БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 10 шілдедегі № 311 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33056 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу, сондай-ақ ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін және жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативін есептеу, осы әдістеменің 9, 10, 11 және 12-тармақтарын қоспағанда, мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:
1) Vжқ1 – шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын, қазақстандық үлгідегі дипломды алатын, бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі, сондай-ақ қазақстандық үлгідегі дипломды алатын, ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары үшін жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:
V жқ1 = Nzb1 * Контzb1,
мұндағы:
Nzb1 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;
Контzb1 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;
Nzb1 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nzb1 = Т+Xz+ A+ S,
мұндағы:
Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП-ның және ПОҚ-ның жылына бір білім алушыға шаққандағы жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Xz – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары бойынша жылына бір білім алушыға есептегенде жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде білім алушылардың оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға, зертханалық, практикалық, теориялық және жеке сабақтарының академиялық ұтқырлығын ұйымдастыруға арналған оқу шығыстары – 19 АЕК;
АЕК – жыл сайын республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін айлық есептік көрсеткіш. Айлық есептік көрсеткішке баламалы көрсеткіштердің мәндерін айқындау үшін негіз ретінде 2022 жылғы 1 қаңтарға белгіленген АЕК мөлшері алынады;
А – кадрларды даярлаудың техникалық және ауыл шаруашылығы бағыттары үшін оқу құралдары мен жабдықтардың амортизация нормасы 64 АЕК-ті құрайды;
Т – білім беру процесіне тартылған ӘБП және ПОҚ еңбегіне ақы төлеудің жылдық қоры жылына бір білім алушыға төменде келтірілген персонал құрамы негізге алына отырып есептеледі.
Мәтін бойынша қолданылатын аббревиатура | Персонал | Саны (штат бірлігі) | 1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері теңгемен | АЕК-те 1 қызметкерге шаққандағы жалақы мөлшері |
ПОҚ | Профессорлық-оқытушылық құрам (ПОҚ): | 100 | ||
ПОҚkz | Отандық ПОҚ | 70 | 860 000 | 280,77 АЕК |
ПОҚin | Шетелдік ПОҚ | 30 | 3 956 000 | 1291,544 АЕК |
ӘБП | Әкімшілік-басқару персоналы: | 54,5 | ||
ӘБП kz | Отандық менеджмент | 1 | 1 075 000 | 350,963 АЕК |
ӘБПin | Шетелдік менеджмент, Халықаралық менеджмент |
1,5 |
4 515 000 | 1474,045 АЕК 1263,467 АЕК |
ӘБПin | Шетелдік орта менеджмент | 5 | 860 000 | 280,77 АЕК |
ӘБПkz | ӘБП кіші құрамы | 46 | 430 000 | 140,385 АЕК |
Барлығы | 154,5 |
Т – білім беру процесіне жылына бір білім алушыға тартылған ӘБП және ПОҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры мынадай формула бойынша есептеледі:
T = Tkz+ Tin,
Тkz = Тәбпkz+ Тпоқkz,
Тin = Тәбп in + Тпоқ in,
мұндағы:
Тkz – жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған отандық ӘБП және ПОҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Тin – жылына бір білім алушыға білім беру процесіне тартылған шетелдік ӘБП және ПОҚ-ның жылдық еңбекақы төлеу қоры;
Тәбп – ӘБП жылдық еңбекақы төлеу қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:
Тәбпkz (in) = Wәбпkz (in) *12*snokz (in) * mvәбпkz (in) *mp,
Тпоқ – ПОҚ-ның жылдық еңбекақы қоры отандық (kz) және шетелдік (in) үшін жеке формула бойынша есептеледі:
Тпоқkz (in) = Wпоқkz (in) * 12*snokz(in)*mvпоқkz (in) * mp,
мұндағы:
W – айына отандық және шетелдік ПОҚ және ӘБП еңбекақы төлеу қоры:
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары арасындағы шарт негізінде отандық және шетелдік ӘБП және ПОҚ үшін белгіленді.
Жалақыны есептеу 2021 жылғы 15 қарашаға белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 430 теңге баламасында ұлттық валютада жүргізілді;
12 – айына нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жылына айлар саны;
sno – әлеуметтік салық және әлеуметтік аударымдар коэффициенті:
отандық персоналдар үшін snokz – 1,0836;
2025 және одан кейінгі жылдарға – 1,0968;
шетелдік персоналдар үшін snoin – 1,095;
mp – жұмыс берушінің қосымша міндетті зейнетақы жарналарының және міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдардың коэффициенті:
2023 жылға – 1,03;
2024 жылға – 1,045;
2025 жылға – 1,055;
2026 жылға – 1,065;
2027 жылға – 1,075;
2028 жылға және одан кейінгі жылдарға – 1,08;
mvпоқ – бір оқытушыға келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициентін құрайды:
бір шетелдік оқытушыға mvпоқin – 0,02;
бір отандық оқытушыға mvпоқkz – 0,047;
mvәбп – ӘБП бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті:
бір шетелдік мидл менеджментке mvәбпin1 – 0,0033;
бір шетелдік топ-менеджментке mvәбпin2– 0,001;
бір шетелдік халықаралық менеджментке mvәбпin3 – 0,00067;
бір отандық менеджментке mvәбпkz1 – 0,00067;
бір ӘБП кіші құрамға mvәбпkz2 – 0,031;
S – халықаралық білім беру бағдарламаларын енгізу коэффициенті – 102,024 АЕК;
2) Vжқ2 – шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен стратегиялық әріптестік шеңберінде іске асырылатын, қос диплом алатын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі мына формула бойынша есептеледі:
V жқ2 = Nzb2* Контzb2,
мұндағы:
Контzb2 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;
Nzb2 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі, мына формула бойынша айқындалады:
Nzb2 = Nzb1 + L1,
мұндағы:
L1 – Солтүстік Америка елдерінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қос диплом бағдарламасы бойынша бір білім алушыға жылына 752,693 АЕК есебінен шығыстар;
3) Vжқ3 – ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының филиалдары шеңберінде іске асырылатын, қос диплом алатын білім беру бағдарламалары бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі, мына формула бойынша есептеледі:
Vжқ3 = Nzb3 * Контzb3,
мұндағы:
Контzb3 – бакалавриатта білім алушылардың жыл сайынғы контингенті;
Nzb3 – бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі, мына формула бойынша айқындалады:
Nzb3 = Nzb1 - S + L2,
мұндағы: L2 – Еуропа елдерінің шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарымен қос диплом бағдарламасы бойынша бір білім алушыға жылына 698,845 АЕК есебінен шығыстар.
Шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына төлем барлық оқу кезеңі үшін (4 жыл) тең үлестермен шарт негізінде жүзеге асырылады. L1 және L2 есебі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2022 жылғы 27 желтоқсанға белгіленген бағамы бойынша 1 АҚШ доллары үшін 461,1 теңге эквивалентінде ұлттық валютада жүргізілді.";
мынадай мазмұндағы 12-тармақпен толықтырылсын:
"12. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған "Coventry Kazakhstan" шетелдік оқу орны" ЖШС-ның жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі мен жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемінің есебі мынадай формулалар бойынша есептеледі:
1) Vпф - жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың жылдық көлемі (бакалавриат) мына формула бойынша есептеледі:
Vпф = Nb * Контb,
мұндағы:
Nb - бакалавриатта жылына бір білім алушыға жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативі;
Контb - бакалавриатта білім алушылардың орташа жылдық контингенті және ол мына формула бойынша есептеледі:
Контb = жыл басына білім алушылардың саны + оқуға жаңадан қабылданатындардың 1/3 – күтілетін түлектер санының 1/2 – оқудан шығатындардың болжалды саны + оқуға келетін білім алушылардың болжалды саны.
2) Nb - бакалавриатта жылына бір білім алушыға қаржыландырудың жан басына шаққандағы нормативі мына формула бойынша есептеледі:
Nb = F + K + A + X + S + L + O + I,
мұндағы:
3) F – жылына бір білім алушыға есептегенде профессорлар-оқытушылар құрамы (бұдан әрі - ПОҚ), әкімшілік-басқару персоналы (бұдан әрі – ӘБП), оқу-көмекші персоналы (бұдан әрі – ОКП) және қызмет көрсету персоналы ( бұдан әрі – ҚКП) қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің жалпы жылдық қоры мына формула бойынша есептеледі:
F = Тin ппс + Тpr. ппс + Тауп + Qувп + Qоп,
3. 1) Тin ппс – жылына бір білім алушыға есептеу шетелдік ПОҚ-тың жылдық еңбекақысын төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Тin. ппс = 12 * W in ппс * sno in ппс * mv in ппс1,
мұндағы:
12 – айына нормативтік шығындарды есептеуден жылына нормативтік шығындарды есептеуге көшу үшін жылдағы айлар саны;
W in ппс - шетелдік ПОҚ-тың еңбекақысын төлеу қоры айына мына формула бойынша есептеледі:
Win. ппс = ЛЖ in. ппс,
мұндағы:
ЛЖ in. ппс – шетелдік оқытушының лауазымдық жалақысы мына формула бойынша айқындалады:
ЛЖ in. ппс = 220,6024 * БЛЖ,
220,6024 – базалық лауазымдық жалақыға (БЛЖ) шетелдік ПОҚ-тың лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті;
snoin ппс – шетелдік ПОҚ-тың еңбекақысын төлеу қоры үшін әлеуметтік салық коэффициенті – 1,095 құрайды;
mvin ппс1 – бір шетелдік ПОҚ-қа келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті – 0,02275 құрайды;
3.2) Тpr. ппс – жылына бір білім алушыға есептеу басқа ПОҚ-тың жылдық еңбекақысын төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Тpr. ппс = 12 * W pr ппс* (snopr + gpo) * mvpr ппс1,
мұндағы:
W pr ппс – басқа ПОҚ-тың айына еңбекақысын төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Wpr ппс= ЛЖ pr ппс,
ЛЖ pr ппс– басқа ПОҚ-тың лауазымдық айлықақысы мына формула бойынша есептеледі:
ЛЖpr ппс = 161,594 * БЛЖ,
мұндағы:
161,594 – базалық лауазымдық жалақыға (БЛЖ) басқа ПОҚ-ның лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті ;
sno pr – әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдардың, жұмыс берушінің міндетті медициналық сақтандыру қорына аударымдарының және міндетті зейнетақы жарналарының коэффициенті:
2024 жылға – 1,1079;
2025 жылға – 1,1311;
2026 жылға –1,1411;
2027 жылға – 1,1511;
2028 және одан кейінгі жылдарға – 1,1561 құрайды.
gpo – қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру төлемдерінің көлемін анықтайтын коэффициент – 0,000899;
mvpr ппс1 – басқа бір ПОҚ-қа келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті бакалавриат үшін – 0,05525 құрайды;
3.3) Тауп – жылына бір білім алушыға есептегенде ӘБП жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Т ауп = 12 * W ауп * (sno pr+ gpo) * mv2,
мұндағы:
W ауп – ӘБП-тың айына еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
W ауп = БЛЖ * f,
мұндағы:
f – жалпы ПОҚ жалақысындағы ӘБП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 66,4843 құрайды;
Жалпы ПОҚ-тың жалақысындағы ӘБП, ОКП-тың үлес салмағын есептеу үшін жалпы ПОҚ-тың лауазымдық жалақысын есептеу коэффициенті қолданылады, ол 178,8048-ге тең;
mv2 – ӘБП-тің бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті бакалавриат үшін – 0,0175 құрайды;
3.4) Q увп – жылына бір білім алушыға ОКП-тің жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Q увп = 12 * W увп * (snopr + gpo) * mv3,
мұндағы:
W увп – айына ОКП еңбекақы төлеу қоры формула бойынша есептеледі:
W увп = БЛЖ * с,
мұндағы:
c – жалпы ПОҚ жалақысындағы ОКП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 31,079 құрайды;
mv3 – ОКП-тің бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті бакалавриат үшін – 0,01 құрайды;
3.5) Q оп – жылына бір білім алушыға ҚКП-тің жылдық еңбекақы төлеу қоры мына формула бойынша есептеледі:
Q оп = 12 * Wоп * (snopr + gpo) * mv4,
мұндағы:
W оп – өтемақы төлемдерінсіз ҚКП-тің бір айдағы еңбекақы қоры мына формула бойынша есептеледі:
W оп = БДО * q,
мұндағы:
q – жалпы ПОҚ жалақысындағы ҚКП жалақысының үлес салмағының коэффициенті – 25,8518 құрайды;
mv4 – ҚКП-тің бір қызметкеріне келетін білім алушылардың орташа санының арақатынасының коэффициенті бакалавриат үшін – 0,0025-ті құрайды;
4) K – білім беру процесін ұйымдастыру және жүргізу мақсатында ПОҚ және ӘБП-ны іссапарға жіберуге байланысты шығыстар нормасы жылына бір білім алушыға есептегенде – 2,7794 АЕК-ті құрайды;
5) А – зертханалық жабдықтардың, оқу аспаптарының, стендтердің амортизациясына арналған шығыстар нормасы – 25,6 АЕК құрайды; ;
6) X – оқу-әдістемелік әдебиеттерді сатып алуға, жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын орындау шеңберінде білім алушылардың зертханалық, практикалық, теориялық және жеке сабақтарын ұйымдастыруға арналған оқу шығыстары жылына бір білім алушыға есептеле отырып – 14 АЕК-ті құрайды;
7) S – жылына бір білім алушыға есептегенде ағымдағы ұстауға арналған шығыстар нормасы – 42,79-ті АЕК құрайды;
8) I – шетелдік профессорлар-оқытушылар персоналын тартуға байланысты шығыстар нормасы (жол жүру, тұру, визалық қолдау, Қазақстан Республикасында жұмыс істеуге рұқсат) – 10,48 АЕК-ті құрайды;
9) O - шетелде оқу шығыcтарына арналған норма – 89,59 АЕК-ті құрайды;
10) L – әріптес - шетелдік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына – білім беру бағдарламаларын енгізгені үшін бір білім алушыға есептегенде жыл сайынғы жарна - 188,5314 АЕК-ті құрайды;
АЕК – 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша белгіленген айлық есептік көрсеткіш;
Ұлыбританияда оқуға байланысты шығыстарды есептеу 2024 жылғы 21 қазанға белгіленген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша Біріккен Корольдіктің 1 фунт стерлингі үшін Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында 632,78 теңге баламасында жүргізілді.
9) Vk б - кредиттік оқыту технологиясын ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
Vk б = Cred * Ncred * Контб,
мұндағы:
Cred - бір білім алушыға жоспарланатын жылдық кредиттер саны;
Ncred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі.
Бір жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында кадрларды даярлаудың бір бағытынан артық іске асыру кезінде оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемі кадрларды даярлау бағыттары мен білім деңгейлері бойынша оқытудың кредиттік технологиясын ескере отырып, жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру көлемін жинақтау жолымен айқындалады;
10) N cred – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттары бөлінісінде бір академиялық кредит құнының нормативі мынадай формула бойынша есептеледі:
N cred = Nб /60,
мұндағы:
60 – МЖМББС сәйкес айқындалған академиялық кредиттер санының есептік орташа жылдық көрсеткіші".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі