ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрық 10.06.2025 бастап қолданысқа енгізіледі
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 шiлдедегi № 178 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21055 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі |
Н. Нуржигитов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі