Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 28 тамыздағы № 444/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 29 тамызда № 36729 болып тіркелді

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-1-тармағына және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 100-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берiлiп отырған Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Ж. Мадиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрі
2025 жылғы 28 тамыздағы
№ 444/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 5-1-тармағына, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 100-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:

      1) ақпаратты қорғау құралы (бұдан әрі – АҚҚ) – ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етуге арналған және пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым, техникалық және өзге де құралдар;

      2) байланыс арнасы – жиіліктер белдеуінде немесе осы байланыс арнасына тән беру жылдамдығымен телекоммуникация құралдары арасында сигнал беруді қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен тарату ортасының кешені. Байланыс түріне қарай арналар – телефон, телеграф, деректер беру арналары, ал аумақтық белгілері бойынша – халықаралық, қалааралық, аймақтық және жергілікті арналар болып бөлінеді;

      3) байланыс жолдары – тарату жолдары (кәбілдік, радиорелелік, спутниктік және басқалары), байланыстың физикалық тізбектері және жол-кәбілдік, оның ішінде магистральдық (халықаралық және қалааралық) құрылғылары;

      4) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;

      5) радиоэлектрондық құрал – көмекші жабдықты қоса алғанда, радиотолқындарды таратуға және (немесе) қабылдауға арналған және бір немесе бірнеше таратушы және (немесе) қабылдаушы құрылғылардан не олардың құрамаларынан тұратын техникалық құрал;

      6) телекоммуникация құралдары (байланыс құралдары) – электрмагниттік немесе оптикалық сигналдарды қалыптастыруға, таратуға, қабылдауға, сақтауға, өңдеуге, коммутациялауға немесе оларды басқаруға мүмкіндік беретін техникалық құрылғылар, жабдық, жүйелер және бағдарламалық құралдар.

2-тарау. Байланыс операторларының мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында ақпаратты қорғау құралдарын қолдануды өтеусіз негізде қамтамасыз ету тәртібі

      3. Байланыс операторлары мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына кірмейтін және радиоэлектрондық құралдарды пайдаланып, ақпарат беруді жүзеге асыратын байланыс жолдары мен арналарында мемлекеттік органдарға байланыс қызметтерін көрсету кезінде (бұдан әрі – байланыс жолдары мен арналары) осы байланыс жолдары мен арналарында өтеусіз негізде АҚҚ қолдануды қамтамасыз етеді.

      4. Байланыс жолдары мен арналарында АҚҚ-ны қолдану мемлекеттік орган мен байланыс операторы арасындағы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарт шеңберінде өтеусіз негізде жүзеге асырылады.

      5. Байланыс операторы байланыс қызметтерін көрсету басталғанға дейін байланыс жолдары мен арналары бойынша АҚҚ-ны қолданатыны туралы мемлекеттік органды хабардар етеді.

      6. Байланыс операторы қорғау құралдарының іркіліссіз, байланыс сапасын төмендетпей немесе мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерінің функционалдығын шектемей дұрыс жұмыс істеуі мақсатында байланыс жолдары мен арналарында қолданылатын АҚҚ-ның мемлекеттік органның байланыс жолдары мен арналарына қосылған техникалық құралдарымен үйлесімділігін қамтамасыз етеді.

      7. Байланыс операторы байланыс жолдары мен арналарында АҚҚ-ны баптау және сүйемелдеу процесін қамтамасыз етеді және мемлекеттік органның сұрау салуы бойынша байланыс жолдары мен арналарында АҚҚ-ның конфигурациясы, параметрлері, қолданылатын алгоритмдері мен жұмыс режимдері туралы ақпаратты ұсынады.

      8. Байланыс операторы байланыс жолдары мен арналарында АҚҚ-ны қолдану кезінде берілетін ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етеді және берілетін деректер мазмұнын мониторингілеу, талдау, ұстап қалу немесе сақтау үшін аталған ақпаратты қорғау құралдарын қолданбайды.

      9. Байланыс жолдары мен арналарындағы АҚҚ-ға:

      1) рұқсатсыз кіруден қорғау үшін ақпаратты криптографиялық түрлендіру алгоритмдерін іске асыратын жеке шифрлау құралдары (аппараттық, бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық);

      2) телекоммуникация құралдарына ендірілген, олардың ажырамас бөлігі болып табылатын және оларды байланыс жолдары мен арналары арқылы беру кезінде деректерді қорғауды қамтамасыз ететін хаттамалар мен шифрлау технологиялары;

      3) деректерді рұқсатсыз кіруден, модификациядан немесе таралып кетуден қорғауға арналған технологиялық шешімдер жатады.

      10. Байланыс жолдары мен арналарында қолданылатын АҚҚ деректерді ашық (шифрланбаған) түрде берілуін болдырмауды көздейді.

      11. Байланыс жолдары мен арналарында қолданылатын АҚҚ тізбесін байланыс операторлары осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес қалыптастырады.

Об утверждении Правил обеспечения на безвозмездной основе операторами связи применения средств защиты информации на линиях и каналах связи, не входящих в единую транспортную среду государственных органов и осуществляющих передачу информации с использованием радиоэлектронных средств, при оказании услуг связи государственным органам

Приказ Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 августа 2025 года № 444/НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 29 августа 2025 года № 36729

      В соответствии с пунктом 5-1 статьи 21 Закона Республики Казахстан "О связи" и подпунктом 100-1) пункта 15 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 24 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила обеспечения на безвозмездной основе операторами связи применения средств защиты информации на линиях и каналах связи, не входящих в единую транспортную среду государственных органов и осуществляющих передачу информации с использованием радиоэлектронных средств, при оказании услуг связи государственным органам.

      2. Комитету телекоммуникаций Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа представление в Юридический департамент Министерства цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
Ж. Мадиев

      "СОГЛАСОВАН"
Комитет национальной безопасности
Республики Казахстан

  Утверждены
приказом Министр цифрового
развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан
от 28 августа 2025 года № 444/НҚ

Правила обеспечения на безвозмездной основе операторами связи применения средств защиты информации на линиях и каналах связи, не входящих в единую транспортную среду государственных органов и осуществляющих передачу информации с использованием радиоэлектронных средств, при оказании услуг связи государственным органам

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила обеспечения на безвозмездной основе операторами связи применения средств защиты информации на линиях и каналах связи, не входящих в единую транспортную среду государственных органов и осуществляющих передачу информации с использованием радиоэлектронных средств, при оказании услуг связи государственным органам (далее – Правила), разработаны в соответствии с пунктом 5-1 статьи 21 Закона Республики Казахстан "О связи", подпунктом 100-1) пункта 15 Положения о Министерстве цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 12 июля 2019 года № 501 "О мерах по реализации Указа Президента Республики Казахстан от 17 июня 2019 года № 24 "О мерах по дальнейшему совершенствованию системы государственного управления Республики Казахстан" и определяют порядок обеспечения на безвозмездной основе операторами связи применения средств защиты информации на линиях и каналах связи, не входящих в единую транспортную среду государственных органов и осуществляющих передачу информации с использованием радиоэлектронных средств, при оказании услуг связи государственным органам.

      2. В настоящих Правилах применяются следующие основные понятия:

      1) средство защиты информации (далее – СЗИ) – программное обеспечение, технические и иные средства, предназначенные и используемые для обеспечения защиты информации; 2) канал связи – комплекс средств телекоммуникаций и среды распространения, обеспечивающий передачу сигнала между средствами телекоммуникаций в полосе частот или со скоростью передачи, характерной для данного канала связи. В зависимости от вида связи каналы подразделяются на телефонные, телеграфные, передачи данных, а по территориальному признаку – на международные, междугородные, зоновые и местные;

      3) линии связи – линии передачи (кабельные, радиорелейные, спутниковые и другие), физические цепи и линейно-кабельные сооружения связи, в том числе магистральные (международные и междугородные);

      4) оператор связи – физическое или юридическое лицо, зарегистрированное на территории Республики Казахстан, оказывающее услуги связи и (или) эксплуатирующее сети связи;

      5) радиоэлектронное средство – техническое средство, предназначенное для передачи и (или) приема радиоволн и состоящее из одного или нескольких передающих и (или) приемных устройств либо их комбинаций, включая вспомогательное оборудование;

      6) средства телекоммуникаций (средства связи) – технические устройства, оборудование, системы и программные средства, позволяющие формировать, передавать, принимать, хранить, обрабатывать, коммутировать электромагнитные или оптические сигналы или управлять ими.

Глава 2. Порядок обеспечения на безвозмездной основе операторами связи применения средств защиты информации на линиях и каналах связи, не входящих в единую транспортную среду государственных органов и осуществляющих передачу информации с использованием радиоэлектронных средств, при оказании услуг связи государственным органам

      3. Операторы связи при оказании услуг связи государственным органам на линиях и каналах связи, не входящих в единую транспортную среду государственных органов и осуществляющих передачу информации с использованием радиоэлектронных средств (далее – линии и каналы связи) обеспечивают на безвозмездной основе на данных линиях и каналах связи применение СЗИ.

      4. Применение СЗИ на линиях и каналах связи осуществляется безвозмездно в рамках договора на оказание услуг связи между государственным органом и оператором связи.

      5. Оператор связи уведомляет государственный орган о применении СЗИ на линиях и каналах связи до начала предоставления услуг связи.

      6. Оператор связи обеспечивает совместимость применяемых СЗИ на линиях и каналах связи с техническими средствами государственного органа, подключенными к линиям и каналам связи в целях корректной работы средств защиты без сбоев, снижения качества связи или ограничения функциональности информационных систем государственного органа.

      7. Оператор связи обеспечивает процесс настройки и сопровождения СЗИ на линиях и каналах связи и предоставляет по запросу государственного органа доступ к информации о конфигурации, параметрах, используемых алгоритмах и режимах работы СЗИ на линиях и каналах связи.

      8. Оператор связи обеспечивает конфиденциальность передаваемой информации при применении СЗИ на линиях и каналах связи и не использует указанные средства защиты информации для мониторинга, анализа, перехвата или хранения содержимого передаваемых данных.

      9. К СЗИ на линиях и каналах связи относятся:

      1) отдельные средства шифрования (аппаратные, программные и программно-аппаратные), реализующие алгоритмы криптографического преобразования информации для защиты информации от несанкционированного доступа;

      2) протоколы и технологии шифрования, встроенные в средства телекоммуникаций, являющиеся их неотъемлемой частью и обеспечивающие защиту данных при их передаче через линии и каналы связи;

      3) технологические решения, предназначенные для защиты данных от несанкционированного доступа, модификации или утечки.

      10. Применяемые СЗИ на линиях и каналах связи предусматривают исключение передачи данных в открытом (незашифрованном) виде.

      11. Перечень применяемых СЗИ на линиях и каналах связи формируется операторами связи в соответствии с пунктом 9 настоящих Правил.