ның пультімен интеграциялау арқылы ЭКЖ қолданысқа әкелетін басқа да тосқауыл құрылғылары қолдану арқылы жүзеге асырылады.";
15-тармақтың 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін және пайдаланылатын электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолдану арқылы не болмаса растау кодын СМС немесе мессенджерлер арқылы жіберу жолымен;";
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) ЭКЖ-ның "Автомобиль" мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы тиісті сәйкестендіру нөмірі (VIN) бар көлік құралын мемлекеттік тіркеудің болуы;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) сақтанушыны, сақтандырылушыны (жүргізушіні), пайда алушыны көрсете отырып, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру шартының (шарттарының), осындай шарттың қолданылу мерзімінің, көлік құралының (шассидің) сәйкестендіру нөмірінің (VIN) және ЭКЖ-ның Бірыңғай сақтандыру деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы Мемшекарада мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті басқа да деректердің болуын;";
мынадай мазмұндағы 17-1) және 17-2) тармақшаларымен толықтырылсын:
"17-1) пайдаланушының Мемшекара арқылы автомобиль көлік құралдарын өткізу бойынша ЭКЖ-да броньды пайдаланғаны үшін есепке алу жазбасына (дербес шотына) кепілдік қамтамасыз ету (жарна) сомасын бұғаттау;
17-2) автомобиль көлік құралдарының Мемшекара арқылы кесіп өткені туралы мәліметтердің болуы ЭКЖ-нің мемлекеттік ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы қамтамасыз етіледі;";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. ЭКЖ енгізілген ақпаратты:
1) осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 4), 5), 8), 10), 14), 15), 16), 17), 17-1), 17-2) және 18) тармақшасында көрсетілген деректерді автоматты түрде салыстыруды Қазақстан Республикасының бейрезиденттерге қатысты жүзеге асырады;
2) осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7),8), 9), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17-1), 17-2) және 18) тармақшасында көрсетілген деректерді автоматты түрде салыстыруды Қазақстан Республикасының резиденттерге қатысты жүзеге асырады.
ЭКЖ Осы Қағидалардың 18-тармағының 10) және 17) тармақшасында көрсетілген деректер бойынша Қазақстан Республикасының резиденттеріне жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұлдың және/немесе ақылы автомобиль жолдары (учаскелері) бойынша жол жүргені үшін берешектің болуы туралы хабарлама жіберіледі.";
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Көлік құралының шектес елге шығу үшін Мемшекара арқылы өткізу пунктіне кіру күні мен уақытын ЭКЖ-да брондауға осы және осындай шектес ел бойынша басқа өткізу пункттерінде осы көлік құралы бойынша белсенді бронь болмаған кезде жол беріледі.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Электрондық кезек және кепілдік қамтамасыз ету (жарна) бойынша автомобиль көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды Мемшекара арқылы өтуі үшін ақы төлеуді пайдаланушы ЭКЖ тіркеушісінің есеп шотына қолма-қол ақшасыз тәсілмен ақша қаражатын енгізу жолымен жүзеге асырады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Пайдаланушының кінәсі бойынша туындаған өткізу қызметін орындау мүмкін болмаған кезде (көлік құралының күту аймағына кіру күні мен уақытын брондағаннан кейін пайдаланушы өткізу қызметінен бас тартуы, ЭКЖ көлік құралының бронды алып тастау, сондай-ақ ЭКЖ-да белгіленген күту аймағынан көлік құралының уақытылы кетпеуі және/немесе көлік құралының күту аймағынан өткізу пунктіне уақытылы келмеуі кезінде), өткізу қызметі толық көлемде төленуге тиіс, ал пайдаланушы төлеген ақша қаражаты қайтарылуға жатпайды.
Мемлекеттік шекара арқылы автомобиль көлік құралдарын өткізуге арналған ЭКЖ-да броньды пайдалану үшін кепілдік қамтамасыз ету (жарна) бронь нақты түрде пайдаланылған жағдайда (автомобиль көлік құралының өткізу пунктінен өтуі), оның ішінде ЭКЖ-ның мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялық өзара әрекеттесуі арқылы расталған кезде, пайдаланушының жеке шотында бұғаттан шығарылады (пайдаланушының келесі броньдауында қайта пайдалануы немесе оған қайтарылуы үшін).
Сонымен қатар, 90 (тоқсан) күнтізбелік күн ішінде, брондаудың күні мен уақытына сәйкес автокөлік құралының өткізу пунктіне келмеген немесе көрсетілген мерзім ішінде броньдаушы тұлғамен броньдау 1 (бір) рет кері қайтарылған жағдайда кепілдік қамтамасыз ету (жарна) толық көлемде бұғаттан шығарылуы мүмкін.
Бұрын брондалған кезекті ЭКЖ-да басқа күнге және Мемшекараны кесіп өту уақытын 1 (бір) рет ауыстыру ЭКЖ-ны пайдалана отырып, Мемшекара арқылы автомобиль көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу қайта ақы төлемей жүргізіледі.
Бұрын брондалған кезектің күшін жою, ауыстыру немесе жою салдарынан босап қалған күн мен уақытқа броньды ауыстыруға (қайта брондауға) жол берілмейді.";
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"31. Көлік құралының өткізу пунктіне кіруі ЭКЖ қалыптастырылған кезектілік тәртібімен жүзеге асырылады және (бар болған жағдайда) күту аймағынан кіруге рұқсат етіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында ол ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті