ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 16.06.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9947 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізу туралы:
Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 16 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі 2025 жылғы 9 маусымдағы № 81 бұйрығына қосымша Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 3 қарашадағы № 69 бұйрығымен бекітілген |
Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағида) олимпиадалық резервтің республикалық, облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мамандандырылған мектеп-интернат-колледждері (бұдан әрі - ОРММИК) және спорттағы дарынды балаларға арналған облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың мектеп-интернаттары (бұдан әрі – СДБМИ) қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ауыспалы құрам – ОРММИК және СДБМИ-ге түсушілерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету үшін оқу-жаттығу жиыны және жарыстар кезінде шақырылатын және ОРММИК мен СДБМИ штаттарында жұмыс істемейтін жаттықтырушылардың және жаттықтырушы-оқытушылардың басшылығымен тұрақты шұғылданатын спортшылар;
2) негізгі құрам – негізгі контингентке ОРММИК және СДБМИ директорының бұйрығымен қабылданған спортшылар;
3) оқушы – ОРММИК және СДБМИ-де білім алатын тұлға;
4) топтар (оқу кезеңдері бойынша) – оқу-жаттығу топтары, спорттық жетілдіру топтары және жоғары спорт шеберлігі топтары;
5) үміткерлердің резервтік тізімі – негізгі құрамға кірмеген ОРММИК мен СДБМИ түсуге үміткерлер, санды кему тәртібімен жиналған баллдардың сомасы бойынша.
3. ОРММИК және СДБМИ білім беру мазмұны "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29031 болып тіркелген) сәйкес әзірленген жұмыс оқу жоспарларымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.
2-тарау. Оқушылар контингентін жинақтау тәртібі
4. Спорт түрлерінің тізбесі мен республикалық ОРММИК оқушылар контингентін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) келісуі бойынша республикалық ОРММИК басшылары бекітеді.
Спорт түрлерінің тізбесін және оқушылар контингентін облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ОРММИК және СДБМИ басшылары дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органмен (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) келісім бойынша бекітеді.
5. ОРММИК және СДБМИ контингенті басқа ОРММИК және СДБМИ-де, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорт түрлері бойынша федерацияларда, жалпы білім беретін мектептердің жанындағы спорт секцияларында, дене дайындығы балалар-жасөспірімдер клубтарында, спорт түрлері бойынша спорт клубтарында алдын ала дайындықтан өткен және таңдап алынған спорт түрі бойынша жалпы дене және арнайы дене дайындығынан емтихан тапсырған оқушылардан жинақталады.
Негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша үміткерлердің резервтік тізімге енгізу конкурстық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер ОРММИК және СДБМИ негізгі құрамына оқу жылының ішінде бос орын болған жағдайда қабылданады.
6. Негізгі және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсушілерді сапалы іріктеуді қамтамасыз ету мақсатында тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет шеңберінде ОРММИК және СДБМИ тиісінше уәкілетті органмен немесе жергілікті атқарушы органмен келісім бойынша спортшылардың ауыспалы құрамымен оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастырады.
7. Оқу-жаттығу жұмысының режимі және топтардың толымдылығы (оқыту кезеңдері бойынша) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
8. ОРММИК және СДБМИ білім алушылары келесі негіздер бойынша оқудан шығарылады:
1) ата-анасының немесе заңды өкілдерінің келісімі бойынша;
2) денсаулық жағдайы бойынша (тиісті медициналық қорытынды негізінде);
3) басқа оқу орнына ауысуына байланысты;
4) академиялық үлгермеушілік үшін;
5) оқу тәртібін, ішкі тәртіп қағидаларын, спорттық даярлық режимін бұзғаны үшін;
6) спорттық нәтижелердің төмендеуі себебінен;
7) спортта тыйым салынған субстанцияларды және (немесе) әдістерді қолданғаны үшін (допинг).
3 тарау. Оқу тәрбие және оқу-жаттығу процестерін ұйымдастыру тәртібі
9. ОРММИК және СДБМИ-де негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің оқу бағдарламасына, спорт түрі бойынша жаттығу және жарыс дағдыларына сәйкес қажетті білім көлемін алуға бағытталған оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері спорттық даярлықтың ұлттық стандарттарына сәйкес іске асырылады.
10. ОРММИК және СДБМИ-дегі оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестерін жоспарлау ОРММИК және СДБМИ басшысының оқу жылына оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестері кестесін және теориялық және тәжірибелік сабақтар кестесін бекіту арқылы жүзеге асырылады.
11. Оқу-жаттығу процесінің негізгі нысандары топтық оқу-жаттығу және теориялық сабақтар, жеке жоспар бойынша жұмыс, медициналық-қалпына келтіру іс-шаралары, облыстық, республикалық және халықаралық спорттық іс-шараларға, спорттық жарыстарға, матчтық кездесулерге, оқу-жаттығу жиындарына қатысу, спорттық сауықтыру лагерлерінде болу, нұсқаушылық және төрешілік тәжірибе болып табылады.
ОРММИК және СДБМИ-дегі спорт түрлері бойынша бөлімшелерінде оқу-жаттығу сабақтары 52 оқу аптасына есептелген оқу бағдарламалары және оқу жоспарлары бойынша жүргізіледі.
12. ОРММИК және СДБМИ оқушыларды:
тұрғын орынмен;
тамақтанумен;
спорт формасымен және арнайы спорт киім-кешектерімен;
спорттық мүкәммал және құрал-жабдықтармен;
оқу-әдістемелік әдебиеттер, оқу-әдістемелік кешенімен;
оқу-жаттығу жиындары мен спорттық іс-шараларға қатысу кезеңдегі іссапар шығындарымен;
фармакологиялық қамтамасыз етумен;
жаттығу сабақтарына тасымалдау үшін көлік қызметімен қамтамасыз етеді.
13. ОРММИК және СДБМИ-да дене тәрбиесі сабақтары оған бөлінген оқу сағаттары шеңберінде таңдалған спорт түрі бойынша оқу-жаттығу процесі нысанында өткізіледі және мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжатта дене тәрбиесі пәні ретінде көрсетіледі.
14. Спортшыларды тамақтандыруды және фармакологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру "Оқу-жаттығу процесі мен спорттық іс-шаралар кезеңінде спортшыларды, оның ішінде барлық санаттағы әскери қызметшілерді және құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін тамақтандыру және фармакологиялық қамтамасыз ету нормативтерінің әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 107 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10005 болып тіркелген) негізінде жүзеге асырылады.
4-тарау. Кадрлық қамтамасыз ету тәртібі
15. ОРММИК және СДБМИ-де қызметкерлерді жасақтау тәртібі "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шілдедегі № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) және "Оқу-жаттығу процесі, спорттық резервті және жоғары дәрежедегі спортшыларды даярлау, допингке қарсы қызмет, ғылыми-әдістемелік, медициналық-биологиялық және фармакологиялық қамтамасыз ету жүзеге асырылатын ұйымдар және спортшыларды медициналық көмекпен қамтамасыз ететін ұйымдар үшін үлгілік штаттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2017 жылғы 30 мамырдағы № 155 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15301 болып тіркелген) сәйкес белгіленеді.
16. Арнайы педагогикалық немесе тиісті бейіні бойынша кәсіптік білімі бар тұлғаларға педагогикалық қызметпен айналысуға рұқсат етіледі.
Республикалық ОРММИК жаттықтырушы-оқытушылық қызметке бірінші санаттағы біліктіліктің жоғары деңгейінен төмен емес жаттықтырушы-оқытушылар жіберіледі. Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың ОРММИК және СДБМИ-на екінші санаттағы біліктіліктің жоғары деңгейінен төмен емес "Қазақстан Республикасының спорт шебері" спорттық атағы барлар.
17. Басшы, басшының орынбасарлары, ОРММИК және СДБМИ әдіскерлері тиісті жоғары кәсіптік білімі және біліктілік санаты болған кезде жаттықтырушылық-оқытушылық жұмыс жүргізеді.
18. ОРММИК және СДБМИ-де білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5191 болып тіркелген) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
19. ОРММИК және СДБМИ-де оқушылардың оқуы мен тәрбиесінің, оқытушылардың педагогикалық шеберлігінің сапасын арттыру және әдістемелік жұмыстарды жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процестеріне тікелей қатысатын педагогикалық және басқа қызметкерлерді біріктіретін және басқарудың алқалық органы болып табылатын педагогикалық кеңес құрылады.
20. ОРММИК және СДБМИ-де оқу-тәрбие және оқу-жаттығу процесі, білім алушыларды даярлауды жеке жоспарлау, спорттық жарыстарға қатысу мәселелерін қарайтын консультативтік-кеңесші орган болып табылатын, сондай-ақ жаттықтырушы-оқытушылардың жаттығу процесінің әдістемесін жетілдіру, кейіннен оларды талқылай және тәжірибе алмаса отырып, ашық жаттығу сабақтарын өткізу жөніндегі хабарламалары мен баяндамаларын тыңдайтын жаттықтырушылар кеңесі құрылады.
21. ОРММИК және СДБМИ-дегі сабақ кестесін, оның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға бекітеді.
Сабақ кестесінде күнделікті оқу сабақтарының саны, ұзақтығы және реттілігі көрсетіледі.
ОРММИК және СДБМИ-дегі сабақ кестесі оқушылардың тамақтануы мен белсенді демалуы үшін жеткілікті ұзақтықты үзілістерді қарастырады.
22. ОРММИК және СДБМИ-де оқушыларға академиялық демалыс беру "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-бабы 5) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
23. Медициналық қызметкер оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, алдын алу іс-шараларын жүргізуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ, оқушылардың тәулік бойы тұратынын ескере отырып, гигиеналық тұрғыдан негізделген жұмыс тәртібін ұйымдастырады.
24. Медициналық қамтамасыз ету, функционалды диагностика және қалпына келтіру іс-шараларын өткізу үшін ОРММИК және СДБМИ медициналық бөлімшемен (кабинетпен), қажетті ғимаратпен және құрал-жабдықпен қамтамасыз етіледі.
Оқу-жаттығу жұмысының режимі және топтардың толымдылығы (оқыту кезеңдері бойынша)
Ескертпе:
1. Бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші топтарға жататын спорт түрлері бойынша топтардағы адам саны:
1) бірінші топ: биатлон, спорттық гимнастика, көркем гимнастика, тау шаңғысы спорты, шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы, коньки тебу спорты, шорт-трек, жеңіл атлетикалық көпсайыс, сырықпен лақтыру және секіру, желкенді спорт, суға секіру, батутта секіру, шаңғымен секіру, жүзу, әртістік (синхронды) жүзу, өрмелеу, садақ ату, оқ ату, стендтік ату, қазіргі бессайыс (биатл, триатл), мәнерлеп сырғанау, фристайл, семсерлесу, велоспорт (трек, тас жол, маутинбайк), триатлон, үстел теннисі;
2) екінші топ: олимпиадалық ойын спорты;
3) үшінші топ: барлық басқа олимпиадалық спорт түрлері;
4) төртінші топ: слалом есу, байдарка мен каноэде есу, академиялық есу, жағажай волейболы;
5) бесінші топ: теннис.