Балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 293 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 16 қыркүйекте № 36843 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 508-84) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған балық шаруашылығы субъектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
А. Султанов

  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің міндетін атқарушы
2025 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 293
бұйрығымен бекітілген

Балық шаруашылығы субьектілерін дамыту жоспарының үлгілік нысаны
________________________________________________________________
(балық шаруашылығы субьектісінің атауы)

Іс-шаралар атауы

Оның ішінде жылдар бойынша

Жиыны

Аяқталу нысаны

20_

20_

20_

1-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін кәсіптік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп беру кезінде

1-параграф. Балық ресурстарының және басқа да су жануарларының өсімін молайту жөніндегі іс-шаралар*

1.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ұсынымдарына сәйкес балықтардың құртшабақтарын жіберу**
(мың дана)





Сатып алу-сату шарты, балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілер

2.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ұсынымдары бойынша балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу, оның ішінде:
1) қатты өсімдіктерді шабу (гектар);
2) түбін тереңдету жұмыстарын жүргізу (метр³);
3) бөлініп кеткен су айдындарынан балықтарды құтқару (дана).





"Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Мемлекеттік статистика туралы заң) 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес балық шаруашылығын дамыту үшін пайдаланушылардың ағымдағы жылға жоспарланған қаржы құралдарын пайдалануы туралы) мәліметтер

3.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ұсынымдарына сәйкес балықтардың жаппай қырылуына қарсы iс-шаралар, оның ішінде қыс кезеңінде ойықтар бұрғылау, кескіндеме ою жүргізу (дана)





2-параграф. Аулау және өңдеу базаларын техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар

4.

Бөлінген квотадан қайта өңделген балық өнімінің (%)

30

50

70

70

Ветеринариялық анықтама немесе ветеринарлық сертификат, белгіленген көлемге сатып алу-сату шарты, төлем тапсырмасы

3-параграф. Балық аулауды реттеу жөніндегі іс-шаралар

5.

Балықтарды және басқа да су жануарларын алып қоюға бөлінген квоталарды игеру (100 %)





Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалағаны үшін төлем тапсырмасы.
Мемлекеттік статистика туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес пайдаланушылардың балық және басқа да су жануарларын аулау квотасын игеруі туралы мәліметтер

4-параграф. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын және олардың мекендейтін ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар

6.

Тірі табиғат объектілеріне және олардың мекендейтін ортасына жанашырлықпен қарау идеясын бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау (мақалалар, жарияланымдар саны), сондай-ақ білім беру орталықтарында (мектеп, жоғары оқу орындары)

1

1

1

1

Мақалалар, эфирлік анықтамалар, білім беру орталықтарында өткізілген іс шаралар туралы анықтама.

7.

кірме жолдарда аншлагтарды, ақпараттық тақтайшаларды, ескерту белгілерін, және маңдайшаларды орнату және жаңарту (дана)





Орындалған жұмыстар актілері

5-параграф. Ғылыми жұмыстар

8.

Үш жылда бір рет халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қоспағанда балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жай-күйіне зерттеу жүргізу (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме), балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің паспортын өзектендіру





Ғылыми ұйымдармен жасалған шарт, орындалған жұмыстар актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

6-параграф. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған іс-шаралар

9.

Қазақстан Республикасының азаматтарына жұмыс орындарын құру (адамдар саны)

5

5

5

5

Еңбек шарты

2-тарау. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін әуесқойлық (спорттық) балық аулау жүргізу үшін бекітіп беру кезінде

1-параграф. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларының өсімін молайту жөніндегі іс-шаралар*

10.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ұсынымдарына сәйкес балықтардың құрт шабақтарын жіберу **(мың дана)





Сатып алу-сату шарты, балық отырғызу материалы үшін ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы, түрлері бойынша балық жіберу туралы актілер

11.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ұсынымдары бойынша балық шаруашылығы мелиорациясы жөніндегі жұмыстарды жүргізу, оның ішінде:
1) қатты өсімдіктерді шабу (гектар);
2) бөлініп кеткен су айдындарынан балықтарды құтқару (дана)





Мемлекеттік статистика туралы заңның 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес балық шаруашылығы саласындағы әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарға сәйкес балық шаруашылығын дамыту үшін пайдаланушылардың ағымдағы жылға жоспарланған қаржы құралдарын пайдалануы туралы мәліметтер

12.

Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымның ұсынымдарына сәйкес балықтардың жаппай қырылуына қарсы iс-шаралар, оның ішінде қыс кезеңінде ойықтар бұрғылау, кескіндеме ою жүргізу (дана)





2-параграф. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын және олардың мекендейтін ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар

13.

Тірі табиғат объектілеріне және олардың мекендейтін ортасына жанашырлықпен қарау идеясын бұқаралық ақпарат құралдарында сондай-ақ білім беру орталықтарында (мектеп, жоғары оқу орындары) насихаттау (мақалалар, жарияланымдар саны)

1

1

1

1

Мақалалар, эфирлік анықтамалар, білім беру орталықтарында өткізілген іс шаралар туралы анықтама

14.

Кірме жолдарда аншлагтарды, ақпараттық тақтайшаларды, ескерту белгілерін және маңдайшаларды орнату және жаңарту (дана)





Орындалған жұмыстар актілері

3-параграф. Балық шаруашылығы іс-шаралары

15.

Әуесқойлық (спорттық) балық аулау құрал-саймандарын жалға беру және жолдама беруді қоса алғанда азаматтарды қабылдау және оларға қызметтер көрсетуге арналған базаның (лагердің) болуы (дана)





Шарт, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

4-параграф. Ғылыми жұмыстар

16.

Үш жылда бір рет халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін қоспағанда балық ресурстары мен басқа да су жануарларының жай-күйіне зерттеу жүргізу (балық ресурстарын және басқа да су жануарларын пайдалануға биологиялық негіздеме) және балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерінің паспортын өзектендіру





Ғылыми ұйымдармен шарт, орындалған жұмыстар актілері, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

3-тарау. Ащы-тұзды балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін кәсіпшілік балық аулауды жүргізу үшін бекітіп беру кезінде

1-параграф. Аулау және өңдеу базаларын техникалық қайта жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар

17.

Бөлінген квотадан қайта өңделген өнім көлемі (%)

70

70

70

70

Ветеринариялық анықтама немесе ветеринарлық сертификат, белгіленген көлемге сатып алу-сату шарты, ақы төленгені туралы төлем тапсырмасы

2-параграф. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын және олардың мекендейтін ортасын қорғау жөніндегі іс-шаралар

18.

Кірме жолдарда аншлагтарды, ақпараттық тақтайшаларды, ескерту белгілерін және маңдайшаларды орнату және жаңарту (дана)





Орындалған жұмыстар актілері

3-параграф. Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған іс-шаралар

19.

Қазақстан Республикасының азаматтарына жұмыс орындарын құру (адамдар саны)

5

5

5

5

Еңбек шарты

      Ескертпе:

      *балық шаруашылығы ғылыми ұйымдарының ұсынымдарына сәйкес балық ресурстары және басқа да су жануарларының өсімін молайту бойынша іс-шаралар ащы-тұзды су айдындарынан басқа барлық балық шаруашылығы су айдындарында жүргізіледі;

      **балықтың кәсіпшілік мөлшері сатылатын мелиоративтік аулауды қоспағанда, бөлініп кеткен және бекітіліп берілмеген су айдындарында, күріш атыздарында және басқа да су объектілерінде балықтың құртшабақтарын құтқару іс-шараларының аяқталу қорытындысы бойынша балық шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган ведомствосы облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қол қойған актілер ұсынылған кезде биыл құтқарылған балық құртшабақтарының тиісті жылға арналған балық жіберу жоспарының елу пайызынан аспайтындай мөлшердегі бөлігі балық жіберуге қосылады.

Об утверждении типовой формы плана развития субъектов рыбного хозяйства

Приказ и.о. Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 12 сентября 2025 года № 293. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 16 сентября 2025 года № 36843

      В соответствии с подпунктом 508-84) пункта 15 Положения о Министерстве сельского хозяйства Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 6 апреля 2005 года № 310 "Некоторые вопросы Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан", ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемую типовую форму плана развития субъектов рыбного хозяйства.

      2. Комитету рыбного хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра сельского хозяйства Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      исполняющий обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
А. Султанов

  Утверждена приказом
исполняющий обязанности
Министра сельского хозяйства
Республики Казахстан
от 12 сентября 2025 года № 293

Типовая форма плана развития субъектов рыбного хозяйства
______________________________________________________________
(наименование субъекта рыбного хозяйства)

Наименование мероприятий

В том числе по годам

Итого

Форма завершения

20__

20__

20__

Глава 1. При закреплении рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для ведения промыслового рыболовства

Параграф 1. Мероприятия по воспроизводству рыбных ресурсов и других водных животных*

1.

Зарыбление молодью согласно рекомендациям аккредитованной научной организации в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных** (тысяч штук)





Договор купли-продажи, платежное поручение об оплате за рыбопосадочный материал, акты о зарыблении по видам

2.

Проведение по рекомендации аккредитованной научной организации в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных работ по рыбохозяйственной мелиорации, в том числе:
1) выкос жесткой растительности (гектар);
2) проведение дноуглубительных работ (метров3);
3) спасение рыб из отшнурованных водоемов (штук).





Сведения об использовании запланированных на текущий год финансовых средств пользователями для развития рыбного хозяйства в соответствии с формами, предназначенными для сбора административных данных в области рыбного хозяйства, согласно подпункту 2) пункта 3 статьи 16 Закона Республики Казахстан "О государственной статистике" (далее – Закон о государственной статистике), с предоставлением подтверждающих документов (акты выполненных работ, платежные поручения об оплате)

3.

Согласно рекомендациям аккредитованной научной организации в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных проведение противозаморных мероприятий, в том числе бурение лунок в зимний период, прорубка майн (штук)





Параграф 2. Мероприятия по техническому перевооружению добывающей и перерабатывающей базы

4.

Объем переработанной рыбной продукции от выделенной квоты (%)

30

50

70

70

Ветеринарная справка или ветеринарный сертификат, договор купли-продажи на установленный объем, платежное поручение об оплате

Параграф 3. Мероприятия по регулированию рыболовства

5.

Освоение выделенных квот изъятия рыб и других водных животных (100 %)





Платежное поручение об оплате за пользование рыбными ресурсами и другими водными животными.
Сведения об освоении квоты вылова рыбы и других водных животных пользователями - в соответствии с формами, предназначенными для сбора административных данных в области рыбного хозяйства, согласно подпункту 2) пункта 3 статьи 16 Закона о государственной статистике.

Параграф 4. Мероприятия по охране рыбных ресурсов и других водных животных и среды их обитания

6.

Проведение мероприятий и пропаганда в средствах массовой информации идей бережного отношения к объектам живой природы и местам их обитания (количество статьей, публикаций), в том числе в образовательных учреждениях (школы, вузы)

1

1

1

1

Статьи, эфирные справки, справки о проведении мероприятий в образовательных учреждениях

7.

Установка и обновление аншлагов на подъездных путях, информационных щитов, предупредительных знаков и вывесок (штук)





Акты выполненных работ

Параграф 5. Научные работы

8.

Проведение исследований состояния рыбных ресурсов и других водных животных за исключением водоемов и (или) участков международного и республиканского значения (биологическое обоснование на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными), актуализация паспорта рыбохозяйственных водоемов и (или) участков, один раз в три года





Договор с научными организациями, акты выполненных работ, платежное поручение об оплате

Параграф 6. Мероприятия, направленные на социально-экономическое развитие региона

9.

Создание рабочих мест для граждан Республики Казахстан (количество человек)

5

5

5

5

Трудовой договор

Глава 2. При закреплении рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для ведения любительского (спортивного) рыболовства

Параграф 1. Мероприятия по воспроизводству рыбных ресурсов и других водных животных*

10.

Зарыбление молодью согласно рекомендациям аккредитованной научной организации в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных** (тысяч штук)





Договор купли-продажи, платежное поручение об оплате за рыбопосадочный материал, акты о зарыблении по видам

11.

Проведение по рекомендации аккредитованной научной организации в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных работ по рыбохозяйственной мелиорации, в том числе:
1) выкос жесткой растительности (гектар);
2) спасение рыб из отшнурованных водоемов (штук)





Сведения об использовании запланированных на текущий год финансовых средств пользователями для развития рыбного хозяйства в соответствии с формами, предназначенными для сбора административных данных в области рыбного хозяйства, согласно подпункту 2) пункта 3 статьи 16 Закона о государственной статистике, с предоставлением подтверждающих документов (акты выполненных работ, платежные поручения об оплате)

12.

Согласно рекомендациям аккредитованной научной организации в области охраны, воспроизводства и использования рыбных ресурсов и других водных животных проведение противозаморных мероприятий, в том числе бурение лунок в зимний период, прорубка майн (штук)





Параграф 2. Мероприятия по охране рыбных ресурсов и других водных животных и среды их обитания

13.

Проведение мероприятий и пропаганда в средствах массовой информации идей бережного отношения к объектам живой природы и местам их обитания (количество статьей, публикаций), в том числе в образовательных учреждениях (школы, вузы)

1

1

1

1

Статьи, эфирные справки, справки о проведении мероприятий в образовательных учреждениях

14.

Установка и обновление аншлагов на подъездных путях, информационных щитов, предупредительных знаков и вывесок (штук)





Акты выполненных работ

Параграф 3. Рыбохозяйственные мероприятия

15.

Наличие базы (лагеря) для приема и предоставления услуг гражданам, включая прокат инвентаря и выдачу путевок на любительское (спортивное) рыболовство (штук)





Договор, платежное поручение об оплате

Параграф 4. Научные работы

16.

Проведение исследований состояния рыбных ресурсов и других водных животных за исключением водоемов и (или) участков международного и республиканского значения (биологическое обоснование на пользование рыбными ресурсами и другими водными животными), актуализация паспорта рыбохозяйственных водоемов и (или) участков, один раз в три года





Договор с научными организациями, акты выполненных работ, платежное поручение об оплате

Глава 3. При закреплении горько-соленых рыбохозяйственных водоемов и (или) участков для ведения промыслового рыболовства

Параграф 1. Мероприятия по техническому перевооружению добывающей и перерабатывающей базы

17.

Объем выпуска готовой продукции от выделенной квоты (%)

70

70

70

70

Ветеринарный сертификат или ветеринарная справка, договор купли-продажи на установленный объем, платежное поручение об оплате

Параграф 2. Мероприятия по охране рыбных ресурсов и других водных животных и среды их обитания

18.

Установка и обновление аншлагов на подъездных путях, информационных щитов, предупредительных знаков и вывесок (штук)





Акты выполненных работ

Параграф 3. Мероприятия, направленные на социально-экономическое развитие региона

19.

Создание рабочих мест для граждан Республики Казахстан (количество человек)

5

5

5

5

Трудовой договор

      Примечание:
*мероприятия по воспроизводству рыбных ресурсов и других водных животных проводятся согласно рекомендациям рыбохозяйственных научных организаций на всех рыбохозяйственных водоемах, за исключением горько-соленых рыбохозяйственных водоемов;
**часть спасенной в текущем году молоди рыб включается в зарыбление, но не более пятидесяти процентов от плана зарыбления на соответствующий год, при представлении актов, подписанных представителями межобластной бассейновой инспекции рыбного хозяйства ведомства уполномоченного органа в области рыбного хозяйства и местного исполнительного органа по итогам завершения мероприятий по спасению молоди рыб из отшнурованных и незакрепленных водоемов, рисовых чеков, других водных объектов, за исключением мелиоративного лова с реализацией рыбы промысловой меры.