Қазақстан Республикасы "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес, Жаңақала аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жаңақала аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Мәслихат төрағасы | К. Каменов |
| Аудандық мәслихаттың 2024 жылғы 3 маусымдағы № 18-11 шешіміне қосымша |
1. Жаңақала аудандық мәслихатының "Жаңақала аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 15 наурыздағы №19-20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5106 болып тіркелген) шешімі;
2. Жаңақала аудандық мәслихатының "Жаңақала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы №19-20 "Жаңақала аудандық мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2022 жылғы 5 мамырдағы №22-12 шешімі;
3. Жаңақала аудандық мәслихатының "Жаңақала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы №19-20 "Жаңақала аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" 2023 жылғы 7 сәуірдегі №2-2 шешімі;
4. Жаңақала аудандық мәслихатының "Жаңақала аудандық мәслихатының 2018 жылғы 15 наурыздағы №19-20 "Жаңақала аудандық мәслихаты аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың Әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 18 тамыздағы №8-2 шешімі.