ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз.
"Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.
2. "Балық шаруашылығы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру қағидаларын және инвесторға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 21 тамыздағы № 283 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34968 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Мыналар былайша белгіленсін:
1) Қағидалардың 10-тармағы 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады:
"10. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның және тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының келісімі алынған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тізім уәкілетті орган басшысының шешімімен бекітіледі және аквашаруашылықтың ақпараттық жүйесі, уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары арқылы ашық қолжетімділікте орналастырылады.";
2) Қағидалардың 33 және 34-тармақтары 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мынадай редакцияда қолданылады:
"33. Конкурс өткізбей жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы оң шешім болған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізеді.
Жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
N= 5 АЕК * S,
мұндағы:
N – жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшері;
5 АЕК – жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемесі;
S – балық шаруашылығы учаскесінің ауданы, гектар.
34. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында жобаны іске асыру кезінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабының 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт (бұдан әрі – шарт) жасалады.".
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
Министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2025 жылғы 28 тамыздағы № 266 бұйрығымен бекітілген |
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Аквашаруашылық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 11-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленді және тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) аквашаруашылық саласындағы балық өсіру-биологиялық негіздеме (бұдан әрі – биологиялық негіздеме) – зерттеулер мен ғылыми деректер, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің, балық өсіру тоғандарының, балық өсіру бассейндерінің ағымдағы жай-күйі мен әлеуетін бағалау, сондай-ақ аквашаруашылық объектілерін көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты технологияларды қолдану нәтижесінде әзірленген ғылыми негізделген ұсынымдар кешені;
2) аквашаруашылық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – аквашаруашылық саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) инвестициялар – лизинг шартын жасасқан сәттен бастап қаржы лизингi нысанасын, сондай-ақ оларға құқықтарды қоса алғанда, заңды тұлғаның жарғылық капиталына немесе кәсiпкерлiк қызмет үшiн, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру үшін пайдаланылатын тiркелген активтердi ұлғайтуға инвестор салатын мүлiктiң барлық түрлерi (жеке тұтынуға арналған тауарлардан басқа);
4) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган – су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) тор қоршама шаруашылық қызметі – балықтарды балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің акваториясында орналасқан арнаулы құрылғыларда (тор қоршамаларда) жартылай ерікті бақыланатын жағдайларда көбейтуге және (немесе) күтіп-ұстауға, өсіруге байланысты қызмет.
3. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыр үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері осы Қағидаларға сәйкес уәкілетті органның шешімімен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы Заңның 11-бабының 6-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келгенде Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына конкурс өткізбей бекітіп беріледі.
4. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері мынадай жобаларды іске асыру мақсатында бекітіп беріледі:
1) жаңа өндірістерді құру жөніндегі және қайта өңдеу қуаттарын іске қосуды қоса алғанда, өндірістік объектілер құрылысына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз елу мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін жобалар;
2) жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту, оның ішінде өндірістік және қайта өңдеу қуаттарын реконструкциялау мен жаңғырту жөніндегі және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің кемінде бір жүз мың еселенген мөлшерінде инвестиция құюды көздейтін жобалар.
5. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларға жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруге өтінім (бұдан әрі – өтінім) жіберген кезде мынадай талаптарға сәйкес болуы керек:
1) жобаның бизнес-жоспары мен жұмыс бағдарламасының болуы;
2) екінші деңгейдегі банкте және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мөлшерден кем емес көлемдегі қаражаттың немесе жобаның бизнес-жоспарында көрсетілген қаражаттың болуы;
3) салықтық берешектің және әлеуметтік төлемдер бойынша берешектің болмауы;
4) орындалмаған шарттық міндеттемелердің болмауы (бұрын балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері бекітіп берілген тұлғалар үшін).
6. Балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін бекітіп беру мерзімі Заңның 9-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылатын су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттау негізінде айқындалатын он жылдан қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімді құрайды.
2-тарау. Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерін бекітіп беру тәртібі
1-параграф. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімін қалыптастыру
7. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімін (бұдан әрі – тізім) уәкілетті орган осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жыл сайын 1 сәуірден кешіктірмей қалыптастырады және су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органға және тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына келісу үшін жолдайды.
8. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тізімді келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды және келіседі не бас тарту себептерін көрсете отырып, келісуден бас тартады.
9. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган және (немесе) тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары тізімді келісуден бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган бас тартудың себептерін жояды және оны қайта келісуге жолдайды.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!10-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2025 № 266 (01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның және тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының келісімін алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде тізім уәкілетті орган басшысының шешімімен бекітіледі және уәкілетті органның және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының интернет-ресурстары арқылы ашық қолжетімділікте орналастырылады.
11. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері тізімге енгізілген күннен бастап 6 (алты) ай ішінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүргізу үшін балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру жөніндегі конкурсқа (бұдан әрі – конкурс) шығарылмайды.
12. Осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген мерзім өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларынан өтінімдер келіп түспеген жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері Заңның 10-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекітетін конкурс қағидаларына және қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес конкурсқа шығарылады.
13. Өтінімдердің келіп түсуіне қарай уәкілетті органның ведомствосы тізімге енгізілген балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің мәртебесін өзектендіруді жүргізеді.
Тізімге енгізілген балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің мәртебелері:
1) "бос";
2) "Қазақстан Республикасының заңды тұлғасынан белсенді өтінім бар";
2) "Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бекітіп берілді" деп бөлінеді.
"Қазақстан Республикасының заңды тұлғасынан белсенді өтінім бар" мәртебесі болғанда, өтінімдер ағымдағы өтінім бойынша шешім қабылдағанға дейін қабылданбайды.
2-параграф. Инвестициялық комиссия құру, оның функциялары және ұйымдастыру жұмыстары
14. Инвестициялық комиссия уәкілетті орган ведомствосының шешімі бойынша құрылады.
Инвестициялық комиссияның құрамына мыналардың өкілдері енгізіледі:
1) уәкілетті орган ведомствосы (басшының орынбасарынан төмен емес, комиссия төрағасы);
2) уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері (басшыдан төмен емес);
3) облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органы (аквашаруашылық мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше басшысының орынбасарынан төмен емес);
4) "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғалар және (немесе) дербес білім беру ұйымдары;
6) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның бассейндік су инспекциялары (басшының орынбасарынан төмен емес).
Инвестициялық комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде бес адамнан тұрады, тақ санды құрайды.
15. Инвестициялық комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер дауыс беруге инвестициялық комиссия мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысса және оған инвестициялық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, онда қабылданған болып табылады.
16. Инвестициялық комиссияның функцияларына мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ұсынған өтінімді және құжаттарды қарау;
2) конкурс өткізбей тор қоршама шаруашылық қызметтін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру мақсатында жобаларды айқындау.
17. Инвестициялық комиссияның хатшысы уәкілетті орган ведомствосы қызметкерлерінің арасынан айқындалады және оның мүшесі болып табылмайды. Инвестициялық комиссияның хатшысы инвестициялық комиссия мүшелерін қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, инвестициялық комиссияның отырысын ұйымдастырады.
18. Инвестициялық комиссияның әрбір отырысы барысында аудио -, бейнежазба үздіксіз жүргізіледі.
3-параграф. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруге өтінім беру тәртібі
19. Осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген жобаларды іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелері болған кезде Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы уәкілетті органның ведомствосына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны учаскесін бекітіп беруге өтінім жібереді.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы өтінімге мынадай құжаттарды қоса береді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның бизнес-жоспары (бұдан әрі – бизнес-жоспар);
2) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның жұмыс бағдарламасы;
3) өтінім берілген күнге дейін он жұмыс күні ішінде берілген, уәкілетті адамның қолы және мөрі (бар болса) қойылған, екінші деңгейдегі банктен және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан заңды тұлғаның шотында осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мөлшерден кем емес көлемдегі (жобаның мақсатына байланысты) ақшалай қаражаттың немесе жобаның бизнес-жоспарында көзделген ақшалай қаражаттың болуы туралы анықтама (лар);
4) есепке алынуы салық органында жүргізілетін берешектің жоқ (бар) екендігі туралы мәліметтер.
20. Уәкілетті орган ведомствосы кеңсесінің қызметкері өтінім және қоса берілген құжаттар келіп түскен күні оларды тіркеуді жүзеге асырады және жауапты орындаушыны тағайындайтын уәкілетті орган ведомствосының басшысына жібереді.
Жауапты орындаушы құжаттар тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарайды және толықтығын тексереді. Осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған кезде Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын қайтару себептерін көрсете отырып, жазбаша нысанда хабардар етеді.
Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы қайтару себептерін жойғаннан кейін құжаттарды уәкілетті органның ведомствосына қайта енгізеді.
21. Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, ұсынылған құжаттарды уәкілетті органның ведомствосы тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру мақсатында инвестициялық комиссияға жобаларды қарауға және айқындауға береді.
4-параграф. Инвестициялық комиссияның тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру мақсатында жобаларды қарау және айқындау тәртібі
22. Инвестициялық комиссия 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес уәкілетті органның ведомствосы ұсынған құжаттарды қарайды.
23. Инвестициялық комиссияның төрағасы инвестициялық комиссия отырысының күнін осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген мерзімнен кешіктірмей белгілейді.
24. Инвестициялық комиссияның хатшысы инвестициялық комиссия мүшелерін белгіленген күн туралы хабардар етеді және инвестициялық комиссияның отырысын ұйымдастырады.
25. Егер инвестициялық комиссия мүшесінің тікелей немесе жанама қызығушылығы болса, онда ол отырысқа қатыспайды және оған қарсылық білдірілуі (өзі бас тартуы) тиіс.
Өздігінен бас тарту және қарсылық білдіру инвестициялық комиссия отырысы басталғанға дейін де, отырыс барысында да уәжделеді және мәлімделеді.
Инвестициялық комиссия мүшесінің өздігінен бас тартуы (қарсылық білдіру) туралы шешімді инвестициялық комиссия отырыстарға қатысатын мүшелерінің көпшілік даусымен жазбаша нысанда қабылдайды және инвестициялық комиссия мүшесінің қатысуымен жария етіледі.
26. Инвестициялық комиссияның тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін конкурс өткізбей бекітіп беру жөніндегі жобалар бойынша шешімі ұсынылған құжаттар мен инвестициялық комиссия мүшелерінің қорытындылары негізінде ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
27. Инвестициялық комиссия мынадай негіздер бойынша бас тартады:
1) жобаның құны осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген мөлшерден аз болуы;
2) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының осы Қағидалардың 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) бизнес-жоспардың осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеуі;
4) жұмыс бағдарламасының осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысанға сәйкес келмеуі;
5) Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы.
28. Отырыс қорытындысы бойынша инвестициялық комиссияның хатшысы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін конкурс өткізбей бекітіп беру мақсатында инвестициялық комиссияның жобаны айқындау жөніндегі хаттамасын (бұдан әрі – инвестициялық комиссияның хаттамасы) жасайды және оны инвестициялық комиссия мүшелеріне қол қоюға жолдайды.
29. Инвестициялық комиссия инвестициялық комиссияның хаттамасына қол қойылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жолдайды.
30. Инвестициялық комиссияның хаттамасы коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
3-тарау. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы шешім қабылдау тәртібі
31. Уәкілетті орган инвестициялық комиссияның хаттамасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) инвестициялық комиссияның оң шешімі болған жағдайда - жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы –;
2) инвестициялық комиссияның теріс шешімі болған жағдайда - жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруден бас тарту туралы.
32. Шешім қабылданған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде уәкілетті органның ведомствосы қабылданған шешім туралы Қазақстан Республикасының заңды тұлғасын хабардар етеді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!33-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2025 № 266 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
33. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру туралы оң шешім қабылданған жағдайда, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы хабарламаны алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде балық шаруашылығы су айдыны учаскесін бекітіп беруге арналған жарнаны енгізеді.
Балық шаруашылығы су айдыны учаскесін бекітіп беруге арналған жарнаның мөлшері мынадай формула бойынша есептеледі:
N= 5 АЕК * S,
мұндағы:
N – балық шаруашылығы су айдыны учаскесін бекітіп беруге арналған жарна;
АЕК – ағымдағы жылға арналған айлық есептік көрсеткіштің мөлшері;
S – балық шаруашылығы су айдыны учаскесінің ауданы, гектар.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!34-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 28.08.2025 № 266 (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
34. Уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі мен Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы арасында балық шаруашылығы су айдыны учаскесін бекітіп беруге арналған жарна енгізілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Заңның 11-бабы 5-тармағына сәйкес уәкілетті орган бекіткен үлгілік нысан бойынша жобаны іске асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінде тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыруға арналған шарт жасалады.
35. Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімі
№ | Балық шаруашылығы су айдыны учаскесінің атауы | Орналасқан жері (координаттарын көрсете отырып) | Физикалық сипаттамасы (ауданы, ұзындығы, ені, тереңдігі) | Биологиялық сипаттамасы | Шаруашылық қызметтің ұсынылатын түрі, бекіту мерзімі | Мәртебесі ("бос", "Қазақстан Республикасының заңды тұлғасынан белсенді өтінім бар", "Қазақстан Республикасының заңды тұлғасына бекітіліп берілген") |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдыны учаскесін бекітіп беруге арналған өтінім
____________________________________________________________
(жобаның толық атауы)
жобасын іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдынының учаскесін бекітіп беру мүмкіндігін қарауды сұраймын.
Жобаның түрі:
Жобаның мақсаты:
Жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімінен жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдынының қажетті учаскесі:
_______________________________________________________________
Қоса беріліп отырған құжаттар:
1) ______________________________________________;
2) ______________________________________________;
3) ______________________________________________;
4) ______________________________________________;
5) ______________________________________________;
6) ______________________________________________.
Күні _____________ Қолы ___________
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Жобаның бизнес-жоспары
1. Бизнес-жоспар мынадай бөлімдерден тұрады:
1) жобаның түйіндемесі;
2) технологиялық бөлім;
3) коммерциялық бөлім.
2. Жобаның түйіндемесі мыналарды қамтиды:
1) заңды тұлға туралы ақпарат:
елді көрсете отырып, шетелдік қатысу үлесі;
2) жоба бойынша ақпарат:
жобаның атауы;
жобаның мақсаты;
болжамды жобаның сипаты (жаңа өндірістер құру);
құрылатын жұмыс орындарының саны (уақытша және тұрақты);
өңірдің бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі.
3. Технологиялық бөлім мыналарды қамтиды:
сатып алынатын және пайдаланылатын тіркелген активтерді, сондай-ақ технологиялық процесте импортталатын шикізат пен материалдарды көрсете отырып, жоба технологиясының сипаттамасы;
жобада заманауи технологияларды қолдану.
4. Коммерциялық бөлім мыналарды қамтиды:
шикізатты, материалдар мен жабдықтарды жеткізу:
пайдаланылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі;
қажетті технологиялық жабдықтардың тізбесі;
технологиялық жабдықтың жаңалығы (шығарылған күні және жабдық моделі);
өтініш берушімен шарттық қатынастардың болуын көрсете отырып, технологиялық жабдықтар мен шикізатты жеткізушілер;
маркетинг:
өнімді өткізу - қай өңірлерге;
төлемге қабілетті сұраныстың болуы, нарықтағы бәсекелестік дәрежесі.
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларына 4-қосымша |
Нысан
Жобаның жұмыс бағдарламасы
№ | Жұмыс түрлері | Өлшем бірлігі | Құрылысжайларды салу және (немесе) пайдалану кезеңінде барлығы | Жылдар бойынша бөлу (бірінші, екінші және кейінгі жылдар) |
1. | Инвестициялар, барлығы | мың теңге | ||
2. | Құрылысжайларды салу және/немесе пайдалану, барлығы | мың теңге | ||
3. | Күрделі шығындар, барлығы | мың теңге | ||
4. | Пайдалану шығындары, барлығы | мың теңге | ||
5. | Жанама шығындар, барлығы | мың теңге | ||
6. | Өзге де пайдалану шығыстары (негізгі баптардың толық жаза отырып) | мың теңге | ||
7. | Өндірістік және инфрақұрылымдық объектілер және оларды салу (құрылысжайлар) мерзімдері, қажет болған жағдайда (егер бар болса) | нысандар саны | ||
8. | Жоба бойынша және өнім түрлері бойынша жалпы жиынтық табыс | мың теңге | ||
9. | Салық салынатын табыс | мың теңге | ||
10. | Салық төлегеннен кейін кәсіпорынның иелігінде қалған таза табыс | мың теңге | ||
11. | Тәуекелдерді сақтандыру, барлығы | мың теңге | ||
12. | Жылдық өнімділік | Қолданылатын өлшем бірлігі/жыл |
Басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі_________________
Күні _____________ Қолы ___________
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру қағидаларына 5-қосымша |
Нысан
Тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін конкурс өткізбей бекітіп беру мақсатында инвестициялық комиссияның жобаны айқындау жөніндегі хаттамасы
_____________________________________ 20__ жылғы "___" ________
(елді мекен)
1. Комиссия құрамында:
_______________________________________ ‒ комиссия төрағасы;
_______________________________________ ‒ комиссия хатшысы;
комиссия мүшелері:
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
_____________________________________________________________
______________________________________________________ құрылған
(инвестициялық комиссия құру туралы шешімді, құжаттың нөмірі мен нөмірін көрсету)
2. Инвестициялық комиссия жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру жөніндегі ұсынылған құжаттарды қарап, мынадай шешім қабылдады:
1) жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беру келісілсін (балық шаруашылығы су айдындары учаскелерінің тізімі қоса беріледі);
2) жобаны іске асыру үшін тор қоршама шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін халықаралық және (немесе) республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының учаскелерін бекітіп беруден бас тартылсын (бас тарту себептерін көрсете отырып, Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының тізімі қоса беріледі).
3. Хаттаманың бір данасы шешім қабылдау үшін уәкілетті органға жіберілсін.
Қолдары:
Комиссия төрағасы: ______________________________________
Комиссия мүшелері:
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
____________________________________________________________
Хатшы: __________________________________________________