ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың үлгілік нысаны (бұдан әрі – № 1 Шарттың үлгілік нысаны);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың үлгілік нысаны (бұдан әрі – № 2 Шарттың үлгілік нысаны) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Мыналар бойынша белгіленсін 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап:
1) № 1 шарттың үлгілік нысанының 4-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады:
"13) осы шартты және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын орындауға, сондай-ақ уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес осы Шарттың және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының талаптарының орындалуы туралы ақпаратты аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі арқылы беруге;";
2) № 2 шарттың үлгілік нысанының 4-тармағының 13) тармақшасы мынадай редакцияда қолданылады:
"13) осы шартты және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын орындауға, сондай-ақ осы Шарттың және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының талаптарының орындалуы туралы ақпаратты уәкілетті орган бекіткен қағидаларға сәйкес аквашаруашылық ақпараттық жүйесі арқылы беруге;".
5. Осы бұйрық 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін № 1 Шарттың үлгілік нысанының 4-тармағы 9) тармақшасын және № 2 Шарттың үлгілік нысанының 4-тармағы 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы |
А. Султанов |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 292 бұйрығына 1-қосымша |
Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың үлгілік нысаны
_________________ 20 __ жылғы "___" ___________
(елді мекен)
Бұдан әрі "Аумақтық бөлімше" деп аталатын "__________________________________
__________________________________________________________________________
(аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық
бөлімшесінің атауы)
____________________________________________________" республикалық мемлекеттік мекемесі
атынан __________________________________________________________ негізінде әрекет ететін
_______________________________________________________________________ бір тараптан және
бұдан әрі "Аквашаруашылық субъектісі" деп аталатын __________________________
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі
немесе заңды тұлғаның атауы)
атынан _________________________________________ негізінде әрекет ететін
__________________________________________________екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталып, аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының/Аумақтық бөлімшесінің көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдын(дар)ын және (немесе) учаске(лер)ін бекітіп беру туралы 20___ жылғы "___" __________ № _________ шешімі негізінде осы Көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шартты (бұдан әрі – Шарт) төмендегілер туралы жасасты:
1-тарау. Шарттың нысанасы
1. Аумақтық бөлімше көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдын(дар)ы және (немесе) учаске(лер)і паспортына сәйкес Аквашаруашылық субъектісіне оларға бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдын(дар)ында және (немесе) учаске(лер)інде көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыру құқығын береді.
2-тарау. Тараптардың құқықтары
2. Аквашаруашылық субъектісі "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес:
1) аквашаруашылыққа арналған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды, балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін және өсірілген аквашаруашылық объектілерін, оның ішінде олардан алынған өнімді меншіктенуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда аквашаруашылық мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, инженерлік коммуникациялар тартуды қоса алғанда, су қорғау белдеуінде балық өсіру объектілерін, балық өсіру тоғандарын салуға және пайдалануға, балық өсіру бассейндерін орналастыруға;
4) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иелерінен және (немесе) жер пайдаланушылардан сервитут беруді талап етуге;
5) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес арнайы су пайдалануға, оның ішінде ұңғымаларды (құдықтарды) бұрғылауға;
6) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес ұсынылатын аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға;
7) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінен мәліметтерді алуға және пайдалануға;
8) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесіне өтеусіз қол жеткізуге;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аквашаруашылыққа арналған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды, балық өсіру тоғандарын салуға және пайдалануға, балық өсіру бассейндерін орналастыруға;
10) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес Аумақтық бөлімшеге осы Шартқа және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
11) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемеге (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) сәйкес балық өсіруге арналған арнаулы құрылғыларды (тор қоршамаларды) орнатуға;
12) әуесқой (спорттық) балық аулауды ұйымдастыруға;
13) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Аумақтық бөлімше:
1) осы Шартты:
Аквашаруашылық субъектісі аквашаруашылықты жүргізуден өз еркімен жазбаша түрде бас тартқанда;
Аквашаруашылық субъектісінің қызметі тоқтатылғанда;
Аквашаруашылық субъектісі осы Шарттың талаптарын және (немесе) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасының талаптарын күнтізбелік екі жыл ішінде үш рет және (немесе) одан да көп бұзғанда;
осы Шарттың 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген міндеттемелер орындалмағанда;
мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылғанда мерзімінен бұрын бұзуға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
4. Аквашаруашылық субъектісі Заңға сәйкес:
1) биологиялық негіздемеде көзделген аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыруға;
2) аквашаруашылықты су биологиялық ресурстарына және оларды қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен және әдістермен жүргізуді қамтамасыз етуге;
3) осы Шарт жасалған сәттен бастап күнтізбелік бір жылдың ішінде Заңның 10-бабы 4-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу қағидаларына сәйкес балық өсіру-биологиялық негіздеменің әзірленуін және Аумақтық бөлімшемен келісуін қамтамасыз етуге;
4) биологиялық негіздемені келіскен күннен бастап бір ай ішінде Аумақтық бөлімшемен келісу бойынша Заңның 10-бабы 4-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес аквашаруашылық субъектілерін дамыту жоспарын бекітуге;
5) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсынуға;
6) қарсы міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат беруге;
7) су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөгде немесе генетикалық түрлендірілген түрлерін интродукциялауға жол бермеуге;
8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қағидалар мен талаптарды сақтауға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі9) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі осы бұйрықтың 5-т. сәйкес.
9) Заңның 6-бабы 1-тармағы 7) тармақшасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде тіркелуге;
10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаны жіберуге;
11) Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жәрдемдесуге;
12) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес ортақ пайдаланудағы жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермеуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі13) тармақша жаңа редакцияда көзделген осы бұйрықтың 4-т. сәйкес (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі).
13) осы шартты және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын орындау, сондай-ақ аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша осы Шарттың және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының талаптарының орындалуы туралы ақпарат беру;
14) заңды тұлғаны біріктіру, қосу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, осы Шарт бойынша үшінші тұлғаларға құқықтар мен міндеттемелерді тапсыруға және (немесе) беруге және (немесе) мұндай құқықтар мен міндеттемелердің мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға ауысуына жол бермеуге;
15) аквашаруашылық объектілерінің заңсыз аулануына жол бермеу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін күзетуді қамтамасыз етуге;
16) Аумақтық бөлімшеге Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес бақылау үшін аулауды жүзеге асыру құқығын беруге;
17) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес аншлагтар орнатуға;
18) Қазақстан Республикасының су және экология заңнамасында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалауларын пайдаланылатын жерлерде оларды күтіп-ұстауға;
19) осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған немесе оның мерзімі өткен жағдайда, аквашаруашылық үшін тұрғызылған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды қисынды мерзімдерде демонтаждауды, бұзып тастауды жүзеге асыруға;
Ескерту. 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі – осы бұйрықтың 5-тармағымен.
20) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынына аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына сәйкес балық жіберуді жүргізуге;
21) бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдынында Қазақстан Республикасының су заңнамасына және Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес балық шаруашылығы мелиорациясын жүргізуге;
22) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес биологиялық негіздеме негізінде балық шаруашылығы су айдынының ихтиофаунасын толық және (немесе) ішінара ауыстыруды жүзеге асыруға;
23) өз қызметі нәтижесінде жануарлардың тіршілік ету ортасының экологиялық жай-күйінің нашарлауына жол бермеуге, өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде табиғат қорғау технологияларын қолдануға;
24) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
25) аурулардың профилактикасы және оларға қарсы күрес жөніндегі кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарды, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды жануарлар ауруларының анықталуы, олардың мекендеу ортасының жай-күйінің нашарлауы, жойылу қаупінің туындауы туралы және жануарлар өлген жағдайларда дереу хабардар етуге;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
5. Аумақтық бөлімше:
1) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес Аквашаруашылық субъектісінің осы Шартқа және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстарын қарастыруға;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.
4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі
6. Тараптар осы Шартқа және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы Шарттың талаптарының толық немесе дұрыс орындалуына жауапты болады.
5-тарау. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары
7. Егер Шарттың қандай да бір міндеттемелерін орындамау немесе тиісінше орындамау еңсерілмейтін күштің мән-жайларынан туындаса, онда Тараптардың ешқайсысы оны орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
8. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған жағдайда, олар туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардан зардап шеккен Тарап бұл туралы еңсерілмейтін күштің мән-жайларының туындаған күні мен сипаттамасын көрсете отырып, жазбаша хабарлама жіберу арқылы екінші Тарапты дереу хабардар етеді.
9. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары туындаған кезде Тараптар қалыптасқан жағдайдың шешімін табу үшін дереу келіссөздер жүргізеді және осындай жағдайлардың салдарын барынша азайту үшін барлық құралдарды пайдаланады.
10. Еңсерілмейтін күштің мән-жайлары тиісті құзыретті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың құжаттарымен расталады.
6-тарау. Шартты мерзімінен бұрын бұзу талаптары
11. Осы Шарттың қолданысы:
1) аквашаруашылықты жүргізуден ерікті түрде жазбаша бас тартылғанда;
2) Аквашаруашылық субъектісінің қызметі тоқтатылғанда;
3) осы Шарттың талаптары және (немесе) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасының талаптары күнтізбелік екі жыл ішінде үш рет және (немесе) одан да көп бұзылғанда;
4) осы Шарттың 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген міндеттемелер орындалмағанда;
5) мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылғанда мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін.
12. Аквашаруашылық субъектісі қызметі тоқтатылған жағдайда күнтізбелік он күн ішінде жазбаша хабарлама жіберу арқылы Аумақтық бөлімшеге қызметін тоқтатқаны туралы хабарлайды.
7-тарау. Дауларды қарау талаптары
13. Осы Шарттың талаптарын орындау кезінде туындауы мүмкін Тараптар арасындағы барлық даулар келіссөздер жолымен шешіледі.
14. Келіссөздер жолымен реттелмеген даулар сот тәртібімен шешіледі.
8-тарау. Шарттың ерекше талаптары
15. Осы Шарт мемлекеттік және орыс тілдерінде бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.
16. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша нысанда жасалса және екі Тараптың уәкілетті өкілдері қол қойса, онда олар заңды күшке ие және оның ажырамас бөлігі болып табылады.
17. Осы Шартқа сәйкес бір Тарап екінші Тарапқа жіберетін кез келген хабарлама тапсырылғаны туралы хабарламамен не электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қойылған электрондық құжат арқылы не тіркеуді қамтамасыз ететін өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып, тапсырысты почта жөнелтілімі нысанында жіберіледі.
9-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі
18. Осы Шарт қол қойылған сәттен бастап күшiне енедi және су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде анықталған____ жыл мерзiмге (он жылдан қырық тоғыз жылға дейін) жасалынады.
10-тарау. Тараптардың заңды мекенжайлары, деректемелері және қолтаңбалары
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 292 бұйрығына 2-қосымша |
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарттың үлгілік нысаны
_________________ 20 __ жылғы "___" ___________
(елді мекен)
Бұдан әрі "Аумақтық бөлімше" деп аталатын "_____________________________________
________________________________________________________________________________
(аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшесінің атауы)
______________________________________________" республикалық мемлекеттік мекемесі
атынан _______________________________________________________ негізінде әрекет ететін
________________________________________________________________ бір тараптан және
бұдан әрі "Аквашаруашылық субъектісі" деп аталатын _________________________________
________________________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғаның атауы)
атынан _________________________ негізінде әрекет ететін ______________________екінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталып, аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган ведомствосының/Аумақтық бөлімшесінің тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдын(дар)ын және (немесе) учаске(лер)ін бекітіп беру туралы 20___ жылғы "___" __________ №____шешімнің негізінде осы Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шартты (бұдан әрі – Шарт) төмендегілер туралы жасасты:
1-тарау. Шарттың нысаны
1. Аумақтық бөлімше тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін балық шаруашылығы су айдын(дар)ы және (немесе) учаске(лер)і паспортына сәйкес Аквашаруашылық субъектісіне оларға бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдын(дар)ында және (немесе) учаске(лер)інде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру құқығын береді.
2-тарау. Тараптардың құқықтары
2. Аквашаруашылық субъектісі "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес:
1) аквашаруашылыққа арналған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды, балық өсіру тоғанын, балық өсіру бассейнін және өсірілген аквашаруашылық объектілерін, оның ішінде олардан алынған өнімді меншіктенуге;
2) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда аквашаруашылық мұқтажы үшін жер учаскелерін алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ете отырып, инженерлік коммуникациялар тартуды қоса алғанда, су қорғау белдеуінде балық өсіру объектілерін, балық өсіру тоғандарын салуға және пайдалануға, балық өсіру бассейндерін орналастыруға;
4) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес бекітіп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде көл-тауар шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін жер учаскелерінің меншік иелерінен және (немесе) жер пайдаланушылардан сервитут беруді талап етуге;
5) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес арнайы су пайдалануға, оның ішінде ұңғымаларды (құдықтарды) бұрғылауға;
6) осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес ұсынылатын аквашаруашылықты мемлекеттік ынталандыру шараларын алуға;
7) коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды және Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны қамтитын мәліметтерді қоспағанда, аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінен мәліметтерді алуға және пайдалануға;
8) аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесіне өтеусіз қол жеткізуге;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес аквашаруашылыққа арналған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды, балық өсіру тоғандарын салуға және пайдалануға, балық өсіру бассейндерін орналастыруға;
10) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасына сәйкес Аумақтық бөлімшеге осы Шартқа және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар енгізуге;
11) арнаулы құрылғылар (тор қоршамалар) орнатылған орындарды кеме қатынасы қауіпсіздігіне және өзге де жүзу құралдарының қозғалысына кедергі келтірмейтін, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермейтін арқандармен және қалтқылармен қоршап қоюға;
12) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3. Аумақтық бөлімше:
1) осы Шартты:
Аквашаруашылық субъектісі аквашаруашылықты жүргізуден өз еркімен жазбаша түрде бас тартқанда;
Аквашаруашылық субъектісінің қызметі тоқтатылғанда;
Аквашаруашылық субъектісі осы Шарттың талаптарын және (немесе) Қазақстан Республикасының аквашаруашылық саласындағы заңнамасының талаптарын күнтізбелік екі жыл ішінде үш және (немесе) одан да көп рет бұзғанда;
осы Шарттың 4-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген міндеттемелер орындалмағанда;
мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесі мәжбүрлеп иеліктен шығарылғанда мерзімінен бұрын бұзуға;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
3-тарау. Тараптардың міндеттері
4. Аквашаруашылық субъектісі Заңға сәйкес:
1) аквашаруашылық саласындағы балық аулау-биологиялық-негіздемеде (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) көзделген аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызметті жүзеге асыруға;
2) аквашаруашылықты су биологиялық ресурстарына және оларды қоршаған ортаға зиян келтіруге жол бермейтін тәсілдермен және әдістермен жүргізуді қамтамасыз етуге;
3) осы Шарт жасалған сәттен бастап күнтізбелік бір жылдың ішінде Заңның 10-бабы 4-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздемені әзірлеу қағидаларына сәйкес балық өсіру-биологиялық негіздеменің әзірленуін және Аумақтық бөлімшемен келісуін қамтамасыз етуге;
4) биологиялық негіздемені келіскен күннен бастап бір ай ішінде Аумақтық бөлімшемен келісу бойынша Заңның 10-бабы 4-тармағына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысанға сәйкес аквашаруашылық субъектілерін дамыту жоспарын бекітуге;
5) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекітілген аквашаруашылық саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес әкімшілік деректерді ұсынуға;
6) қарсы міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат беруге;
7) су объектілерінде аквашаруашылық объектілерінің бөтен текті немесе генетикалық түрлендірілген түрлерін интродукциялауға жол бермеуге;
8) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарды, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қағидалар мен талаптарды сақтауға;
ЗҚАИ-ның ескертпесі9) тармақша 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі осы бұйрықтың 5-т. сәйкес.
9) Заңның 6-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекітетін аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесін жүргізу қағидаларына сәйкес аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесінде тіркелуге;
10) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаны жіберуге;
11) Қазақстан Республикасының экология заңнамасының талаптарын сақтауға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларға жәрдемдесуге;
12) Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес ортақ пайдаланудағы жерүсті су объектілерін пайдалануды шектеуге жол бермеуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі13) тармақша жаңа редакцияда көзделген осы бұйрықтың 4-т. сәйкес (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі).
13) осы шартты және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарын орындауға, сондай-ақ аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша осы Шарттың және аквашаруашылық субъектісін дамыту жоспарының талаптарының орындалуы туралы ақпарат беруге;
14) заңды тұлғаны біріктіру, қосу немесе қайта құру нысанында қайта ұйымдастыру жағдайларын қоспағанда, осы Шарт бойынша үшінші тұлғаларға құқықтар мен міндеттемелерді тапсыруға және (немесе) беруге және (немесе) мұндай құқықтар мен міндеттемелердің мұрагерлік бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібімен үшінші тұлғаға ауысуына жол бермеуге;
15) аквашаруашылық объектілерінің заңсыз аулануына жол бермеу мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін күзетуді қамтамасыз етуге;
16) Аумақтық бөлімшеге Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес бақылау үшін аулауды жүзеге асыру құқығын беруге;
17) Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасына сәйкес аншлагтар орнатуға;
18) Қазақстан Республикасының су және экология заңнамасында, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің жағалауларын пайдаланылатын жерлерде оларды күтіп-ұстауға;
19) өз қызметінің нәтижесінде жануарлардың тіршілік ету ортасының экологиялық жай-күйінің нашарлауына жол бермеуге, өндірістік процестерді жүзеге асыру кезінде табиғатты қорғау технологияларын қолдануға;
20) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мәселелері жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға;
21) аурулардың профилактикасы және оларға қарсы күрес жөніндегі кешенді іс-шараларды жүзеге асыруға, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдарды, балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті органды және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органды жануарлар ауруларының анықталуы, олардың мекендеу ортасының жай-күйінің нашарлауы, жойылу қаупінің туындауы туралы және жануарлар өлген жағдайларда дереу хабардар етуге;
22) осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған немесе оның мерзімі өткен жағдайда, аквашаруашылық үшін тұрғызылған ғимараттарды, құрылыстар мен өзге де құрылысжайларды, конструкцияларды қисынды мерзімдерде демонтаждауды, бұзып тастауды жүзеге асыруға;
23) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.