БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 103 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26940 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың атауы келесі редакцияда жазылсын:
"Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар (бұдан әрі – талаптар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 107-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптарды белгілейді.
Осы талаптар жете тексеру кезінде әуежай (әуеайлақ) авиациялық қауіпсіздік қызметінің қолданатын техникалық құралдарға таралады.
2. Осы талаптарда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) адам денесін сканерлеуге арналған құрылғы – адам денесінде тыйым салынған заттар мен бұйымдарды табу мақсатында жанасусыз жете тексерудің техникалық құрылғысы;
2) алгоритм негізінде жұмыс істейтін рентгендік – телевизиялық қондырғы – жарылғыш заттарды анықтау үшін заттар мен нәрселерді автоматты түрде талдауды қамтитын техникалық құрылғы;
3) аяқ киімге арналған сканерлеу құрылғысы – аяқ киімнің ішіне тыйым салынған заттарды анықтауға арналған техникалық құрылғы;
4) жарылғыш заттарды табуға арналған жабдық (жарылғыш заттардың бу және бөлшектер детекторлары) – жарылғыш заттардың буын немесе микробөлшектерін анықтауға арналған техникалық құрылғы;
5) жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдар – жолаушыларды, қол жүгін, жүкті, багажды, поштаны, борттағы қорды, әуе кемелері экипаждарының мүшелерін, авиациялық персоналды жете тексеруді жүзеге асыру кезінде дербес немесе қандай да бір жүйенің бөлігі ретінде пайдалануға арналған арнайы құрылғы;
6) портативті (ықшам, жылжымалы) металл іздегіш – адам денесіндегі металл заттың нақты орналасқан жерін анықтауға арналған техникалық құрылғы;
7) рентгендік-телевизия қондырғысы – заттар мен нәрселерді көзбен шолып сәйкестендіруге арналған техникалық құрылғы;
8) стационарлық металл іздегіш – адам денесіндегі металл заттарды анықтауға арналған техникалық құрылғы;
9) сұйық жарылғыш заттарды анықтауға арналған құрылғы – қорғалатын шектеулі қолжетімділік аймақтарына алып өтілетін сұйықтықтарды, аэрозольдерді және гельдерді талдау арқылы сұйық жарылғыш заттар немесе олардың құрамдас бөліктерінің бар-жоғын анықтай алатын тексеру құрылғысы немесе өзге жете тексеру жабдықтарының функциясы;
10) үздіксіз қуат көзі – электр жабдықтарын негізгі қуат көзінің үзілуінен, кедергілерінен немесе толық ажыратылуынан қорғауға арналған құрылғы.
2-тарау. Жете тексеру кезінде қолданылатын техникалық құралдарға қойылатын талаптар
3. Адам денесін сканерлеуге арналған құрылғы:
1) адам бейнесінің контурлық кескініне сәйкес аномалиялардың орналасуын анықтау және көрсетуі;
2) белсенді және пассивті миллиметрлік толқындарды қамтуға;
3) терагерцтік визуализация жүйесінің болуы;
4) миллиметрлік толқындарына негізделген кері шашырау жүйесінің болуы;
5) миллиметрлік толқындары арқылы денені көру мүмкіндігі болуы;
6) адам денесін 5-10 секунд ішінде сканерлеу мүмкіндігі болуы;
7) кепілдік берілген пайдалану мерзімі пайдалануға енгізілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуы тиіс;
4. Алгоритм негізінде жұмыс істейтін рентгендік-телевизиялық қондырғы:
1) компьютерлік томография (Explosives Detection System (EDS) негізінде жарылғыш заттарды анықтау жүйесінің талаптарына жауап беруі;
2) конвейер жылдамдығы 0,3-тен 0,5 метрге дейін секундына болуы тиіс;
3) бейнелер экранда 13 секунд бойы көрсетілуі тиіс;
4) үш өлшемді (3D) бейнелеуге ие болуы тиіс;
5) мынадай техникалық сипаттамаларға ие болуы тиіс:
салыстырмалы ылғалдылық диапазоны – 10%-дан 90%-ға дейін, конденсациясыз;
жұмыс температурасы диапазоны – 0°-тан +40°C-қа дейін;
дыбыс қысымы деңгейі – <70 дБА;
20-дан 4000 см-ге дейінгі бұйымдарды сканерлеу мүмкіндігі;
үш фазалы айнымалы токпен электрмен жабдықтау;
кіріктірілген автономды салқындату жүйесі;
номиналды кернеу – 400 вольт айнымалы ток +/- 10%, 50 Гц;
сағатына 800-ден 1200-ге дейін багаж бірлігін өңдеу қабілеті;
6) қашықтан диагностика жүргізу мүмкіндігі болуы тиіс;
7) бірнеше тексеру деңгейін қарастыратын алгоритмге ие болуы тиіс;
8) кескін құрылымын қалпына келтіру және жарылғыш заттарды тану алгоритмдеріне ие болуы тиіс;
9) жүк өңдеу жүйесімен оңай интеграциялануы, ашық интеграциялық хаттамаға ие болуы және пайдалану орнында конфигурацияны өзгерту мүмкіндігі болуы тиіс;
10) толық көлемде үздіксіз сканерлеу мүмкіндігі болуы тиіс;
11) детекция сапасы мен кескін бөліктерін жоғалтпай, сканерлеуді тоқтату және қайта бастау мүмкіндігі болуы тиіс.
12) кепілдік берілген пайдалану мерзімі пайдалануға енгізілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуға;
5. Аяқ киімге арналған сканерлеу құрылғысы:
1) кез келген бөгде заттар мен нәрселерді (мысалы, металл және металл емес заттар, жарылғыш заттар, керамикалық қару, пластмассадан жасалған пышақтар) олардың орналасу орнына қарамастан анықтай алуы тиіс;
2) пайдалану орнында диагностика мен жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс;
3) денсаулық үшін қауіпсіз болуы және иондаушы сәуле көздеріне ие болмауы тиіс;
4) мынадай сипаттамаларға ие болуы тиіс:
жұмыс температурасының диапазоны – -20°-тан +70°C-қа дейін;
жұмыс кернеуі – 90-нан 260 вольтқа дейін;
жарықтық және (немесе) дыбыстық индикация (қауіпті / қауіпсіз нысан);
желілік қуат көзімен де, автономды қуат көзімен де (батарея, аккумулятор) жұмыс істей алуы тиіс;
сканерлеу уақыты – 1-ден 5 секундқа дейін.
5) кепілдік берілген пайдалану мерзімі пайдалануға енгізілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуы тиіс.
6. Жарылғыш заттарды табуға арналған жабдық (жарылғыш заттардың бу және бөлшектер детекторлары):
1) бұйыммен жұмыс істеуге арналған жарылғыш заттарды табу бойынша сезімталдығы бір текше сантиметрге 1x10-14 граммнан кем болмауға тиіс, бірақ бұл ретте жарылғыш заттардың жұбын талдау циклінің уақыты – 60 секундтан аспайды, жарылғыш заттар жұбының болуына бұйымның жұмыс істеу уақыты – 5 секундтан аспайды, іріктеудің келесі цикліне дайындық уақыты – 30 секундтан аспайды, жұмыс режиміне шығу уақыты қосылғаннан кейін 35 минуттан аспауға;
2) желілік қоректену блогынан да, кернеуі 9-12 вольт автономды қоректен (батарея, аккумулятор) де жұмыс істеуге тиіс;
3) операторға тәуелсіз жұмыс істейтін сигнал беру жүйесі болуға, бұл ретте дабылдың дыбыстық сигналының деңгейі қазіргі заманғы әуежайлардың шуылының аясында жақсы ажыратылуға, қоректену көздері 30 % разрядталған кезде (кернеу бойынша) жұмыс істейтін автономды қорек көзі разрядының индикаторы болуға;
4) кепілдік берілген пайдалану мерзімі пайдалануға енгізілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуға;
5) пайдалану орнында диагностика және жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруге;
6) пайдалану жүктемесі асып кеткен және жарамсыз болған жағдайда электр тогын беруді тоқтататын алдын ала қорғау жүйесінің, оны пайдалану процесінде жұмысқа қабілеттілігін бақылау құралы болуға;
7) тәулік бойы режимде жұмыс істеген кезде барлық талаптарға сәйкес болуы тиіс, істен шығуға дейін жұмыс істеу – кемінде 6000 сағат, регламентті жұмыстар уақыты пайдалану уақытының кемінде 5% болуға тиіс.
7. Портативті (ықшам, жылжымалы) металл іздегіш:
1) қондырғыны ауыстыру жылдамдығы секундына 0,2 – 0,5 метр болған кезде 0,12 – 0,15 метр қашықтықтағы металл заттарды табуды қамтамасыз етуге, металл зат болғанда дыбыстық сигнал беруге, қазіргі заманғы әуежайлардың электр магниттік жағдайлар шартында қалыпты жұмысты қамтамасыз етуге;
2) пайдалануға берілген сәттен бастап кемінде 1 жыл кепілдік берілген пайдалану мерзімі, орташа қызмет мерзімі – кемінде 3 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуға;
3) пайдалану орнында диагностика және жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруге;
4) автономды қорек көзінен жұмыс істеу кезінде бұйым қоректену көздерінің 60 % разрядталған кезде (кернеуі бойынша) табу сипаттамаларын сақтауға, кемінде 10 сағат автономды қорек көзінен бұйымның үздіксіз жұмыс істеу ұзақтығын қамтамасыз етуге тиіс.
8. Рентген-телевизия қондырғысы:
1) металл және металл емес атыс қаруын, оның бөлшектерін, барлық калибрдегі оқ-дәріні, гранаталарды және басқа да жарқыншақты/жарылғыш әсері бар қару түрлерін, пышақтарды, келдекті, қылыштарды, әскери және коммерциялық мақсаттағы жарылғыш заттарды, детонаторларды және сағатпен жүретін тетіктерді, электр және электронды бұйымдарды, электр энергиясы көздерін, сондай-ақ "Жолаушыларға азаматтық әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған қауіпті заттар мен нәрселердің, сондай-ақ есірткінің барлық түрлерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 27 шiлдедегi № 548 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде № 33197 болып тіркелген) белгіленген тізбеге сәйкес әуе кемелерінде тасымалдауға тыйым салынған басқа да қауіпті заттар мен бұйымдарды бейнелеуге;
2) пайдалану режимінде рентгендік сәулелену генераторының сипаттамалары мен көрініс сапасы мынадай:
ену қабілеті – болат бойынша 24 миллиметр;
рұқсат берілетін қабілеті – 0,1 миллиметр;
анодты кернеу: жұмыс істеу – 140 - 300 киловольт;
түтікше тогы – 0,7 миллиампер болуға;
мәжбүрлі желдеткіші бар герметикалы май ваннасында түтікше сууға;
3) "Жоғары ену қабілеті" опциясын пайдалану кезінде ең жоғары режимде рентгендік сәулелену генераторының сипаттамалары мен көрініс сапасы мынадай:
ену қабілеті: 30 миллиметр;
рұқсат берілетін қабілеті: 0,1 миллиметр;
анодты кернеу: жұмыс – 140 - 300 киловольт;
түтікше тогы – 0,7 милиампер;
сәулеленудің азаюының үлгілік деңгейі сағатына 0,1 микрорентгеннен аспайтын болуға;
4) рентген-телевизия қондырғысы конвейерінің жылдамдығы кемінде секундына 0,15 метр болуға;
5) пайдалануға берілген сәтінен бастап кемінде 1 жыл кепілдік берілген пайдалану мерзімінің, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл болуға;
6) пайдалану орнында диагностика және жөндеу жүргізуге мүмкіндік беруге;
7) рентгендік сәулеленуді қосуда жарықпен сигнал беруге, қорғау экрандарының тұтастығы бұзылған кезде рентгендік сәулеленуді ажыратуды және пайдалану жүктемесі асып кеткен және жарамсыз жағдайда электр тогын беруді тоқтатуды қамтамасыз ететін бұғаттаулары болуға;
8) кинофотоматериалдарды, электрондық тасығыштарды рентген-телевизия қондырғысының жұмыс аймағы арқылы он еселенген өткізу кезінде рентген-телевизия қондырғысындағы сәулеленудің олардың тұтастығын бұзуға мүмкіндік бермейтін деңгейі болуға;
9) рентген жабдығының сыртқы панельдерінен 5 сантиметр арақашықтықта рентгендік сәулелену дозасының қуат деңгейі секундына 0,03 рентгеннен аспауға, жұмыс істеп тұрған рентген жабдығының шуылдау деңгейі 60 децибельден аспауға;
10) рентген сәулесінің әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін конструкциясы болуға;
11) кескінді жақсарту функцияларын қамтуы тиіс, соның ішінде:
кескіннің масштабын өзгерту;
өтімділікті арттыру;
бейорганикалық заттарды жою;
органикалық заттарды жою;
анықтығын, айқындығын және/немесе контурларды бөлектеуді арттыру, бұл ретте баптау кескінді мүмкіндігінше анық етіп көрсетуге бағытталуы тиіс;
12) тексерілетін нысанның тік және көлденең проекцияларын бір уақытта көрсетуге мүмкіндік беретін бейнесі болуға тиіс.
9. Стационарлық металл іздегіш:
1) адам денесіндегі және оның киіміндегі әуе кемесінде тасымалдауға тыйым салынған металл заттарды табуға мүмкіндік беруге тиіс;
2) тыйым салынған металл зат болғанда автоматты жарықпен және дыбыспен сигнал беруге, орнатылған табу параметрлерінің санкцияланбаған өзгерісін болдырмауға тиіс, оның электрондық бұйым схемасы дабыл сигналы сөнгеннен кейін 3 секундтан соң автоматты түрде бастапқы қалпына келуге тиіс (дабыл белгісінің аяқталуы қондырғының жұмысқа әзір екендігін білдіруге тиіс), жұмыс режиміне шығу уақыты желіге қосылғаннан кейін 30 секундтан аспауға тиіс;
3) датчиктердің блоктары арасындағы қашықтық 1 м болғанда жоспардағы жұмыста бір бірінен 3-тен 8 м-ге дейін арақашықтықта бір желіде орнатылған саны 2-ден 4 данаға дейін ұқсас құрылғылар тобының құрамында қазіргі заманғы әуежайлардың электр магниттік жағдайлар шарттарында рентген-телевизия қондырғыларымен бірге қалыпты жұмысты қамтамасыз етуі тиіс;
4) тәулік бойы режимде жұмыс істеген кезде барлық талаптарға сәйкес болуға тиіс, істен шығуға дейін жұмыс істеу – кемінде 6000 сағат, регламенттік жұмыстар уақыты – пайдалану уақытының кемінде 5%-ы, кепілдік берілген пайдалану мерзімі – пайдалануға берілген сәттен бастап кемінде 1 жыл, орташа қызмет мерзімі – кемінде 6 жыл, кепілдік берілген сақтау мерзімі – бұйым шығарылған сәттен бастап кемінде 1 жыл;
5) пайдалану орнында диагностика мен жөндеуді жүргізуге мүмкіндік беруге, диагностика әдістерімен бірге Бұйымды пайдалану және оның толық техникалық сипаттамасы жөніндегі нұсқаулықтан тұратын оның қалыпты және қауіпсіз пайдаланылуын, жарамды жай-күйін және жөнделуін қолдау үшін жеткілікті құжаттамамен жабдықталуға тиіс;
6) биіктігі кемінде 2 метр және ені 0,76 метр ойығы бар арқасы, шолу және реттелетін дыбыс сигналы, сондай-ақ құбылмалы жағдайларға байланысты сезімгіштік деңгейін өзгерту мүмкіндігі болуға тиіс.
10. Сұйық жарылғыш заттарды анықтауға арналған құрылғы:
1) сұйық жарылғыш заттарды автоматтандырылған анықтау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс;
2) бір немесе бірнеше әрекет түрлерінде жұмыс істеу;
сынамаларды алу үшін жеке немесе бірнеше контейнерлерді алдын ала ашумен жете тексеру;
жекелеген немесе бірнеше контейнерлерді ашпай жете тексеру;
3) бір немесе бірнеше жете тексеру технологиялармен жұмыс істеу, оның ішінде:
электроизоляциялық технология;
химиялық сынамаларға арналған тест-жолақтар;
хемилюминесценция;
иондық жылжымалылық спектрометриясы;
газдық хроматография;
масс-спектрометрия.
11. Тексеру кезінде қолданылатын барлық техникалық құралдар мынадай қауіпсіздік талаптарына жауап беруі тиіс:
1) электр тогымен зақымдануды болдырмайтын қорғаныш тұйықталу контурын қамтуға;
2) электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
3) бұйымдарда қолданылатын материалдар адам денсаулығы үшін қауіпсіз болуы;
4) электрмен қоректену тізбегіндегі кедергілерден, кернеудің ауытқуынан, сондай-ақ электр қуатының кенеттен өшуінен қорғау үшін (стационарлық және портативті металл детекторын қоспағанда) үздіксіз қуат көзінің болуы;
5) техникалық жете тексеру құралдарын сынақтан өткізу үшін арнайы үлгілердің болуын көздеу.