БҰЙЫРАМЫН:
1. "Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 357 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Нотариат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйені пайдалану қағидаларында:
2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) БНАЖ-ға қолжетімділікті ашу – БНАЖ-да есептік жазбаны құру жөніндегі іс-шаралар";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Пайдаланушы БНАЖ-ға қолжетімділікті ашу үшін аумақтық нотариаттық палатаға (бұдан әрі – АНП) өтінішпен жүгінеді. Өтінішті қарастыру қорытындысы бойынша АНП қызметкері БНАЖ-да есептік жазба жасайды.";
5-1-тармақпен мынадай редакцияда толықтырылсын:
"5-1. "Нотариат туралы" Заңның 10-бабына сәйкес нотариустың лицензиясының қолданысы тоқтатыла тұрған кезеңде БНАЖ жүйесіне қолжетімділігі де тоқтатылады.".
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заңгерлерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитетіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
Е. Сарсембаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі