ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 01.01.2026 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 20-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық және кеден заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі | М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 492 бұйрығына 1 қосымша |
Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тiзбесi
1. Андорра Княздігі.
2. Антигуа және Барбуда.
3. Багам Аралдары Достастығы.
4. Барбадос.
5. Бахрейн Корольдігі.
6. Белиз.
7. Бруней Даруссалам.
8. Вануату Республикасы.
9. Гайана Кооператив Республикасы.
10. Гватемала Республикасы.
11. Гренада.
12. Джибути Республикасы.
13. Доминика Республикасы.
14. Доминика Достастығы.
15. Испания Корольдігі (Канар аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
16. Қытай Халық Республикасы (Аомынь (Макао) және Сянган (Гонконг) арнайы әкімшілік аудандарының аумақтары бөлігінде ғана).
17. Колумбия Республикасы.
18. Комор Аралдары Достастығы.
19. Коста-Рика Республикасы.
20. Малайзия (Лабуан анклавы аумағы бөлігінде ғана).
21. Либерия Республикасы.
22. Ливан Республикасы.
23. Маврикий Республикасы.
24. Мавритания Ислам Республикасы.
25. Португалия Республикасы (Мадейра аралдарының аумағы бөлігінде ғана).
26. Мальдив Республикасы.
27. Маршалл аралдары Республикасы.
28. Монако Князьдігі.
29. Мальта.
30. Солтүстік Мариан Аралдары Достастығы.
31. Марокко Корольдігі (Танжер қаласы аумағы бөлігінде ғана).
32. Мьянма Одағы Республикасы.
33. Науру Республикасы.
34. Нидерланды Корольдігі (Аруба аралының аумағы мен Антиль аралдарының тәуелді аумақтары бөлігінде ғана).
35. Нигерия Федеративтік Республикасы.
36. Жаңа Зеландия (Кук және Ниуэ аралдарының аумақтары бөлігінде ғана).
37. Палау Республикасы.
38. Панама Республикасы.
39. Самоа Тәуелсіз Мемлекеті.
40. Сан-Марино Республикасы.
41. Сейшель Аралдары Республикасы.
42. Сент-Винсент және Гренадины.
43. Сент-Китс және Невис Федерациясы.
44. Сент-Люсия.
45. Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі (мына аумақтар бөлігінде ғана):
1) Ангилья аралдары;
2) Бермуд аралдары;
3) Британдық Виргин аралдары;
4) Гибралтар;
5) Кайман аралдары;
6) Монтсеррат аралы;
7) Теркс және Кайкос аралдары;
8) Мэн аралы;
9) Норманд аралдары (Гернси, Джерси, Сарк, Олдерни аралдары);
10) Оңтүстік Георгия аралы;
11) Оңтүстік Сэндвич аралдары;
12) Чагос Архипелагы.
46. Америка Құрама Штаттары (мына аумақтар бөлігінде ғана):
1) Құрама Штаттарының Виргин аралдары;
2) Гуам аралы;
3) Пуэрто-Рико Достастығы;
4) Вайоминг штаты.
47. Суринам Республикасы.
48. Біріккен Танзания Республикасы.
49. Тонга Корольдігі.
50. Тринидад және Тобаго Республикасы.
51. Фиджи Республикасы.
52. Филиппин Республикасы.
53. Француз Республикасы (мына аумақтар бөлігінде ғана):
1) Кергелен аралдары;
2) Франциялық Полинезия;
3) Франциялық Гвиана.
54. Черногория.
55. Шри-Ланка Социалистік Демократиялық Республикасы.
56. Ямайка.
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 492 бұйрығына 2 қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16404 болып тіркелді).
2. "Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі № 920 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21289 болып тіркелді).
3. "Жеңілдікті салық салынатын мемлекеттер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 142 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 30 қарашадағы № 1215 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30877 болып тіркелді).