"Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 23 маусымдағы № 460 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 26 маусымда № 36325 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9984 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің iшкi тәртiптеме қағидаларында:

      95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "95. Сотталғандарға заң көмегін алуы үшiн олардың жазбаша немесе ауызша өтініші бойынша адвокаттармен кездесулер олардың санына, ұзақтығына шектеу қоймай, құпиялылығын қамтамасыз ететiн жағдайларда берiледi. Сотталғанның қалауы бойынша кездесулер бөлу қоршауынсыз оңаша берiлуi мүмкiн, ал ӨББА-ға және ӨЖББАА-ға сотталғандарға арнайы жабдықталған бөлмеде берiледi.".

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Жазаны өтеудің қатаң жағдайларында ұсталатын сотталғандарға, сондай-ақ тәртiптiк изоляторға, жалғыз адамдық камераға және уақытша оқшаулау үй-жайларында ұсталатын сотталғандарға жұбайы (зайыбы), жақын туысы қайтыс болған немесе науқастың өміріне қатер төндіретіндей қатты ауырған, оның отбасына айтарлықтай материалдық залал келтірген дүлей зілзала болған айрықша жеке мән-жайларында телефон арқылы сөйлесуге рұқсат беріледі.

      Жоғарыда көрсетілген себептер бойынша айрықша жеке мән-жайлардың бары қайтыс болу туралы куәлікпен, медициналық ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың анықтамаларымен расталады.

      Осы телефон арқылы сөйлесулерді ұсынған кезде мекеме әкімшілігі сотталғанның қауіпсіздігін және оқшаулануын қамтамасыз етеді.

      Айрықша жеке мән-жайларға әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізу жатады. Бұл жағдайда жазаны өтеудің қатаң жағдайларындағы, жалғыз адамдық камерадағы, уақытша оқшаулау үй-жайындағы сотталғандарға жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесу айына бір рет беріледі.

      Білікті заң көмегі осы Қағидалардың 95-тармағы және ҚАК-нің 14-бабының бірінші бөлігі негізінде көрсетіледі.

      Адвокатпен телефон арқылы сөйлесу арқылы білікті заң көмегін алу үшін сотталған мекеме әкімшілігіне жазбаша немесе ауызша өтініш береді.

      Сотталған адамның адвокатпен телефон арқылы сөйлесуі сотталған адамның жеке ісінде "Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қорғау (өкілдік ету) туралы жазбаша хабарлама болған кезде беріледі.

      Бұл ретте адвокат пен сотталған адамға үшінші тұлғалармен келіссөздерді болдырмау туралы ескертіледі.";

      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Сөйлесулер жүргізу, телекоммуникация құралдарын пайдалану қағидаларын бұзған, үшінші тұлғалармен келіссөздер жүргізу, немесе сөйлесу кезiнде этика және мораль нормаларын сақтамаған жағдайда сөйлесулер дереу тоқтатылады.";

      мынадай мазмұндағы 181-тармақпен толықтырылсын:

      "181. Тиісті қорытынды болған жағдайда медициналық консультациялар қашықтықтан медициналық қызметтерді қолдану арқылы жүргізілуі мүмкін.

      Консультацияларды денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері мекемеде орналасқан медициналық ұйымының медицина қызметкерінің қатысуымен жүргізіледі.

      Үшінші тұлғалармен келіссөздерге жол берілмейді.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң мен нормашығармашылығын үйлестіру департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
ішкі істер министрі
Е. Саденов

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы"

Приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 23 июня 2025 года № 460. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 июня 2025 года № 36325

      ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра внутренних дел Республики Казахстан от 17 ноября 2014 года № 819 "Об утверждении Правил внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 9984) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах внутреннего распорядка учреждений уголовно-исполнительной системы, утвержденных указанным приказом:

      пункт 95 изложить в следующей редакции:

      "95. Для получения юридической помощи осужденным по их письменному или устному заявлению предоставляются свидания с адвокатами, без ограничения их количества, продолжительности, в условиях, обеспечивающих их конфиденциальность. По желанию осужденного свидания могут предоставляться наедине без разделительной перегородки, а для осужденных к ПЛС и СКЗЛС в специально оборудованной комнате.";

      пункт 104 изложить в следующей редакции:

      "104. Осужденным, находящимся в строгих условиях отбывания наказания, а также содержащимся в дисциплинарном изоляторе, одиночной камере и помещении временной изоляции, телефонный разговор разрешается в исключительных личных обстоятельствах: смерть или тяжелая болезнь супруга (супруги), близкого родственника, угрожающие жизни больного; стихийное бедствие, причинившее значительный материальный ущерб его семье.

      Наличие исключительных личных обстоятельств по вышеуказанным причинам подтверждается свидетельством о смерти, справками медицинских организаций или местных исполнительных органов.

      Администрация учреждения обеспечивает безопасность и изоляцию осужденного при предоставлении данного телефонного разговора.

      К исключительным личным обстоятельствам также относятся чрезвычайные ситуации социального, природного и техногенного характера, введение ограничительных мероприятий, в том числе карантина, на соответствующих административно-территориальных единицах (на отдельных объектах). В этом случае осужденным, находящимся в строгих условиях отбывания наказания, одиночной камере, помещении временной изоляции телефонные разговоры с близкими родственниками предоставляются один раз в месяц.

      Квалифицированная юридическая помощь предоставляется на основании пункта 95 настоящих Правил и части первой статьи 14 УИК.

      Для получения квалифицированной юридической помощи посредством телефонных переговоров с адвокатом, осужденный обращается с письменным или устным заявлением к администрации учреждения.

      Телефонные переговоры осужденного с адвокатом предоставляются при наличии в личном деле осужденного письменного уведомления о защите (представительстве), предусмотренных Законом Республики Казахстан "Об адвокатской деятельности и юридической помощи".

      При этом адвокат и осужденный предупреждаются об исключении переговоров с третьими лицами.";

      пункт 105 изложить в следующей редакции:

      "105. В случае нарушений правил ведения переговоров, пользования средствами телекоммуникаций, переговорами с третьими лицами, либо несоблюдения при разговоре норм этики и морали, переговоры немедленно прекращаются.

      Основания для прекращения переговоров при несоблюдении норм этики и морали не распространяются на случаи предоставления юридической помощи осужденному адвокатом.";

      дополнить пунктом 181 следующего содержания:

      "181. При наличии соответствующего заключения, медицинские консультации могут проводиться с применением дистанционных медицинских услуг.

      Консультации проводятся медицинскими работниками организаций здравоохранения в присутствии медицинского работника медицинской организации, расположенной в учреждении.

      Переговоры с третьими лицами не допустимы.".

      2. Комитету уголовно-исполнительной системы Министерства внутренних дел Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства внутренних дел Республики Казахстан после его официального опубликования;

      3) в течение десяти рабочих дней после государственной регистрации настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан представление в Департамент юридической и законотворческой координации Министерства внутренних дел Республики Казахстан сведений об исполнении мероприятий, предусмотренных подпунктами 1) и 2) настоящего пункта.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего заместителя министра внутренних дел Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр внутренних дел
Республики Казахстан
Е. Саденов