Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 25-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 492) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі бекітілсін.
2. Мынадай бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24170 болып тіркелген);
2) "Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен халыққа берілген ауызсудың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021 жылғы 27 тамыздағы № 470 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 538 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30042 болып тіркелген)
3. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 306 бұйрығымен бекітілген |
Ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне төлемақы мөлшерін есептеу Әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Су кодексі) 25-бабының 7) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 864 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі туралы Ереженің 15-тармағы 492) тармақшасына сәйкес әзірленді және облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіндегі елді мекендерді сумен жабдықтау жүйелерінің өлшемшарттарына сәйкес ауызсуды беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне халықтың төлемақысының мөлшерін есептеу алгоритмін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) әкімші – облыс әкімі айқындайтын, облыстың жергілікті атқарушы органының тұрғын үй-коммуналдық қатынастар саласына жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшесі;
2) суды есепке алу аспабы – нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар, белгілі бір уақыт аралығы ішінде физикалық шама бірлігін жаңғыртатын және сақтайтын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен суды коммерциялық есепке алу үшін қолдануға рұқсат етілген су көлемін (ауызсу, техникалық, сарқынды және басқа да су түрлерін) өлшеуге арналған техникалық құрал;
3) сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйым – елді мекендерде сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін пайдалануды жүзеге асыратын су шаруашылығы ұйымы;
4) су тұтынушы – су шаруашылығы ұйымдарының немесе су пайдаланушыларының су беру жөніндегі қызметтерін пайдаланатын не ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінен су тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
5) тариф – реттелетін қызмет құнының ақшалай көрінісі;
6) төлемақы мөлшері – облыстардың жергілікті атқарушы органдары бекіткен тізбелер бойынша ауызсу беру жөніндегі қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауызсудың бір текше метріне халық үшін белгіленген төлем.
2-тарау. Төлем мөлшерін есептеу
3. Халық үшін төлем мөлшерін есептеу үшін әкімші:
1) облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада сумен жабдықтау және су бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополиялардың негізгі субъектілері бойынша республика бойынша орташа тарифтерді есептейді;
2) облыс бойынша орташа тарифтерді есептейді
3) облыс бойынша әлеуметтік-экономикалық талдау жүргізеді;
4) әлеуметтік-экономикалық талдау қорытындысы бойынша қорытынды дайындайды.
4. Облыс бойынша орташа тариф мына формулалар бойынша есептеледі:
1) бар тұтынушылар (халық) үшін:
Мұндағы:
n - сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтердің жалпы саны (халық үшін).
5. Облыс бойынша әлеуметтік-экономикалық талдауды дайындау үшін әкімші мемлекеттік жоспарлау, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардан және табиғи монополиялар субъектілерінен орташа жалақы, жан басына шаққандағы орташа табыс, жұмыссыздық деңгейі, сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер, сумен жабдықтау қызметтеріне жиналатын қаражат бойынша, соңғы үш жылдағы ақпаратты және келесі үш жылдық кезеңге күтілетін болжамды сұратады.
6. Республика бойынша облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополиялардың негізгі субъектілері бойынша орташа тарифті, сондай-ақ облыс бойынша орташа тарифті есептеу үшін әкімші табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінен облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополиялардың негізгі субъектілері бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне (халық үшін) тарифтерді бекіту туралы қолданыстағы бұйрықтарды және сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы қолданыстағы бұйрықтарды сұратады (халық үшін) тиісті жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша тиісті облыс аумағында cұратады.
7. Облыс бойынша жүргізілген әлеуметтік-экономикалық талдау қорытындылары бойынша әкімші осы Әдістеменің 5-тармағында көрсетілген көрсеткіштерді ескере отырып, есептелген төлем мөлшерін негіздейтін қорытындыны дайындайды.
8. Қорытындыны мемлекеттік жоспарлау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті органдармен келісу бойынша әкімшінің басшысы бекітеді.
9. Төлемақы мөлшерін белгілеуге осы Әдістеменің 4-тармағына сәйкес есептелген тиісті жылдың 1 қаңтарына республикадағы облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада сумен жабдықтау және (немесе) су бұру қызметтерін көрсететін табиғи монополиялардың негізгі субъектілері бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне орташа тариф (халық үшін) және облыс бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне (халық үшін) орташа тариф шегінде жол беріледі.
Бұл ретте, тәулігіне бір адамға су тұтыну нормативтері 140 (жүз қырық) литр көлемінен асқан жағдайда, әкімші 1,3 коэффициентін қолдануды ескере отырып, келесі көлемге төлемақы мөлшерін есептейді.
10. Табиғи монополиялар субъектілері ұсынатын, реттеліп көрсетілетін сумен жабдықтау қызметтеріне тарифтер бойынша бастапқы деректер табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын аумақтық мемлекеттік органдар бұйрықтарының көшірмелерімен және (немесе) ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтерді төмендету туралы табиғи монополиялар субъектілерінің шешімдерімен расталады.
11. Төлемақы мөлшері "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес белгіленген тарифтердің мерзіміне есептеледі.
12. Хабарлау және жария талқылау мақсатында Әкімші жергілікті атқарушы органның ресми интернет-ресурсында әлеуметтік-экономикалық талдауды, қорытындыны және алдын ала есептелген төлем мөлшерін орналастырады.
13. Әкімші Су кодексінің 27-бабының 2) тармақшасына сәйкес төлемақының есептелген мөлшерін облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге ұсынады.
14. Облыстардың жергілікті өкілді органдары Су кодексінің 26-бабының 2-тармағына сәйкес төлемақы мөлшерін бекітеді.