"Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2025 жылғы 20 тамыздағы № 33 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36702 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 30 наурыздағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20269 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" және "Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидаларында:

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Есептік тіркеуден өту және коллекторлық агенттіктердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", "Рұқсаттар және хабарламалар туралы", "Коллекторлық қызмет туралы" (бұдан әрі – Заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген және коллекторлық агенттіктердің есептік тіркеуден өту және тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Коллекторлық агенттіктің құрылтайшылары (қатысушылары) туралы және (немесе) басшы қызметкерлері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, коллекторлық агенттік Қағидаларға 1-қосымшаның 2, 3 және 5-тармақтары бойынша, банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт шеңберінде кредитормен міндеттемелермен байланысты борышкерлермен және (немесе) олардың өкілдерімен, және (немесе) үшінші тұлғалармен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлер туралы, сондай-ақ филиалдар және (немесе) өкілдіктер туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша осындай өзгерістер болған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде уәкілетті органды жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етеді.

      Коллекторлық агенттіктің орналасқан жері не атауы және (немесе) борышкерлермен байланыс жасауға арналған телефон нөмірлері өзгерген жағдайда, коллекторлық агенттік Қағидаларға 1-қосымшаның 1-тармағының 2) тармақшасы және 6-тармағы бойынша осындай өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органды жазбаша немесе электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы хабардар етеді.".

      2. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің Төрағасы
М. Абылкасымова

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

О внесении изменений в постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 30 марта 2020 года № 49 "Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации и ведения реестра коллекторских агентств"

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка от 20 августа 2025 года № 33. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 28 августа 2025 года № 36702

      Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правления Агентства Республики Казахстан Республики Казахстан от 30 марта 2020 года № 49 "Об утверждении Правил прохождения учетной регистрации и ведения реестра коллекторских агентств" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20269) следующие изменения:

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с законами Республики Казахстан "О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций", "О государственных услугах", "О разрешениях и уведомлениях" и "О коллекторской деятельности" Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка ПОСТАНОВЛЯЕТ:";

      в Правилах прохождения учетной регистрации и ведения реестра коллекторских агентств, утвержденных указанным постановлением:

      абзац первый пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Правила прохождения учетной регистрации и ведения реестра коллекторских агентств (далее – Правила) разработаны в соответствии с законами Республики Казахстан "О государственном регулировании, контроле и надзоре финансового рынка и финансовых организаций", "О государственных услугах", "О разрешениях и уведомлениях", "О коллекторской деятельности" (далее – Закон) и определяют порядок учетной регистрации и ведения реестра коллекторских агентств.";

      пункт 15 изложить в следующей редакции:

      "15. В случае изменения сведений об учредителях (участниках) и (или) о руководящих работниках коллекторского агентства, коллекторское агентство письменно или посредством системы электронного документооборота уведомляет уполномоченный орган в течение 15 (пятнадцати) рабочих дней с даты таких изменений по пунктам 2, 3 и 5 приложения 1 к Правилам, сведений о работниках, которые будут взаимодействовать с должниками и (или) их представителями, и (или) третьими лицами, связанными обязательствами с кредитором в рамках договора банковского займа или договора о предоставлении микрокредита, а также о филиалах и (или) представительствах, по формам согласно приложениям 2 и 3 к Правилам.

      В случае изменения места нахождения либо наименования и (или) телефонных номеров коллекторского агентства для контактов с должниками коллекторское агентство письменно или посредством системы электронного документооборота уведомляет уполномоченный орган в срок не позднее 3 (трех) календарных дней с даты таких изменений, по подпункту 2) пункта 1 и пункту 6 приложения 1 к Правилам.".

      2. Департаменту регулирования небанковских организаций в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) совместно с Юридическим департаментом государственную регистрацию настоящего постановления в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего постановления на официальном интернет-ресурсе Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего постановления представление в Юридический департамент сведений об исполнении мероприятия, предусмотренного подпунктом 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя Председателя Агентства Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель Агентства
Республики Казахстан
по регулированию и развитию
финансового рынка
М. Абылкасымова

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан