"Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 32) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Тарифтік саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. |
Н. Алдамжаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 54-НҚ бұйрығымен бекітілген |
Реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Су ресурстары және ирригация министрінің 02.07.2025 № 165-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1. Сумен жабдықтау саласында:
1) суды каналдар арқылы беру;
1-1) суару үшін су беру;
2) тірек гидротехникалық құрылысжайларының көмегімен жерүсті ағынын реттеу.