ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 31.08.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарының және (немесе) өзге заңды тұлғалардың ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыруы қағидаларын, Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құжаттарды іріктеуі өлшемшарттарын және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 11 қарашадағы № 178 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19608 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қағидаларын, Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құжаттарды іріктеуі өлшемшарттарын және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы";
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына және 51-5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Ерекше реттеу режиміне қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мынадай іріктеу өлшемшарттары бекітілсін:
1) өтініш беруші Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым, Қазақстан Республикасының резидент-төлем ұйымы және (немесе) қаржы ұйымы болып табылмайтын, Қазақстан Республикасының резидент-өзге заңды тұлғасы болып табылады;
2) жеке тұлға құрылтайшыда не өтініш беруші заңды тұлға құрылтайшының атқарушы орғанының немесе басқару органының бірінші басшысында алынбаған немесе өтелмеген соттылығы жоқ және (немесе) оларға қатысты экономикалық қызмет саласында қылмыстық құқық бұзушылық үшін қылмыстық қудалау жүзеге асырылмады;
3) өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыруға (көрсетуге) жоспарлап отырған қызметі (көрсетілетін қызметі) төменде аталған талаптардың біреуіне немесе бірнешеуіне сәйкес келеді:
көрсетілетін төлем қызметтері және (немесе) цифрлық активтер нарықтарында бәсекелестікті арттыруға ықпал етеді;
көрсетілетін төлем қызметтері және (немесе) цифрлық активтер нарықтарын дамытуға ықпал етеді және тұтынушылардың мүдделеріне сәйкес келеді;
көрсетілетін төлем қызметтерінің және (немесе) цифрлық активтердің географиялық қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді;
көрсетілетін төлем қызметтері және (немесе) цифрлық активтер нарықтарында жаңа технологиялар мен көрсетілетін қызметтерді (бизнес-процестерді) ендіруді көздейді;
көрсетілетін төлем қызметтерін тұтынушылар, цифрлық активтерді ұстаушылар мен көрсетілетін төлем қызметтері және (немесе) цифрлық активтер нарықтарына қатысушылар үшін шығасылар мен тәуекелдерді төмендетуге бағытталған;
4) өтініш беруші ерекше реттеу режиміне қатысу үшін ұсынған бизнес-жоспар ерекше реттеу режимінің мақсаттарына сәйкес келеді.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарының және (немесе) өзге заңды тұлғалардың ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыруы қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 2-тармағының 15) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарының және (немесе) өзге заңды тұлғалардың (бұдан әрі – қатысушылар) ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асырудың, цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты арнайы талаптарын (бұдан әрі – көрсетілетін төлем қызметін және (немесе) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті көрсету (жүзеге асыру)), шарттың қолданылу мерзімін, тұтынушылар санын, міндеттемелер көлемін "Төлемдер және төлем жүйелері туралы", "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және көрсетілген заңдарға сәйкес қабылданатын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері нормаларының ерекше реттеу режиміне қатысушыларға қолданылу шектерін Ұлттық Банк айқындайды.
7. Ерекше реттеу режимінің:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысушылар цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті тоқтатқан кезде;
2) ерекше реттеу режиміне қатысушымен шарттың мерзімі аяқталған немесе Ұлттық Банк оны мерзімінен бұрын бұзған кезде күші жойылады. Ұлттық Банк Заңның 51-5-бабының 6-тармағында көзделген жағдайларда шартты біржақты тәртіппен бұзады;
3) төлем ұйымы төлем ұйымдарының тізілімінен шығарылған кезде;
4) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкі және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк операцияларын жүргізуге лицензиясынан айырылған кезде;
5) азаматтық заңнамада немесе шартта көзделген өзге жағдайларда күші жойылады.
8. Ерекше реттеу режимінің күші жойылған не ол енгізілген мерзім аяқталған кезде шарттың қолданылуы тоқтатылады және қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыратын қызметті тоқтатады.
Шарттың қолданылуы тоқтатылғаннан кейін қатысушы 5 (бес) жұмыс күні ішінде өзінің тұтынушыларына ерекше реттеу режимі шеңберіндегі көрсетілетін төлем қызметін және (немесе) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті көрсетуді (жүзеге асыруды) тоқтату туралы хабарлайды және ерекше реттеу режимі шеңберінде тұтынушылармен жасалған көрсетілетін төлем қызметін және (немесе) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті көрсету (жүзеге асыру) туралы шартқа (бұдан әрі – тұтынушымен шарт), Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына, төлемдер және төлем жүйелері туралы заңнамасына және Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы заңнамасына сәйкес өздерінің тұтынушылары алдындағы міндеттемелерін орындайды.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Ерекше реттеу режимі шеңберіндегі цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде қатысушы Қағидаларға қосымшада көзделген Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шарттың 9-тармағы 1) тармақшасының талаптары сақталуын қамтамсыз етеді, сондай-ақ:
1) тұтынушыларға Ұлттық Банктен тиісті ақпаратты алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде енгізілген ерекше реттеу режимінің мерзімдері мен талаптары өзгергені туралы хабарлайды;
2) айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, ай сайын Ұлттық Банкке шарт талаптарына сәйкес көрсетілетін төлем қызметін және (немесе) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті көрсетудің (жүзеге асырудың) аралық нәтижелері туралы ақпаратты ұсынады.";
көрсетілген Қағидаларға қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгі шартта:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"___________________________________________________________________
____________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның толық атауы және орналасқан жері)
бұдан әрі "Қатысушы" деп аталады, Жарғы (сенімхат) негізінде іс-әрекет жасайтын
бірінші басшысы (уәкілетті тұлғаның)________________________________________
____________________________________________________________________
(лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
арқылы бір жағынан, және "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі" республикалық мемлекеттік мекемесі, бұдан әрі "Ұлттық Банк" деп аталады, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) негiзiнде iс-әрекет жасайтын Төрағаның орынбасары ___________________________ _______________________ арқылы екінші жағынан, бұдан әрі бірлесіп "Тараптар" деп аталады, Заңның 51-5-бабының 2-тармағына сәйкес, Ұлттық Банк Басқармасының 20__жылғы "__" __________ шешімі негізінде төмендегілер туралы осы Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:";
1, 2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қатысушының
_________________________________________
(Қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсететін (жүзеге асыратын) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті сипаттау) жүзеге асыруы Шарттың мәні болып табылады.
2. Шарттың мақсаты үшін ерекше реттеу режимі деп цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру түсіндіріледі.
3. Қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде Шарттың 1-тармағында цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті Ұлттық Банкке ұсынылатын және Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын бизнес-жоспарға сәйкес жүзеге асырады.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Қатысушы:
1) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асырғанға дейін тұтынушыға мына:
Қатысушы ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыратын цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметі туралы;
Қатысушының ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асыратын цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметінің ықтимал тәуекелдері туралы;
ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру талаптары, цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру тәртібі, ерекше реттеу режимі шеңберінде тұтынушымен цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру туралы шартты (бұдан әрі – тұтынушымен шарт) жасасу үшін Қатысушының ішкі қағидаларында айқындалған құны (мөлшерлемелері, тарифтері), қажетті құжаттардың тізбесі туралы;
Қатысушының орналасқан жері, пошта және электрондық мекенжайлары, интернет-ресурсы және байланыс телефондары туралы ақпаратты жеткізуге;
2) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті Заңның 51-4-бабының 2-тармағына сәйкес ерекше реттеу режимін енгізу мақсатына, Шарттың талаптарына және Ұлттық Банкке ұсынылатын бизнес-жоспарға сәйкес ұсынуға;
3) өзінің тұтынушылары алдындағы міндеттемелерін тұтынушылармен жасасқан шарттарда белгіленген тәртіппен орындауға;
4) Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетілетін (жүзеге асырылатын) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызмет туралы қажетті ақпаратты ұсынуға;
5) Ұлттық Банкке Шарттың қолданылу мерзімі ішінде ай сайын, айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылатын цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметтің аралық нәтижелері туралы мына:
тұтынушылармен жасасқан шарттардың саны (жеке және заңды тұлғалар бойынша);
тұтынушылармен шарттар бойынша қабылданған міндеттемелердің көлемі;
ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде анықталған кемшіліктер (бар болса);
тұтынушылардың тарапынан болған шағымдардың сипаты (бар болса);
ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру кезінде анықталған тәуекелдер туралы мәліметтерді қамтитын ақпаратты ұсынуға;
6) Ұлттық Банктен Шартта белгіленген міндеттемелердің орындалмауы туралы жазбаша хабарлама алған жағдайда, бұзушылықтарды және (немесе) себептерін, сондай-ақ оларды жасауға себепші болған жағдайларды Заңның 51-5-бабының 6-тармағында белгіленген тәртіппен жоюға;
7) ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру барысында алынған мәліметтер мен ақпараттың жасырындылығын қамтамасыз етуге;
8) Қатысушының жарғылық капиталдағы үлесін жаңа меншік иесіне берген (иеліктен шығарған) жағдайда, жоспарланып отырған мәміле туралы Ұлттық Банкке оны жасағанға дейін кемінде 2 (екі) ай бұрын хабарлауға;
9) Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей Ұлттық Банкке ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қорытындылары туралы, мына:
Қатысушының төлем қызметінің және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметінің сипаты;
тартылған тұтынушылардың саны, көрсетілетін төлем қызметтерінің және (немесе) цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметінің көлемі, қабылданған міндеттемелері;
ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру процесінде анықталған тәуекелдер, олардың тұтынушыларға және Қатысушының негізгі қызметіне әсері;
цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін қажетті Қазақстан Республикасының заңнамасын өзгерту және (немесе) толықтыру жөніндегі ұсыныстары туралы мәліметтерді қамтитын ақпаратты беруге;
10) Шарттың 14-тармағында көрсетілген жағдайларда өз тұтынушыларына 5 (бес) жұмыс күні ішінде Шарттың қолданылуын тоқтату туралы жазбаша хабарлауға;
11) Қазақстан Республикасының заңдарында және Шартта көзделген міндеттерді адал және тиісті түрде орындауға міндетті.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 51-5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шартты (бұдан әрі – шарт) жасасу үшін құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) қарау тәртібін айқындайды.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетілетін цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін өтініш беруші Ұлттық Банкке мына құжаттар мен ақпаратты:
1) құрылтай құжаттарының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған) көшiрмелерін;
2) заңды тұлғаның толық атауы мен орналасқан жерін көрсете отырып, құрылтайшылары (қатысушылары), акционерлері, атқарушы органының бірінші басшысы (мүшелері) туралы мәліметтерді;
3) мыналарды:
ерекше реттеу режимі шеңберінде көрсетілетін цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру қажеттілігінің негіздемесін;
ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылуы жоспарланып отырған цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызмет түрлерінің сипатын;
ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты жүзеге асырылып отырған қызметтің нысаналы тұтынушыларының (бар болса) сипатын және өтініш берушінің ерекше реттеу режимі шеңберінде ұсынылатын цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметіне мүдделі тұтынушылардың болуы туралы мәліметтерді;
ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыру аумағын көрсетуді;
цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызмет түрлері артықшылықтарының, сондай-ақ тұтынушылар үшін әлеуетті тәуекелдерінің сипатын;
тәуекелдерді басқару жоспарын (ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асырумен байланысты тәуекелдердің сипаты және көрсету (жүзеге асыру) кезеңінде тәуекелдерді басқару тәсілдерін);
ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметтің жоспарланып отырған ауқымын: тұтынушылардың санын, көрсетілетін цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызмет сипатын қамтитын бизнес-жоспарды;
4) өтініш беруші ерекше реттеу режимі шеңберінде цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған мерзімін;
5) ерекше реттеу режимі шеңберіндегі қызметтің даму сатыларын, ерекше реттеу режимі шеңберінде өтініш берушінің цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметінің тиімділігін бағалаудың күтілетін нәтижелерін, өлшемшарттары мен көрсеткіштерін;
6) шарттың қолданылуын жоспарлы немесе мерзімінен бұрын тоқтатқан жағдайда, тұтынушылармен цифрлық активтермен және (немесе) көрсетілетін төлем қызметтерімен байланысты қызметті жүзеге асырудың және шарттық қатынастарды орындауды тоқтату тәртібін сипаттай отырып, іс-шаралар жоспарын;
7) "Төлемдер және төлем жүйелері туралы", "Қазақстан Республикасындағы цифрлық активтер туралы" Қазақстан Республикасының заңдары және Ұлттық Банктің көрсетілген заңдарға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық актілері нормаларының ерекше реттеу режимі шеңберінде өтініш берушіге қолданылу шектерін қоса бере отырып, Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ерекше реттеу режимі шеңберінде қатысуға өтініш (бұдан әрі – өтініш) ұсынады.
Егер өтініш беруші қаржы ұйымы болып табылса, осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген мәліметтер ұсынылмайды.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Ұлттық Банк өтініш берушіге Заңның 51-5-бабының 4-тармағында айқындалған негіздер бойынша шартты жасасудан бас тартады.
Өтініш берушіге шарт жасасудан бас тарту үшін негіздер болған кезде өтінішті қарау мерзімі Ұлттық Банк басшысының немесе оның орынбасарының дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ өтінішті дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды белгілеу қажеттілігіне байланысты 2 (екі) айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, бұл туралы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК) 76-бабының 3-тармағына сәйкес мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етіледі.
Шарт жасасудан бас тартылған жағдайда, өтініш берушіге жазбаша түрде дәлелді жауап беріледі.
Өтініш беруші Ұлттық Банктің шарт жасасудан бас тартуына ӘРПК-нің 13-тарауында айқындалған тәртіппен шағымдануға құқылы.
Егер ӘРПК-де өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем жүйелері және цифрлық қаржы технологиялары департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2025 жылғы 31 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Төрағасының міндетін атқарушы |
Е. Жамаубаев |
КЕЛІСІЛДІ:
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі