ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 67-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды жетілдіру және талдау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 1 қантардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. |
А. Амангельдиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2025 жылғы 30 мамырдағы № 51 Бұйрығымен бекітілген |
Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді бөлу арқылы бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына шығыстарды жоспарлау, бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептілік жасау, оның нысандары мен ұсынылу мерзімдерін, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың барысы мен нәтижелері туралы берілетін ақпаратқа қойылатын талаптардың қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 67-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
5) республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына:
тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін;
"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түрінде;
әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін нысаналы аударымдар заңды тұлғаларға берілетін трансферттер болып табылады;
6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.
2-тарау. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша шығыстарды жоспарлау тәртібі
3. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша шығыстарды жоспарлау процесінің қатысушылары:
1) уәкілетті орган;
2) заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша шығыстарды қалыптастыру жөніндегі жұмыс органы болып табылатын қор.
4. Қор жоспарланатын үш жылдық кезеңнің алдындағы жылдың 15 наурызына дейінгі мерзімде заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша шығыстар жөнінде ұсыныстарды әзірлейді және уәкілетті органға жібереді.
5. Уәкілетті орган:
1) тиісті жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде қор ұсынған заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша болжамды қажеттіліктің негізділігін, Қазақстан Республикасының заңнамасына, денсаулық сақтауды дамыту басымдықтарына, нысаналы индикаторларға, Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында көрсетілген нәтиже көрсеткіштеріне және уәкілетті органның ұсыныстарына сәйкестігі тұрғысынан ұсыныстарын қарауды және талдауды;
2) тиісті жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін мерзімде ведомстволық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар уәкілетті органның даму жоспары жобасының құрамында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға заңды тұлғаларға алдағы үш жылдық кезеңге берілетін трансферттер бойынша болжамды қажеттілікті жолдауды;
3) тиісті жылдың 7 маусымына дейінгі мерзімде қорға заңды тұлғаларға алдағы үш жылдық кезеңге берілетін трансферттер бойынша шығыстар лимиттерін жеткізуді;
4) шығыстар лимиттері жеткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Республикалық бюджет комиссиясының оң ұсынысы бар заңды тұлғаларға алдағы үш жылдық кезеңге берілетін трансферттер бойынша бюджеттік сұранымды жолдауды қамтамасыз етеді.
6. Қор шығыстар лимиттері жеткізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде заңды тұлғаларға алдағы үш жылдық кезеңге арналған трансферттер бойынша бюджеттік сұраным мен бюджеттік бағдарламалардың паспортын өзектендіреді және уәкілетті органға жібереді.
7. Қор ұсынылған болжамды қажеттілік уәкілетті орган жеткізген заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша шығыстардың лимиттеріне сәйкес келмеген жағдайда, лимиттер жеткізілген күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде уәкілетті органға заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша болжамды қажеттілікті қайта жолдайды.
8. ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттер қаражатын жоспарлау "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемін жоспарлау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-290/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21844 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
9. Заңда айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің МӘМС-ке жарналары түріндегі заңды тұлғаларға берілетін трансферттер қаражатын жоспарлау мынадай:
1) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15361 болып тіркелген) 4-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті органға ай сайынғы ақпараты негізінде алдыңғы үш жыл кезеңіндегі Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың орташа жылдық саны;
2) Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес жоспарланған кезеңге қорға төленуге жататын мемлекеттің МӘМС-ке жарналарының мөлшері;
3) мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақының мөлшері негізінде жүзеге асырылады.
Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген тұлғалар үшін мемлекеттің МӘМС-ке жарналары түріндегі заңды тұлғаларға берілетін трансферттер әрбір болжанатын жылға мынадай формула бойынша есептеледі:
Vмәмс i+k = Сорт. тізім. жеңілдіктер_жыл i+k х ОАЖ i+k х Ммәмсж i+k х
Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi+k – i+k жылға арналған Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың болжамды жылдық орташа тізімдік саны, ол формула бойынша есептеледі:
Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi+k = Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi+k-1 *(1 + Қөсім), мұндағы:
i-ағымдағы жыл;
k=1,2,3;
Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi+k-1 – i+k-1 жылға арналған Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың болжамды жылдық орташа тізімдік саны;
Қөсім – Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген адамдардың соңғы үш жылдағы орташа өсу қарқыны, ол формула бойынша айқындалады:
Қөсім = ((Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi-1/
Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi-3) – 1)/2 , мұндағы:
Сорт. жеңілдіктер. тізім_жылi-1 – Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген тұлғалардың ағымдағы жылдың алдындағы жылдағы жылдық орташа тізімдік саны есептелетін жылдың он екі айындағы орташа ретінде есептеледі;
Сорт. тізім. жеңілдіктер_жылi-3 – Заңның 26-бабының 1-тармағында көзделген тұлғалардың ағымдағы жылдың үш жылының алдындағы жылдағы жылдық орташа тізімдік саны есептелетін жылдың он екі айындағы орташа ретінде есептеледі;
ОАЖi+k – мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын болжанатын қаржы жылының екі жылының алдындағы орташа айлық жалақының мөлшері;
Ммәмсжi+k – Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес жоспарланатын кезеңге i+k жылы үшін қорға төленуге жататын мемлекеттің МӘМС-ке жарналарының мөлшері;
m – мемлекеттің МӘМС жарналарын қаржыландыру жүзеге асырылатын қаржы жылындағы айлар саны.
10. МӘМС жүйесінде әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттер қаражатын жоспарлау кезінде:
1) Заңның 27-бабы 3-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген тұлғаларға соңғы үш жылда МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек және медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтер санының орташа өсу қарқынын ескере отырып, МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек және медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтердің болжамды саны;
2) МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек және медициналық қызмет түрлері бойынша көрсетілетін қызметтердің болжамды санына "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) бекітілген тарифтерге көбейту жолымен шығыстар сомасы бойынша есептеулер жүргізіледі.
11. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді қалыптастыру осы Қағидалардың 8, 9 және 10-тармақтарында айқындалған қаражат сомаларын жинақтау жолымен жүзеге асырылады.
12. Бөлінген бюджет шегінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттер бойынша жылдық көлемді нақтылау (түзету) қажет болған кезде қор Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес нақтылау (түзету) қажеттілігі анықталған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсыныстар жібереді.
Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер сомаларын бөлінген бюджет шегінде нақтылау (түзету) жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қарайды.
3-тарау. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді қаржыландыру тәртібі
13. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер сомасының көлемі жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджетті бекіту кезінде айқындалады.
14. Республикалық бюджет бекітілгеннен кейін қор уәкілетті орган міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыру кезінде есепке алу үшін бағыттар бойынша сомаларды көрсете отырып, заңды тұлғаларға берілетін трансферттердің жылдық сомасын ай сайын бөлу жөнінде ұсыныстар қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді:
1) ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін;
2) заңда айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түрінде;
3) әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін.
Заңды тұлғаларға берілетін трансферттердің жылдық сомасын айлар бойынша бөлуді қор аванстық төлемдерді төлеудің болжамды мерзімдерін ескеріп, төлемдерді жүзеге асыру мерзімдерін негізге ала отырып жүзеге асырады.
15. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану процесінде міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу қажет болған кезде қор ағымдағы айдың 5-күніне дейінгі мерзімде уәкілетті органға міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар жібереді.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын бюджеттің қазынашылық атқарылуы және оларға кассалық қызмет көрсету рәсімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
16. Уәкілетті органның төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының сомалары шегінде заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді аударуы ай сайын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде (желтоқсан айында 20-күніне дейін):
1) ТМККК шеңберінде қызметтер көрсеткені үшін ақы төлеуге мемлекеттік қазынашылықтағы қордың қолма-қол ақшаны бақылау шотына;
2) заңда айқындалған қорға жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін МӘМС-ке мемлекеттің жарналары түрінде, сондай-ақ әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі қордың ағымдағы шотына жүзеге асырылады.
Міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, ақша қаражатын аудару ағымдағы айдың 25-күніне дейін жүзеге асырылады.
17. Қорға ТМККК бөлінетін заңды тұлғаларға берілетін трансферттер қаражаты есебінен денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу бойынша алдыңғы жылдың қордың міндеттемелерін орындауы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірмей жүзеге асырылады.
18. Өткен қаржы жылында бөлінген ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) заңды тұлғаларға берілетін трансферттердің сомалары келесі қаржы жылында толық пайдаланылады.
4-тарау. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есептілік
19. Қор уәкілетті органға осы Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша заңды тұлғаларға берілетін трансферттер түрінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді ұсынады.
20. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер түрінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептерді қор уәкілетті органға тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 7 наурызына дейінгі мерзімде ұсынады.
21. Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер түрінде бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуы туралы есептер қордың және уәкілетті органның ақпараттық жүйелерінің деректері негізінде қаражаттың игерілмеу себептерін көрсете отырып, төленген міндеттемелер сомаларының төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарынан ауытқуы бойынша түсіндірме жазбаны қоса бере отырып қалыптастырылады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттер түрінде бөлінген бюджет қаражатын игеру туралы есеп
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне
Нысанның атауы: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттер түрінде бөлінген бюджет қаражатын игеру туралы есеп
Кезеңділігі: тоқсан сайын, жылдық
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 7 наурызына дейінгі мерзімде
БСН ______________
Жинау әдісі: электронды түрде
теңге
Бағдарлама | Кіші бағдарлама | Заңды тұлғаларға берілетін трансферттер | Қаржыландыру жоспарының орындалуы | |||||||
Міндеттемелер бойынша | Төлемдер бойынша | |||||||||
Есепті кезең жоспары | Қабылданған міндеттемелер | Орындалу % | Қабылданбаған міндеттемелер | Есепті кезең жоспары | Төленді | Орындалу % | Игерілмеген | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
Басқарма Төрағасы _________ ______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Құрылымдық
бөлімшенің басшысы _________ ______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне
Нысанның атауы: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп
Кезеңділігі: тоқсан сайын, жылдық
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 7 наурызына дейінгі мерзімде
БСН ______________
Жинау әдісі: электронды түрде
Р/с № | Медициналық көмек түрлерінің атауы | Бір жылға медициналық қызметтерді сатып алу жоспары | Жасалған шарттардың сомасы |
Орналастырылмаған сома | Шарттардың № 1 қосымшасына сәйкес жоспар | Көрсетілген қызметтердің төлемге қабылданған актілері |
Шарттар бойынша орындалмаған сомалар (4-баған- |
Шарттарды орындау % |
Сатып алу жоспарын орындау % |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 9 | 10 | 11 |
Барлығы, |
Басқарма Төрағасы _________ ______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Құрылымдық
бөлімшенің басшысы _________ ______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түріндегі заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне
Нысанның атауы: Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналары түріндегі заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп
Кезеңділігі: тоқсан сайын, жылдық
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 7 наурызына дейінгі мерзімде
БСН ______________
Жинау әдісі: электронды түрде
Р/с № | Тұлғалар санаттарының атауы | Жыл жоспары | "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясының деректері бойынша факт | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның деректері бойынша жарналардың түсу фактісі |
Ауытқу | Жоспарды орындау % |
Жарналардың түсу фактісін Мемлекеттік корпорация деректерінен ауытқуы | |||||
Саны, адам | Сомасы, мың теңге | Саны, адам | Сомасы, мың теңге | Саны, адам | Сомасы, мың теңге | Саны, адам | Сомасы, мың теңге | Саны, адам | Сомасы, мың теңге | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Барлық адамдар, | ||||||||||||
1 | Балалар | |||||||||||
2 | Жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар | |||||||||||
3 | Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер | |||||||||||
4 | 5-тармақта көзделген адамдарды қоспағанда, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оны (оларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі) | |||||||||||
5 | Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, бала (балалар) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыста жүрген адамдар | |||||||||||
6 | Мүгедектігі бар балаға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар | |||||||||||
7 | Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын жұмыс істемейтін адамдар | |||||||||||
8 | Зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері | |||||||||||
9 | Қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар | |||||||||||
10 | Тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар | |||||||||||
11 | Жұмыс істемейтін қандастар | |||||||||||
12 | "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналар | |||||||||||
13 | Мүгедектігі бар адамдар | |||||||||||
14 | Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында білім алып жатқан адамдар | |||||||||||
15 | Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер |
Басқарма Төрағасы _________ ______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Құрылымдық
бөлімшенің басшысы _________ ______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны
Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп
Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне
Нысанның атауы: Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін трансферттерді пайдалану туралы есеп
Кезеңділігі: тоқсан сайын, жылдық
Есепті кезең: 20__ жылғы "___" _________ жағдай бойынша
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ұсыну мерзімі: тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде және тиісті қаржы жылы үшін есепті кезеңнен кейінгі жылдың 7 наурызына дейінгі мерзімде
БСН ______________
Жинау әдісі: электронды түрде
Р/с № | Медициналық көмек түрлерінің атауы | Жыл жоспары | Нақты шығыстар |
Ауытқу, мың теңге | Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның төлем сомасы, мың теңге |
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның төлем сомасының жоспардан ауытқуы, мың теңге |
Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның төлем сомасының нақты шығыстардан ауытқуы, мың теңге | ||
Қызметтер саны (бірліктер/ емделген жағдайлар/ қамтамасыз етілген рецепттер) | Сомасы, мың теңге | Қызметтер саны (бірліктер/ емделген жағдайлар/ қамтамасыз етілген рецепттер) | Сомасы, мың теңге | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Барлығы | |||||||||
1 | Консультациялық-диагностикалық көмек (амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек) | ||||||||
2 | Стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек | ||||||||
3 | Стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек | ||||||||
4 | Амбулаториялық деңгейде дәрілік қамтамасыз ету |
Басқарма Төрағасы _________ ______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Құрылымдық
бөлімшенің басшысы _________ ______________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)
Мөр орны