Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 9 маусымдағы № 296 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 17 маусымда № 36285 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 102-бабы 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Өткізуден түскен ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуі бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру, ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түскен, өз иелігінде қалатын ақшаны пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2025 жылғы 9 маусымдағы
№ 296 Бұйрықпен
бекітілген

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелерінің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау қағидалары Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 102-бабының 5-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-19) тармақшасына сәйкес әзірленді және өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету, және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін айқындайды.

2-тарау. Өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі

      2. Ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларға шарттық негізде тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсетеді.

      3. Ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлеріне мыналар жатады:

      1) Қазақстан тарихының аса маңызды проблемалары бойынша іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер шеңберінде қызметтерді жүзеге асыру;

      2) гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобалары бойынша ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру;

      3) ғылыми іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.

      4. Ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелер ғимараттарда ұсынылатын ақылы қызмет түрлерінің тізбесін және ұсынылатын тауарларға (жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге) бағалар прейскурантын көрсете отырып, ақпаратты көрнекті жерде орналастырады.

      5. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген ақылы қызмет түрлерін өткізуден түсетін ақша Кодексітің 101-бабының 8-тармағына сәйкес бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесіне сәйкес ғылым саласындағы мемлекеттік мекеменің қолма-қол ақшаны бақылау шотына (бұдан әрі – ақылы көрсетілетін қызмет шоты) түсіріп жұмсалады.

      6. Ақылы қызмет түрлерін өткізуден түсетін ақшаны қабылдау ақылы көрсетілетін қызмет шотына аудару арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүргізіледі.

3-тарау. Ғылым саласындағы мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібі

      7. Ақылы қызмет түрлерін өткізуден түсетін ақшаны Ғылым саласындағы мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының шешімі негізінде:

      1) ақылы қызмет түрлерін жүзеге асыру шеңберінде ғылыми зерттеулерді орындаған ғылыми қызметкерлерге ғылыми дәрежесі мен ғылыми атағы үшін қосымша ақы төлеуге;

      2) ғылым саласындағы мемлекеттік мекеменің алқалы органының шешіміне сәйкес жетекші ғалымдардың орташа жалақысы сақтала отырып, бір жылға дейінгі мерзімге шығармашылық демалысына ақы төлеуге;

      3) имидждік іс-шараларға арналған қызметтерге ақы төлеуге (брошюралар, бейнероликтер дайындау);

      4) зерттеулерді (оның ішінде социологиялық, талдамалық және ғылыми зерттеулер) төлеуге шығындарға;

      5) ғалымдарды магистратураға, докторантураға, тағылымдамаларға және ғылыми іссапарларға жіберу арқылы ғылыми кадрларды даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыруға;

      6) ақылы қызметтер көрсету үшін тартылатын мамандардың еңбегіне ақы төлеуге;

      7) ынталандыру сипатындағы қосымша ақы, үстемақы, сыйлықақы және төлемдер белгілеуге;

      8) қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеуге;

      9) ғылыми-ұйымдастырушылық сүйемелдеу - жариялауға, талдамалық материалдарды сатып алуға арналған шығыстарға;

      10) зерттеулерді орындау үшін жұмсалатын материалдарды сатып алуға;

      11) жабдықтар және (немесе) бағдарламалық қамтылымды (заңды тұлғалар үшін) сатып алуға;

      12) материалдық-техникалық базаны нығайтуға;

      13) үй-жайларды, жабдықтар мен техниканы жалға алуға;

      14) шарт негізінде қызметтер көрсету үшін заңды тұлғаларды тартуға;

      15) ғылыми зерттеулерді іске асыру үшін пайдаланылатын жабдықтар мен техниканың пайдалану шығыстарына;

      16) іс-шараларды (конференциялар, форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер) ұйымдастыру және өткізуге;

      17) естелік кәдесый және типографиялық өнімдерді сатып алуға жұмсалады.

Об утверждении Правил осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере науки, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сфере науки товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении

Приказ Министра науки и высшего образования Республики Казахстан от 9 июня 2025 года № 296. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 17 июня 2025 года № 36285

      В соответствии с пунктом 5 статьи 102 Бюджетного кодекса Республики Казахстан и подпунктом 111-19) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580, ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Правил осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере науки, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сфере науки товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении.

      2. Комитету науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) размещение настоящего приказа на официальном интернет - ресурсе Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра науки и высшего образования Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
С. Нурбек
      "СОГЛАСОВАН"
Министерство финансов
Республики Казахстан
      "СОГЛАСОВАН"
Министерство национальной экономики
Республики Казахстан

  Утвержден приказом
Министр науки
и высшего образования
Республики Казахстан
от 9 июня 2025 года № 296

Правила осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере науки, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сфере науки товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере науки, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сфере науки товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении разработаны в соответствии с пунктом 5 статьи 102 Бюджетного кодекса Республики Казахстан (далее – Кодекс) и подпунктом 111-19) пункта 15 Положения о Министерстве науки и высшего образования Республики Казахстан, утвержденного постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 августа 2022 года № 580 и определяют порядок осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере науки, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении, использования денег от реализации государственными учреждениями в сфере науки товаров (работ, услуг), остающихся в их распоряжении.

Глава 2. Порядок осуществления платных видов деятельности по реализации товаров (работ, услуг) государственными учреждениями в сфере науки, деньги от реализации которых остаются в их распоряжении

      2. Государственные учреждения в сфере науки осуществляют платные виды деятельности по реализации товаров (работ, услуг) на договорной основе с физическим и юридическим лицам, в соответствии с Гражданским кодексом Республики Казахстан.

      3. К платным видам деятельности по реализации товаров (работ, услуг), государственными учреждениями в сфере науки, относятся:

      1) осуществление услуг в рамках фундаментальных и прикладных научных исследований по важнейшим проблемам истории Казахстана;

      2) осуществление научных исследований по проектам грантового и программно-целевого финансирования;

      3) организация и проведение научных мероприятий;

      4) осуществление иных видов деятельности, не противоречащих Уставу государственного учреждения в сфере науки.

      4. Государственные учреждения в сфере науки в зданиях на видном месте размещают информацию с указанием перечня предоставляемых видов платных услуг и прейскуранта цен на предоставляемые товары (работы и услуги).

      5. Деньги, поступающие от реализации платных видов деятельности, указанных в пункте 3 настоящих Правил, зачисляются на контрольный счет наличности государственного учреждения в сфере науки (далее – счет платных услуг) и используются в соответствии с Правилами исполнения бюджета и его кассового обслуживания, утверждаемой уполномоченным органом по бюджетному планированию в соответствии с пунктом 8 статьи 101 Кодекса.

      6. Деньги, поступающие от реализации платных видов деятельности производится по безналичному расчету путем перечисления на счет платных услуг.

Глава 3. Порядок использования государственными учреждениями в сфере науки, денег от реализации товаров (работ, услуг)

      7. Деньги, поступающие от реализации платных видов деятельности, используются на основании решения первого руководителя государственного учреждения в сфере науки на:

      1) доплату научным работникам за ученую степень и ученое звание, за выполнение научных исследований в рамках осуществления платных видов деятельности;

      2) оплату творческого отпуска ведущих ученых сроком до одного года с сохранением средней заработной платы, в соответствии с решением Коллегиального органа Государственного учреждения в сфере науки;

      3) оплату услуг на проведение имиджевых мероприятий (подготовка брошюр, видеороликов);

      4) затраты на оплату исследований (в том числе социологические, аналитические и научные исследования);

      5) подготовку, переподготовку, повышение квалификации научных кадров путем направления ученых в магистратуру, докторантуру, на стажировки и научные командировки;

      6) оплату труда специалистов, привлекаемых для оказания платных услуг;

      7) установление доплат, надбавок, премий и выплат стимулирующего характера;

      8) возмещение расходов на служебные командировки, в том числе в иностранные государства;

      9) научно-организационное сопровождение - расходы на публикации, приобретение аналитических материалов;

      10) приобретение расходных материалов для выполнения научных исследований;

      11) приобретение оборудования и (или) программного обеспечения;

      12) укрепление материально – технической базы;

      13) аренду помещений, оборудования и техники;

      14) привлечение юридических лиц для оказания услуг на договорной основе;

      15) эксплуатационные расходы оборудования и техники, используемых для реализации научных исследований;

      16) организацию и проведение мероприятий (научно-практические конференции, форумы, семинары, круглые столы);

      17) приобретение памятной сувенирной и типографской продукции.