БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық аймақтар аумағында жүзеге асырылатын қызметтің басым түрлерінің тізбесін және Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34030 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 22 ақпандағы № 72 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақтар бөлінісінде қызметтің басым түрлерінің тізбесіне:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. "Ақтау теңіз порты" арнайы экономикалық аймағы:
1) тұрмыстық электр аспаптарын өндіру;
2) былғары және оған жататын өнімдер өндірісі;
3) химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру;
4) резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру;
5) өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі;
6) металлургия өнеркәсібі;
7) дайын металл бұйымдарын өндіру;
8) машиналар мен жабдықтар өндірісі;
9) мұнай-химия өнімдерін өндіру;
10) негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі;
11) қойма шаруашылығы және қосалқы көлік қызметі;
12) электр қозғалтқыштарын, генераторларды, трансформаторларды, электр тарату және бақылау аппаратурасын өндіру;
13) электр өткізгіштер мен электр өткізгіш аспаптарды өндіру;
14) жобалау-сметалық құжаттама шегінде қызметтің басым түрлерін жүзеге асыруға тікелей арналған объектілерді салу және пайдалануға беру;
15) деректерді өңдеу, қосымшаларды (қолданбалы бағдарламаларды) орналастыру және осыған байланысты қызмет; веб-порталдардың қызметі;
16) аквамәдениет;
17) жылу электр станцияларының электр энергиясын өндіруі;
18) электр энергиясын беру;
19) электр энергиясын бөлу;
20) тұрғын және тұрғын емес ғимараттар салу;
21) қонақүйлермен және тұру үшін ұқсас орындармен қызметтер көрсету;
22) меншікті немесе жалға берілетін жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару;
23) демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру жөніндегі қызмет;
24) көп бейінді аурухана салу және пайдалануға беру.
25) ғимараттар құрылысы;
26) азаматтық құрылыс;
27) мамандандырылған құрылыс жұмыстары;
28) объектілерге кешенді қызмет көрсету;
29) аумақтарды абаттандыру бойынша қызмет;
30) санаториялық-курорттық ұйымдардың қызметі;
3-тармақтың 25), 26), 27), 28), 29), 30) тармақшаларының қолданылуы тек қана Кендірлі курорттық аймағының аумағына ғана таралады;
31) машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату;
32) электр жабдықтарын өндіру;
33) қағаз және қағаз өнімдерін өндіру;
34) компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру;
35) киім өндіру;
36) жиһаз өндіру;
37) жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру;
38) тоқыма бұйымдарын өндіру;
39) кемелер мен қайықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
40) әуе және ғарыштық ұшу аппараттарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету;
41) суды жинау, өңдеу және тарату;
42) автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру;
43) басқа көлік құралдарын өндіру;
44) медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтарды өндіру;
45) теңіз және су жағасындағы жүк көлігінің қызметі.".
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі