БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 918 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18075 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырып келесідей редакцияда жазылсын:
"Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі қағидаларын бекіту туралы";
кіріспе келесідей редакцияда жазылсын:
"Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу қағидалары бекітілсін.
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу қағидаларында:
тақырып келесідей редакцияда жазылсын:
"Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауыштарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі қағидаларын бекіту туралы";
1 және 2-тармақтар келесідей редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою және қолданысқа енгізу, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауыштарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Стандарттау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді ұлттық стандарттарды (әскери ұлттық стандарттарды қоспағанда), ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын және стандарттау жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу, келісу, сараптама жасау, бекіту, тіркеу, есепке алу, өзгерту, қайта қарау, күшін жою, қолданысқа енгізу, сондай-ақ тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) стандарттау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – стандарттау саласында басшылық етуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
2) сыныптау жөніндегі Комиссия – тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер санаттарының, топтарының, сыныптарының, түрлерінің атаулары мен кодтарын қосу, алып тастау және өзгерту туралы шешім қабылдайтын комиссия;
3) техникалық реттеудің ақпараттық жүйесі – техникалық реттеу тізілімдеріндегі, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің, ұлттық стандарттау жүйесінің және Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттарының бірыңғай тізілімдерінің мәліметтері мен ақпараттарын сақтауға, өңдеуге, іздеуге, таратуға, беруге және ұсынуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе.";
33-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:
"33. Стандарттау жөніндегі құжаттарды қайта қарау олардың мазмұны стандарттау жөніндегі құжаттардың мазмұны көлемінің 20%-дан астамына өзгерген кезде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 11-тараумен толықтырылсын:
"11 тарау. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауыштарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
42. Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауышы (бұдан әрі – ТЖКЖС) техникалық-экономикалық ақпараттың ұлттық сыныптауышы болып танылады.
43. ТЖКЖС техникалық-экономикалық ақпарат объектілерінің сыныптау топтарының кодтары мен атауларының жиынтығын жүйелеу жолымен тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сыныптауда біріздендірудің бірыңғай жүйесін қамтамасыз етеді.
44. ТЖКЖС тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің барлық түрлеріне қолданылады.
45. ТЖКЖС Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын және техникалық-экономикалық ақпаратты сыныптау және кодтау жөніндегі жұмыстарға қатысатын және (немесе) оларды өз қызметінде пайдаланатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар пайдаланады.
46. ТЖКЖС сыныптау құрылымы төрт деңгейлі жүйеге негізделген, оның ішінде:
1) санат;
2) топ;
3) сынып;
4) көрініс.
47. ТЖКЖС құрылымына өзгерістер және (немесе) толықтырулар осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес белгіленген нысанда ұсынылатын өтініш негізінде енгізіледі.
48. ТЖКЖС өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге арналған өтініштерді (бұдан әрі – өтініш) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сыныптау және кодтау жөніндегі жұмыстарға қатысатын не оларды өз қызметінде пайдаланатын мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі - өтініш берушілер) тауарлардың электрондық каталогының ақпараттық жүйесі арқылы береді.
49. СҰО келіп түскен өтініштерді қарауды жүзеге асырады.
Өтініштен бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда ТЖКЖС өзгерістер мен толықтырулардың жобалары жария талқылауға жіберіледі.
Өтінішті қараудан бас тартуға негіз болып табылады:
1) ТЖКЖС қолданыстағы редакциясында қайталанатын санаттардың, топтардың, сыныптардың немесе түрлердің болуы;
2) ұсынылған мәліметтердің осы Қағидаларға қосымшада белгіленген өтініш нысанының талаптарына сәйкес келмеуі.
50. ТЖКЖС өзгерістер мен толықтырулар жобаларын жария талқылау СҰО интернет-ресурсында 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
51. Өзгерістер мен толықтырулар жобаларын қарау үшін ТЖКЖС сыныптау жөніндегі комиссия құрылады, оның құрамына салалық уәкілетті мемлекеттік органдардың және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өкілдері енгізіледі.
Сыныптау жөніндегі комиссияның құрамы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің немесе оны алмастыратын адамның бұйрығымен бекітіледі.
52. Сыныптау жөніндегі комиссия 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жария талқылау нәтижелерін ескере отырып, ТЖКЖС өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын қарайды.
53. Ескертулер болған жағдайда сыныптау жөніндегі комиссия өтініш берушіге сәйкессіздіктерді жоюға қойылатын нақты себептер мен талаптарды көрсете отырып, пысықтауға өтінішті қайтарады.
Оң шешім қабылданған жағдайда тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар ТЖКЖС тауарлардың электрондық каталогының ақпараттық жүйесі арқылы 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде енгізіледі.
54. Әкімшілік рәсімдер шеңберінде сыныптау жөніндегі комиссияның шешіміне шағым жасау Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ережелеріне сәйкес жүргізіледі.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға қосымшамен толықтырылсын.
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен мыналарды қамтамасыз етсін:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
Қазақстан Республикасының
Көлік министрлігі
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
Қазақстан Республикасының
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Өтініш нысаны
Тауар, жұмыс және қызмет атауы | Өтініш беруші-ұйым | Деңгей | Ұсынылған өзгерістердің сипаттамасы | Негізі | Растайтын құжат |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Ескерту:
1. "Тауар, жұмыс және қызмет атауы" - өтініште өзгертуге немесе толықтыруға ұсынылатын тауар, жұмыс және қызмет (тауар, жұмыс немесе қызмет) атауын көрсету қажет.
2. "Өтініш беруші-ұйым" - осы бөлімде бизнес-сәйкестендіру нөмірі және ұйымның немесе жеке сәйкестендіру нөмірі атауымен толтырылады.
3. "Деңгей" - өзгерту немесе толықтыру ұсынылатын деңгейді анықтау және көрсету қажет: санат, топ, сынып немесе түр, оның ішінде тауардың, жұмыстың және қызметтің сипаттамалары.
4. "Ұсынылған өзгерістердің сипаттамасы" - мәлімдемеде тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы сыныптауыштар құрылымының ұсынылған өзгеруі немесе толықтырылуы егжей-тегжейлі сипатталады.
5. "Негіз" - өзгеріс немесе толықтыру енгізілетін негіз көрсетіледі.
6. "Растайтын құжат" - өзгерістер немесе толықтырулар енгізу қажеттігін растайтын құжат қоса беріледі.