Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 23-НҚ нормативтік қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12680 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген нормативтік қаулымен бекітілген Мемлекеттік аудитор біліктілігін иеленуге үміткер адамдарды сертификаттау жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы Ұлттық комиссияның төрағасы болып табылады.
Ұлттық комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы (бұдан әрі – Жоғары аудиторлық палата) болып табылады.
Ұлттық комиссияның төрағасы берілген ұсыныстардың негізінде саны кемінде он төрт адам болатын Ұлттық комиссияның дербес құрамын бекітеді.
Ұлттық комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Жоғары аудиторлық палатаның, ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары (келісу бойынша) кіреді.
Өкілдік мемлекеттік саяси қызметшілер және/немесе "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері деңгейінде қамтамасыз етіледі.".
2. Жоғары аудиторлық палата аппаратының Жоспарлау және сертификаттау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы нормативтік қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы нормативтік қаулы ресми жарияланғанынан кейін оның Жоғары аудиторлық палатаның интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы нормативтік қаулының орындалуын бақылау Жоғары аудиторлық палатаның аппарат басшысына жүктелсін.
4. Осы нормативтік қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасы Төрағасының міндетін атқарушы |
Ю. Энгель |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі