"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналардың:
1) "Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 9 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27771 болып тіркелген);
2) "Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2023 жылғы 19 шілдедегі № 10 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтар тізбесінің 5-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33136 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Экономикалық шоғырлану және мемлекеттік кәсіпорындарды бақылау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| 
      Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының міндетін атқарушы  | 
Б. Самбетов |