БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33345 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Бакалавр" немесе "магистр" дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларында:
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Республикалық комиссия ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның, басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен ведомстволардың қызметкерлері, азаматтық қоғам институттарының, "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығының өкілдері қатарынан қалыптастырылады.
Республикалық комиссия мүшелерінің қатарынан басым дауыспен төраға, оның орынбасары және хатшы сайланады. Ереженің 14-тармағының 1) тармақшасының алтыншы абзацына сәйкес Республикалық комиссияның құрамы мен Республикалық комиссия туралы ереже ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
Республикалық комиссия мүшелерінің саны тақ болады. Республикалық комиссияның отырысы оның құрамының кемінде үштен екісі болған кезде заңды деп есептеледі.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде Республикалық комиссия отырыстарын өткізу мерзімін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімдердің өзгеруі туралы ақпарат ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында шектеу іс-шаралары енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарияланады.
5. "Бакалавр" дәрежесі берілетін жоғары білім алуға республикалық бюджет қаражаты есебінен толық немесе ішінара ақы төлеу үшін білім беру гранттары (бұдан әрі – жоғары білімнің білім беру гранттары) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 8-1-тармағында көзделген жағдайды және осы тармақтың тоғызыншы бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, оқуға түсушілер өтініш берген білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес білім беру грантын беру туралы куәлік табыс етіліп, ҰБТ нәтижелеріне сәйкес білім беру бағдарламаларының нақты топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.
Бұл ретте жоғары білімнің білім беру гранттарын саралау Республикалық комиссияның шешімімен айқындалады.
Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі) мен бейіндік екі пән бойынша балдар ескеріледі.
Шығармашылық дайындықты талап ететін жоғары білімнің білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жоғары білімнің білім беру грантын тағайындау конкурсында Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар және шығармашылық екі емтиханның нәтижелері ескеріледі.
Шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсушілерді қоспағанда, жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін жалпыкәсіптік пән және арнайы пән бойынша балдар ескеріледі.
Жоғары білімнің білім беру грантын беру конкурсында оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін және шығармашылық даярлықты талап ететін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламаларының топтары бойынша білім беру бағдарламалары топтарына түсушілер үшін арнайы пән бойынша балдар және шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.
Оқытудың қысқартылған мерзімі көзделетін жоғары білімнің ұқсас білім беру бағдарламалары топтарының тізбесін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Батыс, халық тығыз орналасқан және жаңадан құрылған өңірлерден келген жастарды жетекші жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) оқыту үшін жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемін көрсете отырып, ЖЖОКБҰ тізбесін Республикалық комиссия айқындайды.
Батыс, халық тығыз орналасқан және жаңадан құрылған өңірлерден келген адамдарға арналған білім беру гранттары осы Қағидаларда көзделген тәртіппен білім беру грантын беру туралы куәлік беріліп, оқуға түсушілер өтініш берген өңірлер мен білім беру бағдарламалары топтарының кезектілігіне сәйкес ҰБТ нәтижелеріне сәйкес нақты өңірлер мен білім беру бағдарламаларының топтары бойынша конкурстық негізде беріледі.
Соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына білім беру гранты беріле отырып қабылданатын, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалардың халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 15 шiлдедегi № 326 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28848 болып тіркелген) бекітілген тізбеге сай жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың және орындаушылардың халықаралық конкурстарының, спорттық жарыстардың соңғы үш жылдағы жеңімпаздары мен жүлдегерлері (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) өздері таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәніне сәйкес келуі шартымен білім беру гранты беріліп, өздерінің өтініштері негізінде жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына қабылданады.
Қазақстан Республикасындағы халықаралық және шетелдік оқу орындары және (немесе) ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның шешімі бойынша құрылған олардың филиалдары білім беру гранттарын оқуға түсушілер мәлімдеген білім беру бағдарламалары бойынша конкурстық негізде дербес береді.";
6-тармақтың он бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мерзімдердің өзгеруі туралы ақпарат ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында шектеу іс-шаралары енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарияланады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Республикалық бюджет немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың қысқартылған оқу мерзімдері көзделетін ұқсас бағыттар бойынша оқуға түсушілерді қоспағанда, орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша:
ұлттық ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсу үшін – кемінде 65 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" саласы бойынша кемінде 70 балл, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" салалары бойынша – кемінде 50 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;
жаңадан құрылған және білім беру қызметімен айналысуға арналған лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алған ұлттық ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсу үшін - кемінде 50 балл, ал "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" білім беру саласы бойынша – кемінде 70 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл;
басқа ЖЖОКБҰ-ға оқуға түсу үшін – кемінде 50 балл, "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 75 балл, "Денсаулық сақтау" саласы бойынша кемінде 70 балл, "Құқық" даярлау бағыты бойынша – кемінде 75 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Бұл ретте Қазақстан тарихы және ҰБТ-ның екі бейіндік пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл, ал оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылық бойынша – кемінде 3 балл жинау қажет.
Республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың қысқартылған оқыту мерзімі көзделетін ұқсас бағыттары бойынша оқуға жоғары білімнің білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар, ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша кемінде 25 балл және "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде ҰБТ-ның әрбір пәні және (немесе) шығармашылық емтихан бойынша кемінде 5 балл жинаған адамдар жіберіледі.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген талаптар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін қолданылмайды.";
12-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) осы Қағидалардың 6-тармағының оныншы бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда, тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың халықаралық және республикалық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздары, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтың олимпиада, конкурс немесе спорттық жарыс пәнiне сәйкес келуі шартымен жалпы бiлiм пәндері бойынша ағымдағы оқу жылында президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздары;";
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтары, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, жеңілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, медициналық қорытындыға сәйкес таңдалған білім беру бағдарламаларының тобы бойынша оқуға қарсы көрсетілімдері жоқ бала кезінен мүгедектігі бар адамдар, мүгедектігі бар балалар, кәмелетке толмаған төрт және одан көп бала тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар, кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардағы балалар, бала кезінен мүгедектігі бар балаларды, бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды тәрбиелеп отырған отбасылардағы балалар, сондай-ақ, әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін конкурс көрсетілген санаттар арасында бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.
Сонымен қатар әскерге шақыру бойынша мерзімді әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген Қазақстан Республикасының азаматтары үшін квота бойынша конкурс Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 949, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 121/қе, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Бастығының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 11-149, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 659 және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 29 тамыздағы № 338 бірлескен бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35009 болып тіркелген) бекітілген Білім беру жеңілдіктерін алу үшін мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді конкурстық іріктеу қағидаларына сәйкес өтеді.
Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы тұлғалар үшін қабылдаудың көрсетілген квоталары барлық мәлімделген білім беру бағдарламалары тобына таратылады.
Квота бөлінген даярлық бағыттарында шығармашылық емтиханы бар білім беру бағдарламаларының тобы болған жағдайда, білім беру грантын беру кезінде ҰБТ-ға қатысушының тестілеу нәтижелері үтірден кейінгі бір белгіге дейін дөңгелектелген ең жоғары ықтимал балға пайыздық қатынаста салыстырылатын болады.
Балдардың көрсеткіштері бірдей болған кезде білім беру гранттары аттестатының, куәлігінің немесе дипломының орташа балы жоғары тұлғаларға беріледі.
Аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балы бірдей болған кезде бейіндік пән немесе шығармашылық емтихан бойынша алған балдары ескеріледі.";
16-тармақ алып тасталсын;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган Республикалық комиссия шешімінің негізінде бұйрық шығарады және оқуға түсушілерге куәлік береді.
Жоғары білімнің білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Грант иегері жоғары білімнің білім беру грантынан бас тартқан және (немесе) оқуға қабылданғанға дейін ЖЖОКБҰ-ға келмей қалған жағдайда, талапкердің куәлігі мен өтініші, сондай-ақ келмейтіндігі туралы ЖЖОКБҰ-ның хабарлама-хаты ҰТО-ның ақпараттық жүйесіне ағымдағы жылғы 25 қыркүйекке дейін беріледі.
Бас тарту гранттары есебінен берілген білім беру гранттарынан қайтадан бас тартқан кезде білім беру гранттары ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде білім беру грантын тағайындау, куәлікті беру, білім беру грантын қайтару мерзімін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімдердің өзгеруі туралы ақпарат ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында шектеу іс-шаралары енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарияланады.";
20 және 21-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурста КТ нәтижелерінің балдары, шығармашылық даярлықты талап ететін білім беру бағдарламаларының тобы бойынша КТ нәтижелерінің балдары, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша шығармашылық емтихан нәтижесі ескеріледі.
Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін КТ нәтижесі бойынша:
1) ғылыми-педагогикалық магистратураға, оның ішінде шығармашылық дайындықты және араб тілін білуді талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша – кемінде 75 балл, бұл ретте шет тілі бойынша – кемінде 25 балл, білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейіндік пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейіндік пән бойынша – кемінде 7 балл, оқуға дайындығын айқындауға арналған тест бойынша – кемінде 7 балл;
2) қазақ, орыс немесе ағылшын тілінде оқытатын бейіндік магистратураға – кемінде 30 балл, бұл ретте білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша: бірінші бейіндік пән бойынша – кемінде 7 балл, екінші бейіндік пән бойынша – кемінде 7 балл.
КТ нәтижелерінің көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, білім беру бағдарламаларының бейіндік тобы бойынша тестілеу нәтижесі бойынша балы жоғары адамға басым құқық беріледі, одан кейін білім алуға әзірлігін айқындау бойынша тест нәтижесі, бұдан әрі шет тілі бойынша тестілеу нәтижесі, одан кейін дипломға қосымшадағы (алдыңғы білім деңгейі) GPA (Grade Point Average – Грейт Поинт Эверейдж) ескеріледі.
"Педагогикалық ғылымдар", "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика", "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар", "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" білім беру саласындағы білім беру бағдарламаларының топтары, сондай-ақ "Гуманитарлық ғылымдар", "Әлеуметтік ғылымдар", "Бизнес және басқару" кадрларды даярлау бағыттары бойынша оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға түсуші адамдар "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 600 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17650 болып тіркелген) бекітілген Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес балдарды ауыстыру шкаласына сәйкес GRE (Graduate Record Examіnatіons) стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде ғылыми-педагогикалық магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тесттен және шет тілі бөлімінен өз қалауы бойынша босатылады.
21. Жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына өтініш береді.
Білім беру грантын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау ҰТО ақпараттық жүйесі арқылы келесі мерзімдерде жүзеге асырылады:
1) күнтізбелік жылғы 12-18 тамыз аралығында;
2) күнтізбелік жылғы 12-18 желтоқсан аралығында.
Магистратураға түсуші өтініште білім беру бағдарламасының тобын және үш ЖЖОКБҰ-ны көрсетеді.
Шектеу іс-шаралары жүзеге асырылған, оның ішінде карантин, төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау мерзімін ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
Мерзімдердің өзгеруі туралы ақпарат ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында шектеу іс-шаралары енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарияланады.";
22-тармақтың бесінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Мерзімдердің өзгеруі туралы ақпарат ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында шектеу іс-шаралары енгізілген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде жарияланады.";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. ЖАО білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші ЖЖОКБҰ-ның қабылдау комиссиясына жоғары білім алуға ақы төлеу үшін ағымдағы жылғы 5-10 тамыз аралығында осы Қағидалардың 6, 7, 8 және 9-тармақтарына сәйкес немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін ағымдағы жылғы 20-25 тамыз аралығында осы Қағидалардың 21-тармағына сәйкес құжаттарды тапсырады.
Төтенше жағдай енгізілген, жаһандық немесе өңірлік, сондай-ақ жергілікті ауқымдағы, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде жергілікті бюджет есебінен білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімін ЖАО айқындайды.
Мерзімнің өзгеруі туралы ЖАО ресми интернет-ресурсында, бұқаралық ақпарат құралдарында, "электрондық үкімет" веб-порталының тиісті құрамдастарында жарияланады.
ЖАО білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурс осы Қағидалардың 12, 13, 14, 15, 20 және 22-тармақтарында көзделген тәртіппен өткізіледі.".
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |