БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
2-тармақтың 67) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"67) тақырыптық жәрмеңке – қазақстандық тауар өндірушілерді, оның ішінде шағын индустриялық аймақтарға қатысушыларды қолдау және халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында ұйымдастырылатын түрлі тақырыптағы жәрмеңке;";
37-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"37. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ескере отырып, Қазақстанда шығарылған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ішкі сауданы дамытуды ынталандыру үшін сауда қызметіне қолайлы жағдайлар жасау жөнінде шаралар әзірлейді.";
49 және 50-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"49. Сауда желісі мен сауда базарларын ұйымдастыру арқылы тауарларды сатуды жүзеге асыру кезінде ішкі сауда субъектілері:
1) Қазақстанда шығарылған тауарларын жақын жерде орналасқан бірнеше Қазақстанда шығарылған тауарларына орнатуға рұқсат етілетін арнайы маңдайшамен немесе "Қазақстанда жасалған" деген жазумен қою орындарын белгілейді;
2) кросс-сауда-саттықты пайдалана отырып үлкен сұранысқа ие өнімдермен қатар "Қазақстанда жасалған" деген жазуы бар Қазақстанда шығарылған тауарлары бар;
3) Қазақстанда шығарылған азық-түлік тауарларын сауда алаңында және (немесе) сөре кеңістігінде азық-түлік тауарлары орналасқан жалпы сауда алаңының және (немесе) сөре кеңістігінің кемінде отыз пайызын орналастырады;
4) Қазақстанда шығарылған тауарларды көзбен шолып және физикалық қолжетімді орындарға (көз деңгейінде) орналастырады;
Осы көлемде Қазақстанда шығарылған азық-түлік тауарлары болмаған жағдайда қалған орындар және (немесе) сөре кеңістігі ішкі сауда субъектісінің қалауы бойынша басқа тауарлармен толтырылады.
50. Қазақстанда шығарылған азық-түлік тауарларын орналастыру үшін алаңды және (немесе) сөре кеңістігін бөлу қазақстандық өндірушінің немесе Қазақстанда шығарылған тауарларын өткізетін ішкі сауда субъектісінің жазбаша өтінімі бойынша жүзеге асырылады.
Өтінімдер болмаған жағдайда сауда желісін ұйымдастыру арқылы тауарларды сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ішкі сауда субъектілері қазақстандық өндірушілерді тартуды дербес ұйымдастыра алады.
Қазақстандық тауар өндірушілер немесе жеткізушілер тарапынан өтінімдер болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайда қалған сауда алаңы және (немесе) сөре кеңістігі басқа тауарларды сату үшін пайдаланылуы мүмкін.";
81-тармақтың екінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"КТО негізінен жеміс-көкөніс өнімдері мен өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру орындарының жанында орналасқан және қазақстандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге, сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға және ішкі сауда субъектілеріне қабылдау, сақтау және бастапқы өңдеу бойынша қызметтер көрсететін азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату (тазалау, калибрлеу, сұрыптау, ішкі және сыртқы нарықтарда кейіннен өткізу үшін ауыл шаруашылығы өнімін буып-түю және басқа да қызметтер және (немесе) өзге де операцияларды сақтауға және орындауға арналған жылжымайтын мүлік объектісі болып табылады;";
128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"128. № 862 бұйрыққа сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын автокөліктер, мотоциклдер және мототехниканың басқа да түрлері (бұдан әрі – көлік құралдары), оларға Қазақстанда шығарылған және шетелдік өндірістің нөмірлік агрегаттары көлік құралдарына және олардың агрегаттарына меншік құқығын куәландыратын құжаттар болған кезде оларды сатуға байланысты есептен шығару комиссияға қабылданады.";
166-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"166. Орындарды бөлу қазақстандық тауар өндірушілерге басым түрде жүзеге асырылады.";
175-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) жәрмеңкеде сауда орындарын, оның ішінде қазақстандық тауар өндірушілерге және мүгедектігі бар адамдарға сауда орындарын басымдықпен беруді ұсынады;";
229-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ішкі сауда субъектілері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын қазақстандық тауар өндірушілермен шарттар жасасады.".
2. "Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32884 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидалары, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар қағидаларында:
14-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) қазақстандық тауар өндірушілердің қатар орналасқан арнайы маңдайшамен немесе "Қазақстанда жасалған" деген жазумен бірнеше тауары үшін орнатуға рұқсат етілетін отандық тауар өндірушінің тауарлары қойылатын орындарды белгілейді;".
3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі