Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қаратөбе аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | Н. Мендешов |
| Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2024 жылғы 7 маусымдағы № 15-3 шешіміне қосымша |
1. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" 2018 жылғы 29 мамырдағы № 18-3 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5216 болып тіркелген);
2. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 29 мамырдағы № 18-3 "Қаратөбе ауданының ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2021 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-11 шешімі;
3. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-7 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5122 болып тіркелген);
4. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-7 "Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 27 сәуірдегі № 16-11 шешімі;
5. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-7 "Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 6 сәуірдегі № 2-2 шешімі;
6. Қаратөбе аудандық мәслихатының "Қаратөбе аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 17-7 "Қаратөбе аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2023 жылғы 23 тамыздағы № 6-4 шешімі.