БҰЙЫРАМЫН:
1. "Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 13 ақпандағы № 112 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10488 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 68) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 68) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит қызметін жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеу тәртібін айқындайды.
2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға сараптама ұйымдарын аккредиттеуді азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомствосы жүзеге асырады.
Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторына, сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
3-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада (бұдан әрі – Тізбе) жазылған.";
4-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қызметті беруші көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына тиісті аккредиттеу аттестатын бірмезгілде бере отырып, Тізбеге сәйкес аттестаттау жөніндегі өзінің шешімі туралы не аттестаттаудан дәлелді бас тарту туралы өтініш берушілерді хабардар етеді.";
"Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
"Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі сараптама ұйымдарын аккредиттеу" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі |
";
реттік нөмірлері 3 және 4-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
3 | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі | 6 жұмыс күні. |
4 | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған). |
";
реттік нөмірлері 8 және 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
".
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі |
Ч. Аринов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі