БҰЙЫРАМЫН:
1. "Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 3 мамырдағы № 125 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18639 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына және "Кинематография туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Фильмге прокаттау куәлігін беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.";
4-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар Тізбеде мазмұндалған.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген құжаттарды тіркеу күнінен бастап, құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесінің қызметкері өтінішті тіркеген кезден бастап 6 (алты) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттарды қарастырады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдау өткізу уақыты мен орны туралы хабарламаны жібереді.
Тыңдау рәсімі ҚР ӘРПК-ның 73-бабына сәйкес жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешімге қарсылықты береді немесе білдіреді.
Тыңдау хаттамасы ҚР ӘРПК-ның 74-бабына сәйкес рәсімделеді.
Қарсылықты қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыдан келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші фильмге прокаттау куәлігін не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тартуды береді.";
көрсетілген Қағидаларға 1 және 2-қосымшалар осы бұйрықтың 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы |
Е. Кочетов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Өтініш
Сізден ____________________ фильміне прокаттау куәлігін беруді сұраймын.
(фильмнің атауы)
БСН/ЖСН: (автоматты түрде) _____________________________________
Мекен жайы
Пошталық индексі: ______________________________________
Ел/облыс/аудан/елді мекен: ______________________________
Көше атауы: __________________________________
Үй/ғимарат нөмірі: _____________________________
Үй индексі: _________________________________________
Пәтердің/кеңсенің нөмірі: _________________________________________
Телефон нөмірлері: ______________________________________________
Электрондық мекен-жайы (e-maіl): __________________________________
Фильм туралы мәлімет
Фильмнің атауы: ______________________________________________
Өндіруші ел: ____________________________
Өндіруші студия: _________________________________________
Шығарылған жылы: ______________________________________________
Фильм пішімі: ____________________________________________
Фильмнің хронометражы: _________________________________________
Сценарий авторы (лар): ___________________________________________
Қоюшы режиссер (лар): ___________________________________________
Қоюшы оператор(лар): ___________________________________________
Қоюшы суретші (лар): _____________________________________________
Музыкалық шығарманың авторы: ___________________________________
Продюсер(лар): ________________________________________________
Фильм серияларының саны: ______________________________________
Фильмнің жанры: _________________________________________ ___
Фильм тілі: ______________________________________________
Дубляж немесе субтитр, не кадр сыртындағы аударманың болуы (прокатталуы
шектеулі фильмдерді, прокатталуы және көрсетілуі телеарналарда жүзеге
асырылатын фильмдерді қоспағанда): ___________
Фильмнің түрі: _______________________________________________
Фильмді пайдалану құқығы _____________ аумағында ______________ тиесілі
Фильмді пайдалану құқығының санаты: ______________________________
Фильмді пайдалану құқықтарының қолданылу мерзімі: __________ дейін: ________
Жас санаты белгісі: _______________________________________________
________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін - бизнес-сәйкестендіру нөмірі; жеке тұлға үшін-жеке
сәйкестендіру нөмірі)
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік
қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын
құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беремін.
Қазақстан Республикасы | |
Мәдениет және ақпарат | |
министрінің міндетін атқарушы | |
2025 жылғы 15 тамыздағы | |
№ 388-НҚ Бұйрыққа | |
2-қосымша | |
Фильмге прокаттау | |
куәлігін беру қағидаларына | |
2-қосымша |
"Фильмге прокаттау куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі | ||
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті |
2. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталдары www.egov.kz, www.elicense.kz |
3. | Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мерзімі | 7 (жеті) жұмыс күні, ұсынылған құжаттардың толық болмауы және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні |
4. | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны | Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз түрінде |
5. | Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi | Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі № 82 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18473 болып тіркелген) нысан бойынша фильмге прокаттау куәлігі немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. |
6. | Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оларды алу тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушініңжәне ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкіл) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі: |
9. | Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының анық емес (және) немесе бұрмаланған ақпарат беруі; |
10. | Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың "жеке кабинеті" арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |