"Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-I және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 305 бұйрықтарына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 2025 жылғы 24 шiлдедегi № 230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 25 шiлдеде № 36514 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Теңіз портының капитаны туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2004 жылғы 10 ақпандағы № 55-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2729 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теңіз портының капитаны туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай мазмұндағы 19) тармақшамен толықтырылсын:

      "19) "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 305 бұйрығымен бекітілген шарттардың (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35095 болып тіркелген) сақталуын бақылау және қадағалау.".

      2. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі № 305 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35095 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары (бұдан әрі – шарттар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
Н. Сауранбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты

      әлеуметтік қорғау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Көлік министрі
2025 жылғы 24 шілдедегі
№ 230 Бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атқарушының
2024 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 305 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары (бұдан әрi – Шарттар) "Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заң) 25-бабының 2-тармағына және "Ішкі су көлігі" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Ішкі су көлігі туралы заң) 34-бабының 3-тармағына сәйкес әзiрленген және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттарын айқындайды.

      2. Осы Шарттар сақталған кезде Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен жүзетін кемеге жұмысқа қабылдау "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Халықтың көші-қоны туралы заңы), "Еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты талап етілмейтін адамдардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 24 қарашадағы № 1041 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін теңіз кеме экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары

      3. Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзетін кемеге жұмысқа мынадай шарттар сақталған жағдайда қабылданады:

      1) Теңізшілерді даярлау мен дипломдау және вахта жұмысын атқару туралы 1978 жылғы Халықаралық конвенцияның (бұдан әрі – ТДВА), Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы Заңның 24-бабының және "Кәсіби диплом үлгілерін, кәсіби диплом растамасын, теңізшілерге диплом беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 шілдедегі № 504 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15577 болып тіркелген) (бұдан әрі – Теңізшілерді дипломдау қағидалары) талаптарына сәйкес кәсіптік дипломының не кәсіптік дипломды растауының болуы;

      2) ТДВА талаптарына сәйкес денсаулық жағдайы бойынша осындай жұмысқа жарамдылығын растайтын медициналық куәліктің немесе "Кеме экипажы мүшелерін медициналық қарап-тексеру қағидаларын, олардың денсаулығы мен дене жарамдылығына қойылатын талаптарды, сондай-ақ медициналық қорытындының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 364 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11546 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша берілген медициналық комиссия қорытындысының болуы;

      3) "Теңізшілердің жеке куәліктері туралы 1958 жылғы конвенцияны қайта қарайтын Конвенцияны (№ 185 Конвенция) ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы талаптарына сәйкес берілген теңізшінің жеке куәлігінің болуы;

      4) қазақстандық кадрларды оқыту және бейімдеу үшін тәлімгерлікті жүзеге асыру;

      4. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды кемеге жұмысқа қабылдау кемеде бос жұмыс орындары болған және Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 103-бабына сәйкес ішкі еңбек нарығында жекелеген кәсіптер мен біліктіліктер бойынша қызметкерлерге сұранысты қанағаттандыру мүмкіндігі болмаған кезде жүзеге асырылады.

3-тарау. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтерiп жүзетін ішкі су көлігі экипажының құрамына шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың кiру мүмкiндiгiнің шарттары

      5. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар кеме капитаны, кеме капитанының аға көмекшісі, аға механик және радио мамандары лауазымдарына тағайындалмайды.

      6. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар мынадай шарттар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туымен жүзетін кемеге жұмысқа қабылданады:

      1) Ішкі су көлігі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын кемелердің командалық құрамының адамдарына диплом беру және оларды аттестаттау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 355 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11234 болып тіркелген) сәйкес кәсіптік дипломының болуы;

      2) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 073/у нысаны бойынша медициналық комиссияның қорытындысының болуы;

      3) шетелдіктер үшін – жарамды шетелдік паспорт, бұл ретте Қазақстан Республикасы мемлекеттерімен келудің және болудың визасыз тәртібі туралы келісім жасалмаған шетелдіктер үшін Халықтың көші-қоны туралы заңының 6-бабына сәйкес қосымша тиісті виза болуы қажет;

      азаматтығы жоқ адамдар үшiн – азаматтығы жоқ адамның куәлiгi немесе азаматтығы жоқ адамның құқықтық мәртебесiн растайтын, шет мемлекет берген шетелдiк паспорт болуға тиiс.

О внесении изменения и дополнения в приказы Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 февраля 2004 года № 55-I "Об утверждении Положения о капитане морского порта" и исполняющего обязанности Министра транспорта Республики Казахстан от 18 сентября 2024 года № 305 "Об утверждении условий, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан"

Приказ Министра транспорта Республики Казахстан от 24 июля 2025 года № 230. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 25 июля 2025 года № 36514

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра транспорта и коммуникаций Республики Казахстан от 10 февраля 2004 года № 55-I "Об утверждении Положения о капитане морского порта" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 2729) следующее дополнение:

      в Положении о капитане морского порта, утвержденном указанным приказом:

      пункт 7 дополнить подпунктом 19) следующего содержания:

      "19) контроль и надзор за соблюдением условий, утвержденных приказом исполняющего обязанности Министра транспорта Республики Казахстан от 18 сентября 2024 года № 305 "Об утверждении условий, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 35095).".

      2. Внести в приказ исполняющего обязанности Министра транспорта Республики Казахстан от 18 сентября 2024 года № 305 "Об утверждении условий, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 35095) следующее изменение:

      Условия, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан (далее – условия) изложить в редакции согласно приложению к настоящему приказу.

      3. Комитету железнодорожного и водного транспорта Министерства транспорта Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства транспорта Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра транспорта Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр транспорта Республики Казахстан Н. Сауранбаев

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство здравоохранения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство труда и
социальной защиты населения
Республики Казахстан

      "СОГЛАСОВАНО"
Министерство внутренних дел
Республики Казахстан

  Приложение к приказу
Министр транспорта
Республики Казахстан
от 24 июля 2025 года № 230

  Утверждены приказом
исполняющего обязанности
Министра транспорта
Республики Казахстан
от 18 сентября 2024 года № 305

Условия, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Условия, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан (далее – Условия) разработаны в соответствии с пунктом 2 статьи 25 Закона Республики Казахстан "О торговом мореплавании" (далее – Закон о торговом мореплавании) и пунктом 3 статьи 34 Закона Республики Казахстан "О внутреннем водном транспорте" (далее – Закон о внутреннем водном транспорте) и определяют условия, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан.

      2. Прием на работу на судно, плавающее под Государственным флагом Республики Казахстан, иностранцев и лиц без гражданства осуществляется в соответствии Законом Республики Казахстан "О миграции населения" (далее – Закон о миграции населения), постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2023 года № 1041 "Об определении перечня лиц, для которых не требуются разрешения местных исполнительных органов на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности" для осуществления трудовой деятельности в Республике Казахстан, при соблюдении настоящих Условий.

Глава 2. Условия, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа морского судна, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан

      3. Иностранцы и лица без гражданства принимаются на работу на судно, плавающее под Государственным флагом Республики Казахстан, при соблюдении следующих условий:

      1) наличие профессионального диплома либо подтверждения профессионального диплома, отвечающего требованиям Международной конвенции о подготовке и дипломировании моряков и несении вахты 1978 года с поправками (далее – ПДНВ), статьи 24 Закона о торговом мореплавании и приказа Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 26 июля 2017 года № 504 "Об утверждении образцов профессионального диплома, подтверждения профессионального диплома, Правил дипломирования моряков" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 15577) (далее – Правила дипломирования моряков);

      2) наличие медицинского свидетельства, подтверждающего их пригодность к такой работе по состоянию здоровья в соответствии с требованиями ПДНВ либо заключения медицинской комиссии, выданного по форме, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 364 "Об утверждении Правил медицинского осмотра членов экипажа судна, требований к состоянию их здоровья и физической пригодности, а также формы медицинского заключения" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11546);

      3) наличие удостоверения личности моряка, выданного в соответствии с требованиями Закона Республики Казахстан "О ратификации Конвенции, пересматривающей Конвенцию 1958 года об удостоверениях личности моряков (Конвенция № 185)";

      4) осуществления наставничества для обучения и адаптации казахстанских кадров.

      4. Прием на работу на судно иностранцев и лиц без гражданства осуществляется при наличии свободных рабочих мест на судне и отсутствии возможности удовлетворить спрос на работников по отдельным профессиям и квалификациям на внутреннем рынке труда в соответствии со статьей 103 Социального кодекса Республики Казахстан.

Глава 3. Условия, на которых иностранцы и лица без гражданства могут входить в состав экипажа внутреннего водного транспорта, плавающего под Государственным флагом Республики Казахстан

      5. Иностранцы и лица без гражданства не назначаются на должности капитана судна, старшего помощника капитана судна, старшего механика и радиоспециалистов.

      6. Иностранцы и лица без гражданства принимаются на работу на судно, плавающее под Государственным флагом Республики Казахстан, при соблюдении следующих условий:

      1) наличие профессионального диплома, отвечающего требованиям в соответствии со статьей 34 Закона Республики Казахстан о внутреннем водном транспорте и приказом исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 355 "Об утверждении правилам дипломирования и аттестации лиц командного состава судов, подлежащих государственной регистрации в Государственном судовом реестре Республики Казахстан" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 11234);

      2) наличие заключения медицинской комиссии по форме 073/у, утвержденной приказом исполняющего обязанности Министра здравоохранения Республики Казахстан от 30 октября 2020 года № ҚР ДСМ-175/2020 "Об утверждении форм учетной документации в области здравоохранения, а также инструкций по их заполнению" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 21579);

      3) для иностранцев – наличие действительного заграничного паспорта, при этом для иностранцев, с государствами которых Республикой Казахстан не заключены соглашения о безвизовом порядке въезда и пребывания дополнительно необходимо иметь соответствующую визу в соответствии со статьей 6 Закона о миграции населения;

      для лиц без гражданства – наличие удостоверения лица без гражданства или заграничного паспорта, выданного иностранным государством, подтверждающего правовой статус лица без гражданства.