БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі |
Г. Бейсембаев |
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрі 2025 жылғы 29 тамыздағы № 198 бұйрығына қосымша |
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі
1. "Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 16 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10280 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларында:
5- тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"5. Жеке және заңды тұлғалар жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы олардың тұрғылықты жері бойынша ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органдарына (бұдан әрі – органдар) дереу хабарлауға міндетті.
Органдар жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар туралы мәліметтер келіп түскен кезде оларды анықталған жері бойынша медициналық көмек көрсететін стационарлық ұйымдарға үш тәулікке дейін орналастыруды қамтамасыз етеді.
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтаған немесе олар туралы ақпарат түскен кезде, олар анықталған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың органы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланың сауалнамасына (электронды нысанда) олар туралы мәліметтерді енгізу арқылы Республикалық деректер банкінің бастапқы есебіне қояды және оларды отбасына (асырап алу, қорғаншылық немесе қамқоршылық, патронат, қабылдаушы отбасы) орналастыруды қамтамасыз етеді.".
2. "Бала қонақтайтын отбасы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 28 маусымдағы № 402 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №14053 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бала қонақтайтын отбасы туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның тұрғылықты жері бойынша органға мыналарды:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдіргені туралы өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
3) егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімін;
4) баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның және немесе егер некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) соңғы 12 ай үшін табысы туралы мәліметтерді;
5) баланы қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген адамның және егер некеде тұрса, жұбайының (зайыбының) "Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 692 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12127 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сәйкес ауруының жоқтығын растайтын денсаулық жағдайы туралы анықтама, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес "Наркология" психикалық денсаулық орталығы, "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығы бойынша динамикалық бақылауда тұруы (немесе динамикалық бақылауда тұрмауы) туралы мәліметтер;
6) тұрғын үйге меншік құқығын немесе тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың көшірмелерін;
7) неке қию туралы куәлік (егер некеде тұрса);
8) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдардың даярлықтан өткені туралы сертификат (жақын туыстарын қоспағанда) береді.
Орган тізбенің 2) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды, сондай-ақ "Денсаулық сақтау саласында мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес "Наркология" психикалық денсаулық орталығынан , "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда тұруы (немесе динамикалық бақылауда тұрмауы) туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет"шлюзі арқылы алады.
Орган баланы қонақтайтын отбасына қабылдаушы мен оның жұбайының (некеде тұрған жағдайда) соттылығының болуы немесе болмауы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитетінің ақпараттық жүйесінен алады.
Бала қонақтайтын отбасы туралы ереженің 2-қосымшасы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың осы тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 11 шілдедегі № 324 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15514 болып тіркелген); мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 71) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларында:
11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"11. Жергілікті атқарушы органдардың білім беруді басқару органдары мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастырады және ББАЖ мәліметтері негізінде:
1) мектепке дейінгі жастағы балалар туралы мәліметтер;
2) оқытуға жатпайтын (денсаулығы бойынша) балалар туралы мәліметті қоса алғанда мектеп жасындағы балалар туралы мәліметтер;
3) техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында білім алатын балалар туралы мәліметтер;
4) мемлекеттік емес мектепке дейінгі ұйымдарда және орта білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп жатқан және білім алушылар туралы мәліметтер;
5) оқытуға жатпайтын балалар туралы мәліметтер;
6) қандастардың балалар туралы мәліметтер;
7) шетелдік және азаматтығы жоқ (иммигранттар) балалар туралы мәліметтер;
8) оқумен қамтылмаған балалар туралы мәліметтер;
9) жүйелі түрде себепсіз сабаққа қатыспайтын балалар туралы мәліметтері бар облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағында тұратын баланың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), туған күні, айы, жылы, тұрғылықты орны көрсетілген 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың бірыңғай мәліметтер базасын қалыптастырады.
Осы Қағидалардың 11-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген мәліметтер облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), (аудан, қала, қаладағы аудан) ішкі істер органдарымен келісіледі және әр айдың 10-на қарай ББАЖ-да орналастырылады.";
4. "Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20478 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Мыналар бекітілсін:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес "Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету үшін анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес "Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес "Қорғаншыларға немесе қамқоршыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға берілетін жәрдемақыны тағайындау және төлеу мөлшері" мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға бөлінетін ақша қаражатын төлеуді және оның мөлшері" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау, қайтару және мөлшері" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
9) осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
10) осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес "Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
11) осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
12) осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес "Он жасқа толған баланың пiкiрiн ескеру туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілсін;
13) осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес "Білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қаржылық және материалдық көмек көрсету" мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары.
14) осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары.";
осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 2-қосымшаға сәйкес 14-қосымшамен толықтырылсын.
5. "Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптарды, оларды психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 сәуірдегі № 165 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20507 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібі қағидаларында:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібі қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 91-бабының 9-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлау (бұдан әрі - психологиялық даярлық) жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлауға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсету тәртібін айқындайды.
5-тармақ алып тасталсын;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Сертификат беруді есепке алуды ұйымдар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттар беруді есепке алу журналына тіркеу арқылы жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тараулармен толықтырылсын:
"3- тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
15. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлаудан өткізу үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес, "Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген азаматтарды психологиялық даярлауға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Асырап алушы ата-ана болуға кандидаттар (бұдан әрі-қызметті алушы) психологиялық даярлықтан өту үшін осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
16. "Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген азаматтарды психологиялық даярлауға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды Қазақстан Республикасы азаматтарының отбасыларына орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі ұйымдар, сондай-ақ жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
17. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
18. Құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша көрсетілетін қызметті беруші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға психологиялық даярлау процесін ұйымдастыру туралы дайындықтың басталу және аяқталу күнін көрсете отырып, хабарлама жібереді.
Психологиялық дайындық процесін ұйымдастыру туралы хабарлама қызмет берушінің кеңсесі (канцеляриясы) арқылы қолма қол беріледі.
Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымнын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешімді не дәлелді бас тартуды жібереді.
19. Құжаттарды қарау және психологиялық дайындық процесін ұйымдастыру туралы хабарламаны алу бойынша жалпы мерзім 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
20. Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің сатысы туралы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
қосымшаның оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 2 және 3-қосымшалармен толықтырылсын.
6. "Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 216 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20708 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта білім беру ұйымдарына арналған жекелеген пәндер бойынша оқулықтар мен базалық оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбеде:
"Орта білім беру ұйымдарына арналған 1-11-сыныптарының оқулықтары" деген тізбеде:
"оқыту қазақ тілінде" деген бөлімде:
"8-сынып" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 30-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
30. | Дүниежүзі тарихы. Оқулық | 2024 | Мектеп |
";
"Электрондық оқулықтар" деген тізбеде:
"оқыту орыс тілінде" деген бөлімде:
"11-сынып", "жаратылыстану-математикалық бағыт" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 4-жол жаңа редакцияда жазылсын:
"
4. | Русский язык (естественно-математическое направление) Электронный учебник (web-платформа www.opiq.kz) | К. Кабдулова, Г. Аульбекова, А. Сырымбетова | 2024 | Көкжиек-Горизонт |
";
"Ағылшын тіліндегі электрондық оқулықтар" деген тізбеде:
"Ағылшын тілі", "оқыту қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек тілдерінде" деген бөлімде:
"5-сынып" деген кіші бөлімде:
реттік нөмірлері 1, 2-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:
"
1. | Excel for Kazakhstan, Grade 5. Digital Flip Book (web-платформа edudigital.kz) | J. Dooley, B. Obee, N.Mukhamedjanova | 2024 | EDU Stream және Express Publishing |
2. | English. Eyes open for Kazakhstan. Grade 5. E-book (web-платформа www.opiq.kz) | B. Goldstein, C. Jones, D. McKeegan | 2024 | Study Inn (Cambridge University Press & Assessment) |
".
7. "Жасөспірімдер үйі туралы үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 101 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №27180 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жасөспірімдер үйі туралы үлгілік қағидаларда:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы Жасөспірімдер үйі (әлеуметтік бейімдеу орталығы) (бұдан әрі – Жасөспірімдер үйі) туралы үлгі қағидалар "Отбасы үлгісіндегі балалар ауылдары және жасөспірімдер үйлері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 2-тармағы мен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және олардың меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, жасөспірімдер үйлері қызметінің тәртібі, сондай-ақ "Құжаттарды қабылдау және жасөспірімдер үйлеріне қабылдау" мемлекеттік қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.";
6-тармақ алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 3 және 4-тараулармен толықтырылсын:
"3- тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
13. "Құжаттарды беру және жасөспірімдер үйлеріне қабылдау" осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
14. Мемлекеттік қызметті психоневрологиялық аурулары бар адамдарды қоспағанда, отбасы үлгісіндегі балалар ауылдарының тәрбиеленушілеріне және арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балаларды қолдау орталықтарының түлектеріне жасөспірімдер үйлері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды тапсыру және жасөспірімдер үйлеріне қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.
15. Көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Қызмет беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, "Наркология" психикалық денсаулық орталығы мен "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтерді "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
16. Құжаттарды тексеру нәтижесі бойынша қызмет көрсетуші 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қызмет алушыны Жасөспірімдер үйіне қабылдау туралы бұйрық шығарып, Жасөспірімдер үйінде тұру туралы шарттың жасалғаны туралы хабарламаны береді.
Жасөспірімдер үйінде тұру туралы шарттың жасалғаны туралы хабарлама қызмет берушінің кеңсесі (канцеляриясы) арқылы қолма қол беріледі.
Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымнын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша қызмет беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет алушыға мемлекеттік қызметті көрсету туралы шешімді не дәлелді бас тартуды жібереді.
17. Құжаттарды қарау және Жасөспірімдер үйінде тұру туралы шарттың жасалғаны туралы хабарламаны алу бойынша жалпы мерзім 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.
18. Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің сатысы туралы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
19. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі шағымның қаралуын жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) лауазымды адамға беріледі.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды шағымды қарайтын органға жібермеуге құқылы.
Көрсетілетін қызметті алушыдан көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағым Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілетін қызметті алушыдан шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жүгінуге жол беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге шағымдану нәтижелері бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.";
осы өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 5 және 6- қосымшаларға сәйкес 1 және 2-қосымшалармен толықтырылсын.
Өтініш
Мен,
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жылы туған).
___________________________________________________
(баланың (балалардың) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________________________________________________________
бала қонақтайтын отбасына қабылдау мүмкіндігі туралы қорытынды беруді сұраймын.
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымды тексеріп-қарауға қарсы емеспін.
Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес ақпараттық жүйелерде қамтылған менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.
20 __ жылғы "___" ____________
тұлғаның қолы
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 2-қосымша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығына 14-қосымша |
"Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы" Кодексінің 137-1 бабының 2-тармағы мен "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және бала қонақтайтын отбасына беру тәртібін айқындайды.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
2. "Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) осы Қағидаларға сәйкес республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардың білім бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
3. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы тұрғылықты жері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттарды (бұдан әрі-мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын талаптар) қоса бере отырып өтініш береді.
4. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Қызмет беруші жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, неке қию туралы куәлік ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған кезде), "Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № ҚР ДСМ-49/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20665 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес "Наркология" психикалық денсаулық орталығы мен "Психиатрия" психикалық денсаулық орталығынан динамикалық бақылауда болу (немесе болмауы) туралы мәліметтерді, көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) егер некеде тұрса жұбайының (зайыбының) тұрғын үйге меншік құқығын растайтын құжаттар, екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу туралы шартты "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде заңмен қорғалатын құпияны қамтитын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілген қызметті алушының келісімін алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттарды цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, бір реттік парольді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.
5. Қызмет беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде қызмет алушының және (немесе) оның ұсынған мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті материалдары, деректері мен мәліметтерінің Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 122-бабында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
6. Қызмет алушы Қазақстан Республикасының "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Кодексінің 122-бабында белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, сондай-ақ толық құжаттар топтамасын ұсынған кезде, қызмет көрсетуші 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру ниетін білдірген адамдардың тұрғын-үй-тұрмыстық жағдайын тексеру актісін (бұдан әрі – акт) жүргізеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес баланы (балаларды) қонаққа қабылдаушы отбасына қабылдаудың мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды дайындайды.
7. Акт жасалғаннан кейін көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде он жасқа толған баланың "Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 қаулысына сәйкес бала қонақтайтын отбасына беруге келісімін ресімдейді.
8. Қызмет беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру туралы шарттың (бұдан әрі – шарт) жасалғаны жөнінде хабарлама дайындайды.
9. Қызмет алушы шарт жасалғаны туралы хабарламаны алғаннан кейін, шартқа қол қою үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қызмет берушіге келуі қажет.
Осы Қағидалардың Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз анықталған кезде, көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік–процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымнын білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жолдайды.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
10. Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсетудің сатысы туралы мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі міндетін атқарушысының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8555 болып тіркелген) сәйкес енгізуді қамтамасыз етеді.
11. Құжаттарды қараудың және шешім алудың жалпы мерзімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту 10 (он) жұмыс күнін құрайды
Қазақстан Республикасының Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы көрсетілетін қызметті берушілерге, оның ішінде Бірыңғай байланыс орталығына Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы хабардар етеді.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды тұлға, шағымды қарайтын орган жүргізеді.
Шағымдар көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасаған лауазымды тұлғаға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлға шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға, шешімге, әрекетке (әрекетсіздікке) шағым жасайды, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешімді немесе әкімшілік әрекетті қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Шағымды қарайтын органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.
Өтініш
Мен,
_________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), жылы туған).
___________________________________________________
(баланың (балалардың) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________________________________________________________
бала қонақтайтын отбасына қабылдау мүмкіндігі туралы қорытынды беруді сұраймын.
Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайымды тексеріп-қарауға қарсы емеспін.
Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес "Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік қызметін алу үшін менің жеке қажетті деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.
20 __ жылғы "___" ____________
тұлғаның қолы
"Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 2- қосымша |
"Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары, аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері |
2 | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Қағаз жүзінде |
5 | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Бала қонақтайтын отбасына қорғаншылық және қамқоршылық органдарының шешімі не осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарының 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6 | Көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету кезінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және оны алу тәсілдері | Тегін |
7 | Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен дүйсенбіден бастап жұма аралығын қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдіргені туралы өтінішті; |
9 | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; |
10 | Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар | "Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады: 1414, 8 800 080 7777. |
Баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына қабылдауға тілек білдірген азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын тексеріп-қарау АКТІСІ
Тексеріп-қарау жүргізілген күні
__________________________________________
Тексеріп-қарауды жүргізген
________________________________________________________________
(тексеріп-қарауды жүргізген адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
лауазымы)
________________________________________________________________
Қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге
асыратын органның мекенжайы және телефоны:
________________________________________________________________
1. Тұрмыс жағдайына тексеру жүргізілді
(тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда) туған күні)
_____________________________
Жеке куәлік құжаты
___________________________________________________
Мекенжайы (тіркелген жері бойынша)
____________________________________
Нақты тұрғылықты жері
________________________________________________
Білімі
________________________________________________________________
Жұмыс орны
________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған күні)
Зайыбының жеке куәлік құжаты
__________________________________________
Зайыбының мекенжайы (тіркелген жері бойынша)
__________________________
Зайыбының нақты тұрғылықты жері
______________________________________
Зайыбының білімі
_____________________________________________________
Зайыбының жұмыс орны
_______________________________________________
2. Тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларының сипаттамасы
Үй-жайды пайдалану құқығын растайтын құжат
________________________________________________________________
Тұрғын үй меншік иесінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
__________________
Жалпы ауданы _____(шаршы метр) тұрғылықты ауданы______(шаршы метр)
Тұрғын бөлмелердің саны
______________________________________________
Тіркелгендер
_________________________________________________________
(тұрақты, уақытша)
Тұрғын үйдің жайлылығы
______________________________________________
(абаттандырылған, абаттандырылмаған, ішінара жайлы)
Санитарлық-гигиеналық жай-күйі _____________________________________
(жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлықсыз)
Тұрғын-үй туралы қосымша мәліметтер (балаға арналған жеке жатын орынның, сабақ дайындауға, демалуға арналған орынның, жиһаздардың бар болуы)
________________________________________________________________
3. Отбасының бірге тұратын басқа мүшелері:
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) | Туған күні | Жұмыс орны, лауазымы немесе оқу орны | Туыстық қатынастары |
Ескертпе |
4. Отбасының табысы туралы мәлімет: жалпы сома ________________,
оның ішінде жалақы, басқа да табыстар ______________________________
(жазу).
5. Бала қонақтайтын отбасына қабылдаудың сипаттамасы (отбасындағы жеке тұлғалық қарым-қатынасы, жәке тұлғалық қарым-қатынасы, қызығушылығы, балалармен қарым-қатынас тәжірибесі, барлық отбасы мүшелерінің балаларды қабылдауға дайындығы)
___________________________________
6. Баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына қабылдау себебі:
________________________________________________________________
7. Қорытынды (баланы (балаларды) бала қонақтайтын отбасына беру үшін
жағдайдың бар болуы)
_________________________________________________
(қолы) (аты-жөні, тегі)
_______________
(күні)
Таныстым: ___________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), күні, қонақтайтын отбасы
кандидатуралардың қолы)
"Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 4-қосымша нысан |
Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына қабылдаудың мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы ҚОРЫТЫНДЫ
Тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда), туған күні
_____________________________________________
Тегі, аты, әкесінің аты, (ол болған жағдайда), туған күні
_____________________________________________
Мекенжайы:
__________________________________________________________
Отбасының сипаттамасы:
_______________________________________________
Білімі және кәсіптік қызметі
_____________________________________________
Денсаулық жай-күйінің сипаттамасы
______________________________________
Отбасында тәрбиелену үшін баланың қабылдану себебі
____________________________________________________________
_____________________________________________________________
Баланың кандидатурасы бойынша тілектері
____________________________________________________________
Қорытынды
_______________________________________________________________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), күні, қолы, мөр орны
"Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына 5-қосымша |
Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына беру туралы шарт жасасу туралы ХАБАРЛАМА
___________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда),
жеке сәйкестендіру нөмірі)
______________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының туған күні)
Баланы (балаларды) қонақтайтын отбасына тәрбиелеуге беру туралы шарт
жасау үшін Сіз _____________________________________ мекенжайы
бойынша (органның мекенжайы) орналасқан
__________________________________________________________
(республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары,
аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері)
хабарласуыңыз қажет.
Жауапты тұлғаның ЭЦҚ-мен куәландырылған хабарлама
_________________________________________________________________
(жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), лауазымы)
"Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлауға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Өтініш
Мені, ________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), туған жылы)
асырап алушы болуға үміткерлерге арналған психологиялық дайындығынан өтуге жазуды сұраймын.
Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес "Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген Қазақстан Республикасының азаматтарын психологиялық даярлауға құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін алу үшін менің жеке қажетті деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.
"____" ____________ 20__ жыл
тұлғаның қолы
Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесіне 5-қосымша Жасөспірімдер үйі туралы үлгілік қағидаларға 1-қосымша |
"Құжаттарды қабылдау және Жасөспірімдер үйіне қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Өтініш
Мені ____________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
"___" _________________ туған жылы, Жасөспірімдер үйінде тұру үшін, өйткені мен отбасы үлгісіндегі балалар ауылының тәрбиеленушісі, арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының түлегі (қажеттісін атап өту керек) тіркеуді сұраймын. Қазақстан Республикасының "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Заңының 8-бабына сәйкес "Құжаттарды қабылдау және Жасөспірімдер үйіне қабылдау" мемлекеттік қызметін алу үшін менің жеке қажетті деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін.
"____"____________________ ___________ (күні) (қолы)