Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2024 жылғы 1 наурыздағы № 11-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 4 наурызда № 7337-07 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 19.11.2025 № 30-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33763 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшері айқындалсын.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 19.11.2025 № 30-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Ермекбаев

  Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі аудандық мәслихаты
2024 жылғы 1 наурыздағы
№ 11-3 шешіміне 1-қосымша

Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің қағидалары мен мөлшері

      Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 19.11.2025 № 30-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын, аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың жиыны ретінде айқындалады.

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Бөрлі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырылады.

      3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын көрсетілетін қызметті беруші тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Тұрғын үй көмегін беру қағидалары) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының жергілікті өкілді органдар белгілеген шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

      Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысына шекті жол берілетін шығыстар үлесі 5 (бес) пайыз мөлшерінде.

      5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңнамаға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк актіге негiзделген өкiлеттігі күшімен өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Тұрғын үй көмегін беру қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорациядан не "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауаптың мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 6 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 19.11.2025 № 30-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі. рғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Тұрғын үй көмегін көрсету қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.

      Ескерту. 7 тармақ жаңа редакцияда - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 19.11.2025 № 30-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Тұрғын үй көмегін тағайындау көрсетілетін қызметті алушыға тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінде көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      9. Отбасы тұрғын үй көмегін заңсыз тағайындауға алып келген көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар берген кезде өтініш беруші мен оның отбасына тұрғын үй көмегін төлеу оның тағайындалған бүкіл кезеңі үшін тоқтатылады.

      10. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті беруші есептелген сомаларды әр ай сайын 10-на дейін тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Қазақстан Республикасы
Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі аудандық мәслихаты
2024 жылғы 1 наурыздағы
№ 11-3 шешіміне 2-қосымша

      1. Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №57-3 "Бөрлі ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау туралы" шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6576 болып тіркелген).

      2. "Бөрлі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы №57-3 "Бөрлі ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2023 жылғы 2 маусымдағы №4-2 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7199-07 болып тіркелген).

Об определении правил оказания жилищной помощи и размера в Бурлинском районе

Решение Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 1 марта 2024 года № 11-3. Зарегистрирован в Департаменте юстиции Западно-Казахстанской области 4 марта 2024 года № 7337-07.

      Сноска. Заголовок решения – в редакции решения Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 19.11.2025 № 30-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Законом Республики Казахстан "О жилищных отношениях", и приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года №117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №33763) Бурлинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить Правила оказания жилищной помощи и размер в Бурлинском районе согласно приложению 1 к настоящему решению.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции решения Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 19.11.2025 № 30-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Бурлинского районного маслихата согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата К.Ермекбаев

  Приложение 1 к решению
Республика Казахстан
Западно - Казахстанская область
Бурлинский районный маслихат
от 1 марта 2024 года № 11-3

Правила оказания жилищной помощи и размера в Бурлинском районе

      Сноска. Заголовок приложения 1 – в редакции решения Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 19.11.2025 № 30-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1.Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета малообеспеченным семьям (гражданам) (далее – услугополучатель), постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы услугополучателя, принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Бурлинского района (далее – услугодатель).

      3. Совокупный доход услугополучателя исчисляется услугодателем за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года №117 (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763) (далее - Правила предоставления жилищной помощи).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного

      фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов услугополучателя на эти цели, установленными местными представительными

      органами. Предельно допустимый уровень расходов к совокупному доходу услугополучателя установлена в размере 5 (пяти) процентов.

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам осуществляется в соответствии с приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан от 28 июля 2023 года № 295/НҚ "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается за назначением жилищной помощи один раз в квартал в некоммерческое акционерное общество "Государственная корпорация "Правительство для граждан" (далее - Государственная корпорация) или веб-портал "электронного правительства", согласно Правилам предоставления жилищной помощи.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации либо через веб-портал "электронного правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.

      Сноска. Пункт 6 – в редакции решения Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 19.11.2025 № 30-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7) Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных взносах на управление объектом кондоминиума и содержание общего имущества объекта кондоминиума, в том числе капитальный ремонт общего имущества объекта кондоминиума согласно смете расходов и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств услугополучателям. Размер жилищной помощи рассчитывается услугодателем, в соответствии с пунктом 4-1 Правил предоставления жилищной помощи.

      Сноска. Пункт 7 – в редакции решения Бурлинского районного маслихата Западно-Казахстанской области от 19.11.2025 № 30-2 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Назначение жилищной помощи осуществляется в пределах средств, предусмотренных в бюджете района на соответствующий финансовый год услугополучателям.

      9. При представлении семьей заведомо ложной информации и (или) недостоверных документов, повлекших за собой незаконное назначение жилищной помощи, заявителю и его семье выплата жилищной помощи прекращается на весь период ее назначения.

      10. Выплата жилищной помощи услугополучателю осуществляется услугодателем через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи ежемесячно до 10 числа каждого месяца.

  Приложение 2 к решению
Республика Казахстан
Западно - Казахстанская область
Бурлинский районный маслихат
от 1 марта 2024 года № 11-3

      1. Решение Бурлинского районного маслихата от 22 декабря 2020 года №57-3 "Об определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям в Бурлинском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6576).

      2. Решение Бурлинского районного маслихата от 2 июня 2023 года №4-2 "О внесении изменений в решение Бурлинского районного маслихата от 22 декабря 2020 года №57-3 "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) в Бурлинском районе" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под №7199-07).