Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 10 шiлдедегi № 312-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 11 шiлдеде № 36435 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 102-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Экономика және қаржы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрі
А. Балаева

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 10 шілдедегі
№ 312-НҚ бұйрығына
1-қосымша

Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 102-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.

2-тарау. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі

      2. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне жатады:

      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;

      2) мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін материалдар дайындау;

      3) құжаттарды талдамалы-синтетикалық өңдеуді орындау және қосымша библиография жасау;

      4) қолжазбаларды, құнды кітаптарды және құжаттарды қалпына келтіру;

      5) көшпелі ақпараттық-көрме іс-шараларын ұйымдастыру;

      6) білім беру және аударма қызметтерін көрсету;

      7) қолжазбаларға және құнды кітаптарға сараптама жасау;

      8) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі қызметтерін ұсыну;

      9) құжаттарды электронды жеткізу, тақырыптық ақпарат іздестіру және құрастыру;

      10) экскурсиялық қызмет көрсетуді, фото және бейне түсірілімдерді жүргізу;

      11) кітапхана шығарған оқу-әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізу.

      3. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне жатады:

      1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық түрлерінен көшірмелер дайындау және оларды өңдеу;

      2) байланыс операторымен шарт негізінде интернет қызметтерін ұсыну;

      3) фото және бейне түсірілімдер жүргізу;

      4) кәдесый және полиграфия өнімдерін өткізу;

      5) музейлер мен музей-қорықтар басып шығарған оқу-әдістемелік басылымдарды және басқа да әдебиетті өткізу;

      6) музей қоры материалдарын өңдеуге және (немесе) музей заттары және музей коллекциялары, сондай-ақ жеке меншіктегі заттар және коллекциялар туралы ақпараттар мен анықтамалар құрастыру.

      4. Ақылы негізде ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағалар мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханаларға, мемлекеттік музейлерге және музей-қорықтарға бағалар мәдениет саласындағы уәкілетті органмен белгіленеді (бұдан әрі – прейскурант).

      5. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар ақпараттық стендінде, сондай-ақ ресми сайттарында қазақ және орыс тілдерінде көрнекі қойылған мынадай ақпаратты:

      1) толық көлемде (қысқартусыз) баяндалған осы Қағидаларды;

      2) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша көрсетілетін қызмет түрлерінің тізбесін;

      3) прейскурантты орналастырады.

      6. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалар, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтар тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағасы мен көлемін көрсете отырып, растайтын құжаттар (шарттар, түбіртектер, шот-фактуралар, жүкқұжаттар, көрсетілген қызметтердің/орындалған жұмыстардың актілері, фискальдық чектер) бойынша ақылы негізде өткізеді.

      7. Қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізген кезде есеп айырысулар мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың кассалары арқылы міндетті түрде фискальды жады бар бақылау-кассалық машиналар пайдаланыла отырып және клиентке бақылау түбіптегі беріле отырып, қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша ағымдағы шотқа аудару жолымен жүргізіледі.

      8. Ақылы қызмет түрлерін жүзеге асырған кезде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу күні, тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) түрлері, саны және қоса берілген құжаттардың (оларды ұсынған жағдайда) атаулары, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуге жауапты лауазымды адамның тегі, аты-жөні тіркелетін журнал (ерікті нысанда) жүргізіледі.

3-тарау. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану тәртібі

      9. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың негізгі қызметіне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақшаны мынадай бағыттар бойынша:

      1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;

      2) қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

      3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көлік қызметтеріне ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);

      4) кітапхана қорларын толықтыру үшін әдебиеттер, электрондық коллекциялар мен дерекқор сатып алуға;

      5) ғылыми және әдістемелік әдебиет басып шығаруға;

      6) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқытуды өткізу үшін оқу құралдарын, көрнекі материалдарды сатып алуға;

      7) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқыту тренингтерін, семинарлар, конференциялар өткізуге;

      8) бұқаралық іс-шараларды өткізуге (әдеби кештер, көрмелер, таныстырылымдар, конкурстар, кітап күндері, фестивальдар);

      9) бланк өнімдерін, брошюраларды, авторефераттарды, оқырман билеттерін, талап парақшаларын әзірлеуге және олардың таралымын көбейтуге, мұқабаны басып шығаруға, тарақты түптеуге;

      10) кітапханалар басылымдарын, дыбыс жазбаларының, бейнефильмдердің, фонограммалардың көшірмелерін өткізуге;

      11) кітаптарды, журналдарды жөндеуге, реставрациялауға және түптеуге;

      12) фото, кино, бейне түсірімдерге, жекелеген мақалалардың және кітаптар мен мерзімді баспа басылымдарынан алынған материалдардың микрокөшірмесін алуға;

      13) мәдени құндылықтар мен тарих және мәдениет ескерткіштерін реставрациялауға пайдаланылады.

      10. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік музейлердің және музей-қорықтардың негізгі қызметіне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақшаны мынадай бағыттар бойынша:

      1) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;

      2) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

      3) шаруашылық шығыстарға (байланыс қызметтеріне ақы төлеу, көлік қызметтеріне ақы төлеу, электр энергиясына, жылуға, сумен жабдықтауға ақы төлеу және басқа да коммуналдық шығыстар, ағымдағы мақсаттар үшін заттар мен материалдар сатып алу);

      4) жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың тапсырыстары (өтінімдері) бойынша оқытуды өткізу үшін үй-жайды жалға алуға және оқу құралдарын, көрнекі материалдарды сатып алуға пайдаланылады.

      11. Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін, өз иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарлары Кодекстің 101-бабының 8-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сай жасалады.

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат
министрі
2025 жылғы 10 шілдедегі
№ 312-НҚ бұйрығына
2-қосымша

Күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10331 болып тіркелген).

      2. "Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 392 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12611 болып тіркелген).

      3. "Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2018 жылғы 24 қазандағы № 304 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17695 болып тіркелген).

      4. "Мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушы 2021 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22045 болып тіркелген).

      5. "Мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік кітапханалардың, мемлекеттік музейлер мен музей-қорықтардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 21 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 462-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35300 болып тіркелген).

Об утверждении Правил осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, использования ими денег от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении

Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 10 июля 2025 года № 312-НҚ. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 11 июля 2025 года № 36435

      В соответствии с пунктом 5 статьи 102 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, использования ими денег от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, согласно приложению 1 к настоящему приказу.

      2. Признать утратившими силу некоторые приказы согласно приложению 2 к настоящему приказу.

      3. Департаменту экономики и финансов Министерства культуры и информации Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства культуры и информации Республики Казахстан после его официального опубликования.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр культуры и информации
Республики Казахстан
А. Балаева

      "СОГЛАСОВАН"

      Министерство финансов

      Республики Казахстан

  Приложение 1 к приказу
Министр культуры и
информации
Республики Казахстан
от 10 июля 2025 года
№ 312-НҚ

Правила осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, использования ими денег от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, использования ими денег от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 102 Бюджетного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и определяют порядок осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, использования ими денег от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении.

Глава 2. Порядок осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, использования ими денег от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении

      2. К платным видам деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, относятся:

      1) изготовление копий со всех видов носителей, форматов, стандартов и их обработку;

      2) изготовление материалов для граждан с ограниченными возможностями;

      3) выполнение аналитико-синтетической обработки документов и дополнительной библиографии;

      4) реставрацию рукописей, ценных книг и документов;

      5) организацию выездных информационно-выставочных мероприятий;

      6) образовательные и переводческие услуги;

      7) экспертизу рукописей и ценных книг;

      8) предоставление услуг сети Интернет на основании договора с оператором связи;

      9) электронную доставку документов, поиск и составление тематической информации;

      10) проведение экскурсионного обслуживания, фото- и видеосъемки;

      11) реализацию учебно-методической литературы и других пособий, изданных библиотекой.

      3. К платным видам деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, относятся:

      1) изготовление копий со всех видов носителей, форматов, стандартов и их обработку;

      2) предоставление услуг интернета на основании договора с оператором связи;

      3) проведение фото- и видеосъемок;

      4) реализацию сувенирной и полиграфической продукции;

      5) реализацию учебно-методических изданий и другой литературы, изданных музеями и музеями-заповедниками;

      6) обработку материалов музейного фонда и (или) составление информации и справок о музейных предметах и музейных коллекциях, а также предметах и коллекциях, находящихся в частной собственности.

      4. Цены на товары (работы, услуги) государственным библиотекам, государственным музеям и музеям-заповедникам, созданным в организационно-правовой форме государственного учреждения, предоставляемые на платной основе, устанавливаются уполномоченным органом в области культуры (далее- прейскурант).

      5. Государственные библиотеки, государственные музеи и музеи-заповедники, созданные в организационно-правовой форме государственного учреждения, на информационном стенде, а также на официальных сайтах размещают следующую наглядную информацию на казахском и русском языках:

      1) настоящие Правила, изложенные в полном объеме (без сокращений);

      2) перечень предоставляемых видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг);

      3) прейскурант.

      6. Государственные библиотеки, государственные музеи и музеи-заповедники, созданные в организационно-правовой форме государственного учреждения, реализуют на платной основе товары (работы, услуги) по подтверждающим документам (договора, квитанции, счета-фактуры, накладные, акты оказанных услуг/выполненных работ, фискальные чеки) с указанием цены и объема товаров (работ, услуг).

      7. Расчеты при реализации товаров (работ, услуг), осуществляемые посредством наличных денег, производятся через кассы государственных библиотек, государственных музеев и музеев-заповедников, созданных в организационно-правовой форме государственного учреждения, с обязательным применением контрольно-кассовых машин с фискальной памятью и выдачей контрольного чека клиенту, по безналичному расчету путем перечисления на текущий счет.

      8. При осуществлении платных видов деятельности ведется журнал (в произвольной форме) в котором фиксируются дата реализации товаров (работ, услуг), виды товаров (работ, услуг), количество и наименование приложенных документов (при их предоставлении), фамилия, инициалы ответственного должностного лица по реализации товаров (работ, услуг).

Глава 3. Порядок использования государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, использования денег от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении

      9. Деньги, поступающие от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных библиотек, созданных в организационно-правовой форме государственного учреждения используются по следующим направлениям:

      1) укрепление материально-технической базы;

      2) оплата труда специалистов, привлекаемых для оказания услуг;

      3) хозяйственные расходы (оплата услуг связи, оплата транспортных услуг, оплата за электроэнергию, отопление, водоснабжение и другие коммунальные расходы, приобретение предметов и материалов для текущих целей);

      4) приобретение литературы, электронных коллекций и баз данных для пополнения библиотечных фондов;

      5) издание научной и методической литературы;

      6) приобретение учебных пособий, наглядных материалов для проведения обучения по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц;

      7) проведение обучающих тренингов, семинаров, конференций по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц;

      8) проведение массовых мероприятий (литературные вечера, выставки, презентации, конкурсы, дни книги, фестивали);

      9) изготовление и тиражирование бланочной продукции, брошюр, авторефератов, читательских билетов, листков требований, печатание обложки, гребешковый переплет;

      10) реализация изданий библиотек, копий звукозаписей, видеофильмов, фонограмм;

      11) ремонт, реставрация и переплет книг, журналов;

      12) фото-, кино-, видеосъемка, микрокопирование отдельных статей, материалов из книг и периодических печатных изданий;

      13) реставрация культурных ценностей и памятников истории и культуры.

      10. Деньги, поступающие от реализации товаров (работ, услуг), не относящихся к основной деятельности государственных музеев и музеев-заповедников, созданных в организационно-правовой форме государственного учреждения, используются по следующим направлениям:

      1) укрепление материально-технической базы;

      2) оплата труда специалистов, привлекаемых для оказания платных услуг;

      3) хозяйственные расходы (оплата услуг связи, оплата транспортных услуг, оплата за электроэнергию, отопление, водоснабжение и другие коммунальные расходы, приобретение предметов и материалов для текущих целей);

      4) аренда помещений и приобретение учебных пособий, наглядных материалов для проведения обучения по заказам (заявкам) физических и негосударственных юридических лиц.

      11. Планы поступлений и использования денег, получаемых библиотек, государственных музеев и музеев-заповедников, созданных в организационно-правовой форме государственного учреждения, от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении, составляются в соответствии с Правилами исполнения бюджета и его кассового обслуживания, утверждаемой уполномоченным органом по бюджетному планированию согласно пункту 8 статьи 101 Кодекса.

  Приложение 2 к приказу
Министр культуры и
информации
Республики Казахстан
от 10 июля 2025 года
№ 312-НҚ

Перечень утративших силу некоторых приказов

      1. Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 21 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 10331).

      2. Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 15 декабря 2015 года № 392 "О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 21 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 12611).

      3. Приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 24 октября 2018 года №304 "О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 21 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 17695).

      4. Приказ исполняющего обязанности Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 6 января 2021 года № 2 "О внесении изменений в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 21 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров, работ, услуг государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками и расходования ими денег от реализации товаров, работ, услуг" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 22045).

      5. Приказ Министра культуры и информации Республики Казахстан от 4 октября 2024 года № 462-НҚ "О внесении изменения в приказ Министра культуры и спорта Республики Казахстан от 26 января 2015 года № 21 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными библиотеками, государственными музеями и музеями-заповедниками, созданными в организационно-правовой форме государственного учреждения, и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 35300).