Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2025 жылғы 27 маусымдағы № 175 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 1 шiлдеде № 36373 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 102-бабы 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13378 болып тіркелген);

      2) "Орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 22 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 15 сәуірдегі № 91 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20413 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Экология және табиғи ресурстар министрі Е. Нысанбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи ресурстар
министрі 2025 жылғы
27 маусымдағы № 175

Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 102-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді және орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар салаларындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны пайдалану тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың күші орман шаруашылығы (бұдан әрі – орман мекемелері) және республикалық меншіктегі, сол сияқты коммуналдық меншіктегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (бұдан әрі – табиғат қорғау мекемелері) салаларындағы мемлекеттік мекемелерге қолданылады.

      2. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін орман және табиғат қорғау мекемелері Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 112-бабына және "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 38-бабына сәйкес жүзеге асырады.

      3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерінен табыс табу мақсатында орман және табиғат қорғау мекемелері мемлекеттiк сатып алу конкурстарына қатыса алады.

2-тарау. Орман және табиғат қорғау мекемелерінің негізгі қызметіне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) өткізу тәртібі

      4. Орман мекемелерінің негізгі қызметіне жатпайтын тауарларды (жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) өткізу нарықтық бағалар бойынша жүргізіледі.

      5. Табиғат қорғау мекемелерінің шектеулі шаруашылық қызметі нәтижесінде өндірілген тауарлар нарықтық бағалар бойынша өткізіледі.

      6. Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін табиғат қорғау мекемелері Заңның 8-бабының 6) тармақшасына және 10-бабының 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бекітілген тарифтерге сәйкес жүзеге асырады.

      7. Орман мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:

      1) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге;

      2) орман шаруашылығы жолдарын салуға және күтіп ұстауға, ормандарды өртке қарсы жайластыруға;

      3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау-iздестiру жұмыстарына;

      4) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық жұмыскерлердің, оның ішінде өрт күзетшілерінің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылдары жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыскерлердің, сондай-ақ орман ресурстарын өңдеуді жүзеге асыратын жұмыскерлердің жұмыстарына (көрсетілетін қызметтеріне) ақы төлеуге;

      5) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмыстары үшін тұқымдар мен отырғызу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;

      6) орман ресурстарын өңдеу үшін қажетті жабдықтар мен механизмдер сатып алуға;

      7) орман мекемелерінің жұмыс істеуімен байланысты ғимараттарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және жөндеуге;

      8) орман және аңшылық шаруашылығы үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;

      9) орман мекемелерінің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге пайдаланылады.

      8. Табиғат қорғау мекемелерінің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетуден алған қаражаты:

      1) табиғи кешендерді сақтау мен дамытуға;

      2) өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғауға;

      3) аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді қоса алғанда, ормандарды қалпына келтіру және қорғану іс-шараларын жүргізуге;

      4) аумақтарды тазартуға және абаттандыруға;

      5) табиғи-қорық қоры объектілерін қорғау мен туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық қызметпен байланысты инфрақұрылымды дамытуға;

      6) табиғат қорғау қызметін қамтамасыз ету үшін штаттан тыс маусымдық жұмыскерлердің, оның ішінде өрт күзетшілерінің, аралық мақсатта пайдалану үшін ағаш кесуді және өзге мақсаттарда ағаш кесуді, орман дақылы жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі жұмыскерлердің, сондай-ақ шектеулі шаруашылық қызметті жүзеге асыратын жұмыскерлердің жұмыстарына (көрсетілетін қызметтеріне) ақы төлеуге;

      7) табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарынан пайда болған өтімді қоқысты (жел мен дауыл құлатқан ағаштарды) жинаумен байланысты жұмысты (көрсетілетін қызметті) жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жұмысы (көрсетілетін қызметі) құнының ақысын төлеуге;

      8) мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің бақылау-өткізу бекеттерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғалардың жұмысы (көрсетілетін қызметі) құнының ақысын төлеуге;

      9) байланыс құралдарын, көлік және жабдықтар, өртке қарсы күрес, орман қорғау және орман дақылдары мақсатындағы механизмдер мен материалдар, орман дақылдары жұмысы үшін тұқым және отырғызу материалдарын, жанар-жағармай материалдарын, киім-кешек, қару және арнайы қорғаныш құралдарын сатып алуға;

      10) табиғат қорғау қызметі мен байланысты ғимараттарды, құрылысжайларды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға және жөндеуге;

      11) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар үшін мамандар даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға;

      12) табиғат қорғау мекемелерінің жұмыскерлерін еңбек көрсеткіштері үшін көтермелеуге;

      13) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ғылыми зерттеулер жүргізуге;

      14) табиғат музейлері мен көрмелерін ұйымдастыруға және оларды ұстап отыруға;

      15) рекреациялық аймақтарды дамытуға және абаттандыруға;

      16) жарнамалық қызметті жетілдіруге;

      17) экологиялық насихаттауға;

      18) теріс экологиялық зардаптардың алдын алуға және жоюға пайдаланылады.

Об утверждении Правил осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении

Приказ Министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 27 июня 2025 года № 175. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 июля 2025 года № 36373

      В соответствии с пунктом 5 статьи 102 Бюджетного кодекса Республики Казахстан, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении.

      2. Признать утратившими силу:

      1) приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 22 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 13378);

      2) приказ Министра экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан от 15 апреля 2020 года № 91 "О внесении изменения в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 января 2016 года № 22 "Об утверждении Правил оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий и расходования ими денег от реализации товаров (работ, услуг)" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 20413).

      3. Комитету лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической службы Министерства экологии и природных ресурсов Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      4. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра экологии и природных ресурсов Республики Казахстан.

      5. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
Е. Нысанбаев

      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан

  Утверждены приказом
Министр экологии
и природных ресурсов
Республики Казахстан
от 27 июня 2025 года № 175

Правила осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении.

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении (далее – Правила) разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 102 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и определяют порядок осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сферах лесного хозяйства, особо охраняемых природных территорий и использование ими денег от реализации товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении.

      Действие настоящих Правил распространяются на государственные учреждения в сферах лесного хозяйства (далее – лесные учреждения) и особо охраняемые природные территории (далее – природоохранные учреждения), находящихся как в республиканской, так и в коммунальной собственности.

      2. Платные виды деятельности по реализации товаров (работ, услуг) лесными и природоохранными учреждениями осуществляются в соответствии со статьей 112 Лесного кодекса Республики Казахстан и статьей 38 Закона Республики Казахстан "Об особо охраняемых природных территориях" (далее – Закон).

      3. В целях получения доходов от видов деятельности, указанных в пункте 2 настоящих Правил, лесные и природоохранные учреждения могут участвовать в конкурсах государственных закупок.

Глава 2. Порядок реализации товаров (работ и услуг), не относящихся к основной деятельности лесных и природоохранных учреждений

      4. Реализация товаров (работ и услуг), не относящихся к основной деятельности лесных учреждении производится по рыночным ценам.

      5. Товары, произведенные в результате ограниченной хозяйственной деятельности природоохранных учреждений, реализуются по рыночным ценам.

      6. Платные виды деятельности по реализации товаров (работ, услуг) природоохранными учреждениями осуществляются в соответствии с утвержденными тарифами согласно подпункта 6) статьи 8 и подпункта 7) пункта 2 статьи 10 Закона.

      7. Средства, полученные лесными учреждениями от оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг), используются на:

      1) проведение лесохозяйственных мероприятий на участках государственного лесного фонда;

      2) строительство и содержание лесохозяйственных дорог, противопожарное обустройство лесов;

      3) научно-исследовательские и проектно-изыскательские работы в области охраны, защиты, пользования лесным фондом, воспроизводства лесов и лесоразведения;

      4) оплату работ (услуг) внештатных сезонных работников для обеспечения природоохранной деятельности, в том числе пожарных сторожей, работников по осуществлению рубок промежуточного пользования и прочих рубок, лесокультурных работ, а также работников, осуществляющих переработку лесных ресурсов;

      5) приобретение средств связи, транспорта и оборудования, механизмов и материалов противопожарного, лесозащитного и лесокультурного назначения, семян и посадочного материала для лесокультурных работ, горюче-смазочных материалов, обмундирования, оружия и специальных средств защиты;

      6) приобретение оборудования и механизмов, необходимых для переработки лесных ресурсов;

      7) строительство, реконструкцию и ремонт зданий, сооружений и иных объектов, связанных с функционированием лесных учреждений;

      8) подготовку и повышение квалификации специалистов для лесного и охотничьего хозяйства;

      9) поощрение работников лесных учреждений за трудовые показатели.

      8. Средства, полученные природоохранными учреждениями от оказания платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг), используются на:

      1) сохранение и развитие природных комплексов;

      2) охрану растительного и животного мира;

      3) проведение восстановительных и защитных мероприятий в лесах, включая рубки промежуточного пользования и прочие рубки;

      4) очистку и благоустройство территорий;

      5) развитие инфраструктуры, связанной с охраной объектов природно-заповедного фонда, туристской, рекреационной и ограниченной хозяйственной деятельностью;

      6) оплату работ (услуг) внештатных сезонных работников для обеспечения природоохранной деятельности, в том числе пожарных сторожей, работников по осуществлению рубок промежуточного пользования и прочих рубок, лесокультурных работ, а также работников, осуществляющих ограниченную хозяйственную деятельность;

      7) оплату стоимости работ (услуг) физических и (или) юридических лиц, осуществляющих работы (услуги), связанные с уборкой ликвидной захламленности (ветровальных и буреломных деревьев), образовавшейся в результате чрезвычайной ситуации природного характера;

      8) оплату стоимости работ (услуг) юридических лиц, осуществляющих деятельность по управлению контрольно-пропускными пунктами государственных национальных природных парков;

      9) приобретение средств связи, транспорта и оборудования, механизмов и материалов противопожарного, лесозащитного и лесокультурного назначения, семян и посадочного материала для лесокультурных работ, горюче-смазочных материалов, обмундирования, оружия и специальных средств защиты;

      10) строительство, реконструкцию и ремонт зданий, сооружений и иных объектов, связанных с природоохранной деятельностью;

      11) подготовку и повышение квалификации специалистов для особо охраняемых природных территорий;

      12) поощрение работников природоохранных учреждений за трудовые показатели;

      13) проведение научных исследований в области особо охраняемых природных территорий;

      14) организацию и содержание музеев природы и выставок;

      15) развитие и благоустройство рекреационных зон;

      16) совершенствование рекламной деятельности;

      17) экологическую пропаганду;

      18) предупреждение и ликвидацию негативных экологических последствий.