"Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 19 тамыздағы № 340 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 20 тамызда № 36646 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, мемлекеттік органдарды құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 945 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10151 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 49) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін;

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
Ч. Аринов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ғылым және жоғары

      білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      көлік министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және ақпарат министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сауда және интеграция министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Су ресурстары және ирригация министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Туризм және спорт министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экология және табиғи ресурстар

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрі
2025 жылғы 19 тамыздағы
№ 340 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2014 жылғы 26 желтоқсанда
№ 945 бұйрығымен бекітілген

Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 1-тармағының 49) тармақшасына сәйкес әзірленді және азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру, бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлар кезінде халықты, басқару органдарын құлақтандыру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мына терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) азаматтық қорғау – өрт, өнеркәсіптік және сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру, сақтау және пайдалану жөніндегі іс-шараларды қамтитын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алуға және оларды жоюға, азаматтық қорғанысты ұйымдастыруға және жүргізуге, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге бағытталған, бейбіт және соғыс уақытында жүргізілетін жалпымемлекеттік іс-шаралар кешені;

      2) азаматтық қорғау күштері – азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары, мемлекеттік, кәсіби, салалық өртке қарсы қызметтердің бөлімшелері, азаматтық қорғау құралымдары, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның авиациясы және теңіз ұйымы, жағдайды байқау, бақылау және болжау қызметтері;

      3) азаматтық қорғау қызметі – азаматтық қорғаудың арнайы іс-шараларын орындауға арналған азаматтық қорғаудың басқару органдары мен күштерінің республикалық, облыстық, қалалық, аудандық жүйелері;

      4) азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесі (бұдан әрі – құлақтандыру жүйесі) – адамдардың өмірі мен денсаулығына төнген қатер туралы, қалыптасқан жағдайда әрекет ету тәртібі туралы ақпаратты халыққа және басқару органдарына жеткізуді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығы;

      5) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және Азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) "Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы – төтенше жағдайлар туындау қатері төнген немесе туындаған кезде халықтың назарын аудару үшін сиреналар немесе басқа да сигнал беру құралдары арқылы берілетін құлақтандырудың бірыңғай сигналы;

      7) төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру – бұл халыққа табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері немесе туындауы кезінде туындайтын қауіптер туралы, сондай-ақ қалыптасқан жағдайда халықтың мінез-құлық қағидалары туралы "Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы мен шұғыл ақпаратты жеткізу.

      3. Құлақтандыру жүйесінің міндеті халыққа және басқару органдарына сигналдарды және құлақтандыру ақпаратын уақтылы, кепілді және анық жеткізу, сондай-ақ бейбіт және соғыс уақытында мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің жыл бойы жұмыс істеуі және барлық жұмыс істеу режимдерінде пайдалануға тұрақты әзірлігі болып табылады.

2-тарау. Құлақтандыру жүйесін ұйымдастыру тәртібі

      4. Құлақтандыру жүйесі:

      1) республикалық деңгейде – Қазақстан Республикасының аумағын қамти отырып, республикалық құлақтандыру жүйесі;

      2) аумақтық деңгейде – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтарын қамти отырып, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесі;

      3) объектілік деңгейде – мыналардың:

      адамдар жаппай жиналатын объектінің;

      қауіпті өндірістік объектінің;

      гидротехникалық құрылыстың төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын аумақ пен халықты қамти отырып жергілікті құлақтандыру жүйесі ұйымдастырылады.

      5. Республикалық құлақтандыру жүйесі:

      1) Қазақстан Республикасының халқына;

      2) азаматтық қорғаудың басқару органдарына;

      3) азаматтық қорғаудың күштеріне;

      4) уәкілетті органның аумақтық органдарына құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.

      6. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың құлақтандыру жүйесі:

      1) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің өкімі бойынша облыс (облыс аумағының бір бөлігі), республикалық маңызы бар қала, астана халқына не аудан, облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ халқына;

      2) жергілікті атқарушы органдарға және өзге де мемлекеттік органдарға;

      3) шұғыл және авариялық қызметтерге;

      4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы азаматтық қорғау күштеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.

      7. Жергілікті құлақтандыру жүйесі (бұдан әрі - ЖҚЖ):

      1) төтенше жағдай таралатын есепті аймаққа жататын халыққа;

      2) қауіпті өндірістік объектіні және гидротехникалық құрылысты пайдаланатын ұйым жұмыскерлеріне;

      3) адамдар жаппай болатын объектінің аумағындағы жеке тұлғаларға;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге қызмет көрсететін авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарына;

      5) төтенше жағдай таралатын есепті аймақта орналасқан заңды тұлғалардың басшыларына және кезекшілік-диспетчерлік қызметтеріне құлақтандыру сигналдарын және ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді.

      8. Республикалық және аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін құруды, дамытуды және тұрақты әзірлікте ұстауды, оның ішінде пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы және ағымдағы жөндеуді, құлақтандыру жүйелерінің байланыс арналарын, ұйымдастыру мен күтіп ұстауды уәкілетті орган, оның аумақтық органдары және жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады.

      Құлақтандыру жүйесінің негізгі (орнатылған) жабдығын, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуін (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) құру, толықтыру, жаңғырту және жете жарақтандыру бойынша бірыңғай техникалық саясатты айқындауды уәкілетті орган ҚР СТ 3432-2019 "Халықты құлақтандырудың техникалық құралдары. Жіктеу. Жалпы техникалық талаптар" Ұлттық стандартына сәйкес жүзеге асырады.

      9. Құлақтандырудың техникалық құралдарын орналастыруды ұйымдастыру жергілікті атқарушы органдармен жүзеге асырылады

      10. Объектілік деңгейдегі құлақтандыру жүйесін құруды, дамытуды және тұрақты әзірлікте ұстауды, оның ішінде құлақтандыру жүйелерінің жабдықтарын пайдалануды, техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы және ағымдағы жөндеуді, сондай-ақ олардың үздіксіз жұмыс істеуі үшін қажетті байланыс арналарын, оның ішінде аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің басқарушы жабдығына дейін ұйымдастыру мен күтіп ұстауды қауіпті өндірістік объектілерді, гидротехникалық құрылыстарды және адамдар жаппай болатын объектілерді пайдаланатын ұйымдар (бұдан әрі – ұйымдар) жүзеге асырады.

      11. ЖҚЖ-ның іс-әрекет аймағының шекаралары қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстар орналасқан аумақтардан тыс жерлерде тұратын немесе шаруашылық қызметті жүзеге асыратын халықтың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін авариялардан қауіпті факторлардың әсер ету аумағының (аймағының) шекаралары болып табылады.

      ЖҚЖ-ның әрекет ету аймағының шекаралары:

      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 341 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10257 болып тіркелген) қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясын әзірлеу қағидаларында айқындалатын негізгі зақымдаушы факторлардың әсер ету аймақтарына (авариялардың, инциденттердің әртүрлі сценарийлері кезіндегі негізгі зақымдаушы факторлардың әсер ету аймағын бағалау) сәйкес қауіпті өндірістік объектілерді;

      Қазақстан Республикасының Су кодексінің 70-бабының 2-тармағына сәйкес бекітілген Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы регламентімен анықталатын су жайылу аймақтарының, қоршаған ортаға зиянды әсер ету аймақтарының шекараларына сәйкес гидротехникалық құрылыстарды құру (реконструкциялау) жөніндегі техникалық тапсырманы әзірлеу кезінде айқындалады.

      12. Гидротехникалық құрылыстардағы ЖҚЖ халыққа қатер төндіретін гидротехникалық құрылыстардың тізбесіне сәйкес ұйымдастырылады.

      13. Бір-біріне жақын орналасқан әртүрлі ұйымдар пайдаланатын бірнеше қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстарды орналастыру кезінде осы ұйымдар басшылығының бірлескен шешімі бойынша бірыңғай ЖҚЖ құруға жол беріледі.

      Бұл ретте әрбір ұйымның өз аумағы шегінде жеке объектілік құлақтандыру жүйесі болады.

      14. Қауіпті өндірістік объектілерде және гидротехникалық құрылыстарда ықтимал авариялар кезінде елді мекендер негізгі зақымдаушы факторлардың әсер ету аймағына және су басу аймағына, қоршаған ортаға зиянды әсер ету аймақтарының шекараларына түскен жағдайда, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, аталған елді мекендерді құлақтандыру жүйесін құруға жол беріледі.

      ЖҚЖ аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің басқарушы жабдығынан іске қосылады.

      15. Халықты құлақтандыру және ақпаратты жеткізу үшін телерадио хабарларын тарату трансляциясын үзу арқылы ақпараттық бейне және дыбыстық хабарламаларды беру Қазақстан Республикасының "Масс-медиа туралы" Заңына сәйкес жүзеге асырылады.

      16. Энергиямен жабдықтау және телекоммуникация желілерінің жұмысы бұзылған кезде халықты құлақтандыру қол жетімді хабарлау құралдарын, уәкілетті органның құлақтандыру автомобильдерін, мемлекеттік органдардың және дауыс зорайтқыш қондырғылары бар азаматтық қорғау қызметтерінің қызметтік көлік құралдарын пайдалана отырып ұйымдастырылады.

      17. Уәкілетті орган және оның аумақтық органдары азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын бейбіт және соғыс уақытында төтенше жағдайлардың қатері немесе туындауы туралы уақтылы құлақтандыру мақсатында, оларды қолда бар техникалық құралдарды пайдалану арқылы құлақтандыру үшін адамдардың тізімдерін (бұдан әрі – құлақтандыру тізімдері) қалыптастырады.

      Тізімдерді қалыптастыру үшін ақпаратты мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің басқару органдары уәкілетті органға және оның аумақтық органдарына ай сайын келесі айдың 5-күніне және/немесе тиісті мәліметтер өзгерген кезде дереу ұсынады.

      18. Барлық деңгейдегі құлақтандыру жүйелерінің сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналын бере отырып және халыққа бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, халықтың ұялы телефондарына ұялы байланыс операторларының желілері арқылы мәтіндік хабарламаларды, оның ішінде хабарламаларды кең таратымды технологиясы (бұдан әрі – Cell Broadcast) арқылы ақпараттық хабарламалар бере отырып, жылына кемінде бір рет республикалық құлақтандыру жүйесінің әзірлігін және тоқсанына кемінде бір рет облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құлақтандыру жүйесінің құлақтандыру жүйесінің әзірлігін тексеру жүзеге асырылады.

      19. Республикалық құлақтандыру жүйесінің техникалық тексеруді жүзеге асыру және азаматтық қорғау бойынша республикалық оқу-жаттығулар өткізу кезінде республикалық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосу туралы өкімді уәкілетті органның басшысы береді.

      Облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың құлақтандыру жүйесінің техникалық тексеруді жүзеге асыру және азаматтық қорғау бойынша оқу-жаттығулар өткізу кезінде аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосуға өкімді уәкілетті органның аумақтық органының басшысы береді.

3-тарау. Төтенше жағдайлар кезінде халықты және мемлекеттік органдарды құлақтандыру тәртібі

      20. Құлақтандыру тәртібі тиісті ден қою шараларын қабылдау үшін төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы туралы ақпаратты басқару органдарына жедел жеткізуді, сондай-ақ халыққа төтенше жағдайдың қаупі немесе туындауы туралы "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналын және қалыптасқан жағдайда іс-қимыл тәртібі туралы ақпараттық хабарларды жеткізуді білдіреді.

      21. Жаһандық ауқымдағы төтенше жағдайдың қатері және туындауы туралы ақпарат келіп түскен сәттен бастап уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен – Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бастығымен халыққа, уәкілетті органның аумақтық органдарына, мемлекеттік басқару органдарына және жергілікті атқарушы органдарға дереу құлақтандыратын республикалық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің іске қосылуын келіседі.

      Өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайдың қатері және туындауы кезінде құлақтандыру жүйесін іске қосу туралы өкімді уәкілетті органның басшысы, жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайдың қатері және туындауы кезінде – аумақтық органның басшысы береді.

      Жергілікті ауқымдағы төтенше жағдайдың қатері және туындауы туралы ақпарат келіп түскен сәттен бастап аумақтық органның жедел кезекшісі уәкілетті органның жедел кезекшісіне және аумақтық органның тікелей басшысына шұғыл түрде хабар береді, ол барлық қолжетімді байланыс құралдарын пайдалана отырып, қысқа мерзімде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкімімен аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосу туралы өкімді келіседі.

      Халықты шұғыл құлақтандыруды талап ететін төтенше жағдайлар қатері және туындаған кезде уәкілетті органның жедел-кезекші қызметінің және оның аумақтық органдарының лауазымды адамдарына уәкілетті лауазымды адамдардың өкімін күтпей, құлақтандыру жүйесін іске қосуға жол беріледі.

      Ұйымдардың басшылары немесе олардың кезекші-диспетчерлік қызметтері аумақтық органның жедел кезекшісінің командасы бойынша немесе объектіде төтенше жағдайдың қатері және туындауы кезінде өз бетінше ұйым жұмыскерлерін, авариялық-құтқару қызметтерін, кезекші-диспетчерлік қызметтерді және төтенше жағдай таралу аймағында тұратын халықты объектілік деңгейдегі құлақтандыру жүйелерін іске қосу арқылы құлақтандырады.

      22. Төтенше жағдай қолданылатын кезеңде аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесін іске қосу туралы өкімді "Төтенше жағдай туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төтенше жағдай енгізілген аумақтың коменданты береді.

      23. Құлақтандыру жүйесін іске қосу туралы өкімді алынғаннан кейін аумақтық органдардың жедел кезекшілері құлақтандыру тізімдеріне сәйкес лауазымды тұлғаларды құлақтандыруды ұйымдастырады, сондай-ақ халықтың назарын аудару мақсатында "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналын беруді жүзеге асырады.

      24. "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналы берілген сәттен бастап аумақтық органдардың жедел кезекшілері төтенше жағдайдың қатері және туындауы туралы ақпараттық хабарламаларды және қалыптасқан жағдайда халықтың іс-қимыл жасау жөніндегі нұсқаулықтарды мынадай тәсілдермен шұғыл жеткізуді:

      1) эфирлік телерадио хабарларын тарату арналарының трансляциясын үзу арқылы ақпараттық бейне және дыбыстық хабарламаларды беруді;

      2) халықтың ұялы телефондарына ұялы байланыс операторларының желілері арқылы, оның ішінде Cell Broadcast технологиясы арқылы мәтіндік хабарламаларды беруді;

      3) деректерді сымсыз желілер арқылы мобильді қосымшаларды пайдалана отырып дыбыстық, графикалық, мәтіндік және дауыстық хабарламаларды беруді;

      4) сиреналық-сөйлеу құрылғылар мен әртүрлі ведомстволық тиесіліліктегі жылжымалы құлақтандыру құралдарын пайдалана отырып, дыбыстық және дауыстық хабарларды беруді;

      5) халық жаппай жиналатын жерлерде орналасқан ақпараттық терминалдарды пайдвлана отырып мәтіндік хабарламаларды беруді;

      6) Ақпаратты ведомстволық интернет-ресурста, уәкілетті органның және оның аумақтық органдарының әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарында, сондай-ақ өзге де қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруды ұйымдастырады.

      25. "Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы іске қосылған кезде құлақтандыру жүйесі халыққа төтенше жағдайдың қатері немесе туындауы туралы ақпаратты және қалыптасқан жағдайда адамдардың іс-қимыл жасау тәртібі туралы ақпаратты бір мезгілде және бірнеше рет қайталап жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

      26. "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру сигналын беру ұзақтығы 1 минутты құрайды. Сигналдан кейін мемлекеттік және орыс тілдерінде ұзақтығы 5 минутқа дейінгі ақпараттық хабарлама таратылады.

      Ақпараттық хабарламаны бір сағат ішінде үш рет қайталауға жол беріледі және қайталау құлақтандыру жүйесін пайдалануды аяқтау туралы шешім қабылданғаннан кейін тоқтатылады.

      27. "Баршаның назарына!" құлақтандыру сигналы бойынша халық орын алған жағдайда қандай іс-қимыл жасау туралы нұсқаулықтарды алу және орындау үшін қолжетімді ақпаратты қабылдау құралдарын пайдаланады.

      28. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың қатері немесе туындауы туралы, оның ішінде қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану туралы бақылау, жағдайды бақылау және болжау қызметтері, оның ішінде сейсмологиялық қызмет, сел құлақтандыру жүйелері, радиациялық жағдайды бақылау және өзге де меншік нысанына қарамастан құзыретті ұйымдар қалыптастырып, аумақтық органдар мен уәкілетті органның жедел-кезекші қызметтеріне береді.

      Аумақтық органдардың және уәкілетті органның жедел-кезекші қызметтерінің жоғарыда көрсетілген ақпаратты алуы осы Қағидалардың 21- тармағына сәйкес халықты және басқару органдарын құлақтандыруды ұйымдастыру үшін негіз болып табылады.

      29. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың қатері немесе туындауы, оның ішінде қазіргі заманғы зақымдау құралдарын қолдану туралы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери бөлімдерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жеке құрамына және әскери қалашықтардың халқына құлақтандыру және ақпарат жеткізу тәртібін тиісті құрамалардың, бөлімдер мен бөлімшелердің командирлері уәкілетті органның аумақтық органдарымен бірлесіп айқындайды.

      30. Құлақтандыру жүйелері іске қосылған кезде жедел кезекшілердің іс-қимылдарын және ақпараттық хабарламалардың мәтіндерін уәкілетті органның аумақтық органдары әзірлейді және қабылдайды.

      31. Төтенше жағдайдың қатеріне немесе туындауына байланысты емес ақпараттық (профилактикалық) сипаттағы ақпаратты халыққа жеткізу үшін құлақтандыру жүйесі ("Баршаның назарына!" бірыңғай сигналын бермей) пайдаланылады. Ақпаратты беру сиреналық-сөйлеу құрылғылары арқылы үш рет ойнату, теле- және радио хабарларын тарату желілерін ұстап қалу, мобильді қосымшаларда, ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердің аккаунттарында жариялау, сондай-ақ Cell Broadcast технологиясын қоса алғанда, ұялы байланыс операторларының желілері бойынша мәтіндік хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асырылады.

      Ақпаратты сиреналық-сөйлеу құрылғылары арқылы жеткізу сағат 08:00-ден 22:00-ге дейінгі кезеңде жүзеге асырылады.

О внесении изменений в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 945 "Об утверждении Правил организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, государственных органов при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время"

Приказ Министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан от 19 августа 2025 года № 340. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 20 августа 2025 года № 36646

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 26 декабря 2014 года № 945 "Об утверждении Правил организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, государственных органов при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10151) следующие изменения:

      заголовок приказа изложить в следующей редакции:

      "Об утверждении Правил организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, органов управления при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время";

      преамбулу изложить в следующей редакции:

      "В соответствии с подпунктом 49) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", ПРИКАЗЫВАЮ:";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Утвердить прилагаемые Правила организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, органов управления при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время.";

      Правила организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, государственных органов при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время, утвержденные указанным приказом, изложить в новой редакции, согласно приложению к настоящему приказу.

      2. Департаменту информатизации, цифровизации и связи Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
Ч. Аринов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство сельского хозяйства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство юстиции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство науки
и высшего образования
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство труда
и социальной защиты
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство транспорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство обороны
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство культуры и информации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство просвещения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство промышленности и строительства
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство торговли и интеграции
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство водных ресурсов и ирригации
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство иностранных дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство туризма и спорта
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство цифрового развития, инноваций
и аэрокосмической промышленности
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство экологии
и природных ресурсов

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство энергетики
Республики Казахстан

  Приложение
к приказу Министра
по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
от 19 августа 2025 года № 340
  Утверждены
приказом Министра
по чрезвычайным ситуациям
Республики Казахстан
от 26 декабря 2014 года № 945

Правила организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, органов управления при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила организации системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, органов управления при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время (далее - Правила), разработаны в соответствии с подпунктом 49) пункта 1 статьи 12 Закона Республики Казахстан "О гражданской защите", которые определяют порядок организации и задействования системы оповещения гражданской защиты и оповещения населения, органов управления при чрезвычайных ситуациях в мирное и военное время.

      2. В настоящих Правилах используются следующие термины и определения:

      1) гражданская защита – общегосударственный комплекс мероприятий, проводимых в мирное и военное время, направленных на предупреждение и ликвидацию чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера и их последствий, организацию и ведение гражданской обороны, оказание экстренной медицинской и психологической помощи населению, находящемуся в зоне чрезвычайной ситуации, включающий в себя мероприятия по обеспечению пожарной, промышленной и сейсмической безопасности, формированию, хранению и использованию государственного материального резерва;

      2) силы гражданской защиты – воинские части гражданской обороны, аварийно-спасательные службы и формирования, подразделения государственной, профессиональной, отраслевой противопожарных служб, формирования гражданской защиты, авиация и морская организация уполномоченного органа в сфере гражданской защиты, службы наблюдения, контроля обстановки и прогнозирования;

      3) службы гражданской защиты – республиканские, областные, городские, районные системы органов управления и сил гражданской защиты, предназначенные для выполнения специальных мероприятий гражданской защиты;

      4) система оповещения гражданской защиты (далее - система оповещения) – совокупность программных и технических средств, обеспечивающих доведение информации до населения и органов управления об угрозе жизни и здоровью людей, о порядке действий в сложившейся обстановке;

      5) уполномоченный орган в сфере гражданской защиты (далее - уполномоченный орган) – центральный исполнительный орган, осуществляющий руководство и межотраслевую координацию в сфере гражданской защиты в части предупреждения и ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, оказания экстренной медицинской и психологической помощи населению, обеспечения пожарной безопасности и организации Гражданской обороны;

      6) сигнал оповещения "Внимание всем!" – единый сигнал оповещения, передаваемый посредством сирен или других сигнальных средств, для привлечения внимания населения при угрозе возникновения или возникновении чрезвычайных ситуаций;

      7) оповещение населения о чрезвычайных ситуациях – это доведение до населения сигнала оповещения "Внимание всем!" и экстренной информации об опасностях, возникающих при угрозе возникновения или возникновении чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, а также о правилах поведения населения в сложившейся ситуации.

      3. Задачей системы оповещения является своевременное, гарантированное и достоверное доведение сигналов и информации оповещения до населения и органов управления, а также круглогодичное функционирование и постоянная готовность к применению во всех режимах функционирования государственной системы гражданской защиты в мирное и военное время.

Глава 2. Порядок организации системы оповещения

      4. Система оповещения организуется на:

      1) республиканском уровне – республиканская система оповещения с охватом территории Республики Казахстан;

      2) территориальном уровне – система оповещения области, города республиканского значения, столицы с охватом территорий области, города республиканского значения, столицы;

      3) объектовом уровне – локальная система оповещения с охватом территории и населения, попадающего в расчетную зону распространения чрезвычайной ситуации:

      объекта с массовым пребыванием людей;

      опасного производственного объекта;

      гидротехнического сооружения.

      5. Республиканская система оповещения обеспечивает доведение сигналов оповещения и информации до:

      1) населения Республики Казахстан;

      2) органов управления гражданской защиты;

      3) сил гражданской защиты;

      4) территориальных органов уполномоченного органа.

      6. Система оповещения области, города республиканского значения, столицы обеспечивает доведение сигналов оповещения и информации до:

      1) населения области (части территории области), города республиканского значения, столицы либо до населения района, города областного значения, района в городе, города районного значения, поселка, села, сельского округа по распоряжению акима соответствующей административно-территориальной единицы;

      2) местных исполнительных органов и иных государственных органов;

      3) экстренных и аварийных служб;

      4) сил гражданской защиты на территории соответствующей административно-территориальной единицы.

      7. Локальная система оповещения (далее - ЛСО) обеспечивает доведение сигналов оповещения и информации до:

      1) населения, попадающего в расчетную зону распространения чрезвычайной ситуации;

      2) работников организации, эксплуатирующей опасный производственный объект и гидротехническое сооружение;

      3) физических лиц, находящихся на территории объекта с массовым пребыванием людей;

      4) аварийно-спасательных служб и формирований, обслуживающих опасные производственные объекты;

      5) руководителей и дежурно-диспетчерских служб юридических лиц, расположенных в расчетной зоне распространения чрезвычайной ситуации.

      8. Создание, развитие и поддержание в постоянной готовности системы оповещения республиканского и территориального уровней, в том числе эксплуатация, техническое обслуживание, плановый и текущий ремонт оборудования, организация и содержание каналов связи систем оповещения, осуществляется уполномоченным органом, его территориальными органами и местными исполнительными органами.

      Определение единой технической политики по созданию, доукомплектованию, модернизации и дооснащению основного (установленного) оборудования, а также установленного программного обеспечения (лицензионного программного обеспечения) системы оповещения осуществляется уполномоченным органом в соответствии с Национальным стандартом СТ РК 3432-2019 "Технические средства оповещения населения. Классификация. Общие технические требования".

      9. Организация размещения технических средств оповещения осуществляется местными исполнительными органами.

      10. Создание, развитие и поддержание в постоянной готовности системы оповещения объектового уровня, в том числе эксплуатация, техническое обслуживание, плановый и текущий ремонт оборудования систем оповещения, а также организация и содержание необходимых для их бесперебойного функционирования каналов связи, в том числе до управляющего оборудования системы оповещения территориального уровня, осуществляются организациями, эксплуатирующими опасные производственные объекты, гидротехнические сооружения и объекты с массовым пребыванием людей (далее – организации).

      11. Границами зоны действия ЛСО являются границы территории (зон) воздействия опасных факторов от аварий на опасных производственных объектах и гидротехнических сооружениях, с риском причинения вреда жизни и здоровью населения, проживающего или осуществляющего хозяйственную деятельность за пределами территорий размещения данных объектов и сооружений.

      Границы зоны действия ЛСО определяются при разработке технического задания на создание (реконструкцию):

      опасных производственных объектов в соответствии с зонами действия основных поражающих факторов (оценка зоны действия основных поражающих факторов при различных сценариях аварий, инцидентов), определяемыми Правилами разработки декларации промышленной безопасности опасного производственного объекта, утвержденными приказом Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 30 декабря 2014 года № 341 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 10257);

      гидротехнических сооружений в соответствии с зонами затопления, границами зон вредного воздействия на окружающую среду, определяемые Регламентом о безопасности гидротехнических сооружений, утвержденного в соответствии с пунктом 2 статьи 70 Водного кодекса Республики Казахстан.

      12. ЛСО на гидротехнических сооружениях организуется в соответствии с Перечнем гидротехнических сооружений, представляющих угрозу населению.

      13. При размещении нескольких опасных производственных объектов и гидротехнических сооружений, эксплуатируемых разными организациями в близости друг от друга, по совместному решению руководства данных организаций допускается создание единой ЛСО.

      При этом каждая организация имеет отдельную объектовую систему оповещения в пределах своей территории.

      14. В случае попадания населенных пунктов в зону действия основных поражающих факторов и зону затопления, границы зон вредного воздействия на окружающую среду при возможных авариях на опасных производственных объектах и гидротехнических сооружениях, допускается создание системы оповещения указанных населенных пунктов совместно с местными исполнительными органами.

      ЛСО задействуются с управляющего оборудования системы оповещения территориального уровня.

      15. Передача информационных видео- и аудиосообщений путем прерывания трансляций телерадиовещания для оповещения и доведения информации до населения осуществляется в соответствии с Законом Республики Казахстан "О масс-медиа".

      16. При нарушении работы сетей энергоснабжения и телекоммуникаций, оповещение населения организуется с использованием доступных средств информирования, автомобилей оповещения уполномоченного органа, служебных транспортных средств государственных органов и служб гражданской защиты, имеющих громкоговорящие установки.

      17. Уполномоченным органом и его территориальными органами в целях своевременного оповещения органов управления государственной системы гражданской защиты об угрозе или возникновении чрезвычайных ситуаций в мирное и военное время, формируются списки лиц, для их оповещения с использованием существующих технических средств (далее – списки оповещения).

      Информация для формирования списков представляется органами управления государственной системы гражданской защиты уполномоченному органу и его территориальным органам, ежемесячно к 5 числу следующего месяца и/или незамедлительно при изменении соответствующих сведений.

      18. В целях обеспечения надежности систем оповещения всех уровней, не реже одного раза в год осуществляется проверка готовности республиканской системы оповещения и не реже одного раза в квартал проверка готовности системы оповещения области, городов республиканского значения, столицы с подачей единого сигнала оповещения "Внимание всем!" и передачей населению информационных сообщений по средствам массовой информации, путем передачи текстовых сообщений по сетям операторов сотовой связи на мобильные телефоны населения, в том числе посредством технологии широковещательной передачи сообщений (далее – Cell Broadcast).

      19. Для осуществления технической проверки республиканской системы оповещения и при проведении республиканских учений по гражданской защите, распоряжение по задействованию системы оповещения республиканского уровня отдает руководитель уполномоченного органа.

      Для осуществления технической проверки системы оповещения области, городов республиканского значения, столицы и проведения учений по гражданской защите, распоряжение на задействование системы оповещения территориального уровня отдает руководитель территориального органа уполномоченного органа.

Глава 3. Порядок оповещения населения и органов управления при чрезвычайных ситуациях

      20. Порядок оповещения заключается в оперативном доведении до органов управления информации об угрозе или возникновении чрезвычайной ситуации для принятия соответствующих мер реагирования, а также доведения до населения единого сигнала оповещения "Внимание всем!" и информационных сообщений об угрозе или возникновении чрезвычайной ситуации и порядке действий в создавшихся условиях.

      21. С момента поступления информации об угрозе и возникновении чрезвычайной ситуации глобального масштаба, уполномоченный орган согласовывает с Премьер-Министром Республики Казахстан – начальником гражданской обороны Республики Казахстан задействование системы оповещения республиканского уровня, посредством которой незамедлительно оповещаются население, территориальные органы уполномоченного органа, органы государственного управления и местные исполнительные органы.

      При угрозе или возникновении чрезвычайной ситуации регионального масштаба распоряжение о задействовании системы оповещения отдает руководитель уполномоченного органа, при угрозе или возникновении чрезвычайной ситуации местного масштаба – руководитель территориального органа.

      С момента поступления информации об угрозе и возникновении чрезвычайной ситуации местного масштаба, оперативный дежурный территориального органа незамедлительно информирует оперативного дежурного уполномоченного органа и непосредственного руководителя территориального органа, который с использованием всех доступных средств связи в кратчайшие сроки согласовывает с акимом соответствующей административно-территориальной единицы, распоряжение о задействовании системы оповещения территориального уровня.

      При угрозе и возникновении чрезвычайных ситуаций, требующих незамедлительного оповещения населения, задействование системы оповещения допускается должностными лицами оперативно-дежурной службы уполномоченного органа и его территориальных органов без получения распоряжения от уполномоченных должностных лиц.

      Руководители организаций или их дежурно-диспетчерские службы по команде оперативного дежурного территориального органа, или самостоятельно в случае угрозы и возникновения чрезвычайной ситуации на объекте, осуществляют оповещение работников организации, аварийно-спасательные службы, дежурно-диспетчерские службы и население, проживающее в зоне распространения чрезвычайной ситуации путем задействования систем оповещения объектового уровня.

      22. В период действия чрезвычайного положения, распоряжение о задействовании системы оповещения территориального уровня отдает комендант местности, где введено чрезвычайное положение в соответствии с Законом Республики Казахстан "О чрезвычайном положении".

      23. После получения распоряжения о задействовании системы оповещения, оперативным дежурным территориальных органов организуется оповещение должностных лиц в соответствии со списками оповещения, а также осуществляется подача единого сигнала оповещения "Внимание всем!" для привлечения внимания населения.

      24. С момента подачи единого сигнала оповещения "Внимание всем!", оперативным дежурным территориальных органов незамедлительно организуется передача информационных сообщений об угрозе и возникновении чрезвычайной ситуации и инструкции о действиях населения в сложившейся ситуации посредством:

      1) передачи информационных видео- и аудиосообщений путем прерывания трансляции каналов эфирного телерадиовещания;

      2) передачи текстовых сообщений по сетям операторов сотовой связи на мобильные телефоны населения, в том числе посредством технологии Cell Broadcast;

      3) передачи звуковых, графических, текстовых и голосовых сообщений с использованием мобильных приложений по беспроводным сетям передачи данных;

      4) передачи звуковых и голосовых сообщений с использованием сиренно-речевых устройств и подвижных средств оповещения различной ведомственной принадлежности;

      5) передачи текстовых сообщений с использованием информационных терминалов в местах массового пребывания населения;

      6) размещение информации на ведомственном интернет-ресурсе, официальных аккаунтах в социальных сетях уполномоченного органа и его территориальных органов, а также в иных доступных средствах массовой информации.

      25. При задействовании сигнала оповещения "Внимание всем!" система оповещения обеспечивает одновременное и многократно повторяемое доведение информации об угрозе или возникновении чрезвычайной ситуации до населения и порядке действий людей в сложившейся ситуации.

      26. Продолжительность подачи единого сигнала оповещения "Внимание всем!" составляет 1 минуту. После сигнала осуществляется трансляция информационного сообщения продолжительностью до 5 минут на государственном и русском языках. В течение одного часа допускается повторение информационного сообщения не более трех раз и прекращается после принятия решения об окончании использования системы оповещения.

      27. По сигналу оповещения "Внимание всем!" население использует доступные средства приема информации для получения и выполнения инструкций о действиях в сложившейся обстановке.

      28. Информация об угрозе или возникновении чрезвычайных ситуаций природного, техногенного и социального характера, в том числе применении современных средств поражения формируется службами наблюдения, контроля обстановки и прогнозирования, в том числе сейсмологической службой, системами селевого оповещения, контроля за радиационной обстановкой и иными компетентными организациями независимо от их формы собственности и передается в оперативно-дежурные службы территориальных органов и уполномоченного органа.

      Получение оперативно-дежурными службами территориальных органов и уполномоченного органа вышеуказанной информации является основанием для организации оповещения населения и органов управления в соответствии с пунктом 21 настоящих Правил.

      29. Порядок оповещения и доведения информации об угрозе или возникновении чрезвычайных ситуаций природного, техногенного и социального характера, в том числе применении современных средств поражения, до личного состава воинских частей Вооруженных Сил, других войск и воинских формирований Республики Казахстан и населения военных городков определяется соответствующими командирами соединений, частей и подразделений совместно с территориальными органами уполномоченного органа.

      30. При задействовании систем оповещения, действия оперативных дежурных и тексты информационных сообщений разрабатываются и принимаются территориальными органами уполномоченного органа.

      31. Для доведения до населения информации информационного (профилактического) характера, не связанной с угрозой или возникновением чрезвычайной ситуации, используется система оповещения (без подачи единого сигнала "Внимание всем!"). Передача информации осуществляется путем трехкратного воспроизведения через сиренно-речевые устройства, перехвата сетей теле- и радиовещания, публикации в мобильных приложениях, на официальных интернет-ресурсах и в аккаунтах социальных сетей, а также посредством рассылки текстовых сообщений по сетям операторов сотовой связи, включая технологию Cell Broadcast.

      Доведение информации через сиренно-речевые устройства осуществляется в период с 08:00 до 22:00 часов.