"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі |
М. Такиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Реcпубликасының Қаржы министрі 2025 жылғы 28 мамырдағы № 260 Бұйрығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5534 болып тіркелген).
2. "Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 13 қыркүйектегі № 437 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8725 болып тіркелген).
3. "Мемлекеттік меншікте тұрған концессия объектілерін концессионерге иеленуге және пайдалануға беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 78 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9291 болып тіркелген).
4. "Жасалған концессия шарттарының және берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 133 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10585 болып тіркелген).
5. "Концессия объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 642 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 28 қыркүйектегі № 511 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14401 болып тіркелген).
6. "Жасалған концессия шарттарының және берілген мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерінің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 133 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 1073 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17957 болып тіркелген).