Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Ережесін бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 20/3-VIII шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 наурызда № 8983-16 болып тіркелді

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 29.10.2025 № 43/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңынын 97-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБАЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 21.07.2026 № 55/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Ережесі бекітілсін

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 29.10.2025 № 43/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы К. Бахтияров
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Шығыс Қазақстан облысының
жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________
_________2024ж.
А.Мусинова

  Күршім аудандық мәслихатының
2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 20/3-VIII шешіміне
1-қосымша

Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен ережесі

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 29.10.2025 № 43/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Тұрғын үй көмегі тиісті қаржы жылына жергілікті бюджет қаражаты есебінен Күршім ауданында тұратын, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):

      ағымдағы және жинақтау жарналарын ;

      коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде көрсетілетін байланыс қызметтерін тұтынуға;

      мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.

      Аз қамтылған отбасының (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 21.07.2026 № 55/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Тұрғын үй көмегін тағайындау "Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырылады.

      3. Аз қамтылған отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірген тоқсанның алдындағы тоқсанға "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" (келесіде - Қағида) Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен есептейді.

      4. Тұрғын үй көмегі ағымдағы және жинақтаушы жарналарға, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен аз қамтылған отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде 5 (бес) пайыз мөлшерінде айқындалады.

      Тұрғын үй көмегінің мөлшері уәкілетті органмен нормалар шегінде Қағидаға сәйкес есептелінеді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 21.07.2026 № 55/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің өсуін өтеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенімхатқа, заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілі) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін тоқсанына бір рет Қағидаға сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорацияға (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "цифрлық үкімет" веб-порталына жүгінеді.

      Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не "цифрлық үкімет" веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 21.07.2026 № 55/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Тұрғын үй көмегі аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) жеткізушілер ұсынған ай сайынғы ағымдағы және жинақтаушы жарналар шоттары және коммуналдық қызметтерді төлеу шоттары бойынша бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 21.07.2026 № 55/3-VIII шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. "Тұрғын үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздері, сондай-ақ тұрғын үй көмегін тағайындау мәселелері бойынша уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі Қағидамен айқындалады.

      9. Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті орган есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.

  Күршім
аудандық мәслихатының
2024 жылғы 20 наурыздағы
№ 20/3-VIII шешіміне 2-қосымша

Күршім аудандық мәслихатының кейбір күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/4-VII "Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8677 болып тіркелген) шешімі.

      2. Күршім аудандық мәслихатының 2022 жылғы 07 қазандағы № 26/14-VII "Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/4-VII "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30208 болып тіркелген) шешімі.

      3. Күршім аудандық мәслихатының 2023 жылғы 19 сәуірдегі № 2/13-VIII "Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 наурыздағы № 3/4-VII "Күршім ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8834-16 болып тіркелген) шешімі.

Об утверждении размера и Правил оказания жилищной помощи в Курчумском районе

Решение Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 20 марта 2024 года № 20/3-VIII. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 28 марта 2024 года № 8983-16

      Сноска. Заголовок решения в редакции решения Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 29.10.2025 № 43/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 97 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях", статьей 27 Закона Республики Казахстан "О правовых актах", Приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан от 8 декабря 2023 года № 117 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи", Курчумский районный маслихат РЕШИЛ:

      Сноска. Преамбула в редакции решения Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21.07.2026 № 55/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Утвердить размер и Правила оказания жилищной помощи в Курчумском районе

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 29.10.2025 № 43/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Курчумского районного маслихата, согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель маслихата К. Бахтияров
      "СОГЛАСОВАНО"
Руководитель государственного учреждения
"Управление координации занятости и социальных
программ Восточно-Казахстанской области"
____________
___________ 2024 год
А. Мусинова

  Приложение 1 к решению
Курчумского районного маслихата
от 20 марта 2024 года
№ 20/3-VIII

Размер и правила оказания жилищной помощи в Курчумском районе

      Сноска. Заголовок в редакции решения Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 29.10.2025 № 43/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      1. Жилищная помощь предоставляется за счет средств местного бюджета на соответствующий финансовый год малообеспеченным семьям (гражданам) проживающим в Курчумском районе, постоянно зарегистрированным и проживающим в жилище, которое находится на праве собственности как единственное жилище на территории Республики Казахстан, а также нанимателям (поднанимателям) жилища из государственного жилищного фонда и жилища, арендованного местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, на оплату:

      текущих и накопительных взносов;

      потребления коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций;

      расходов за пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде.

      Расходы малообеспеченной семьи (граждан), принимаемые к исчислению жилищной помощи, определяются как сумма расходов по каждому из вышеуказанных направлений.

      Сноска. Пункт 1 в редакции решения Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21.07.2026 № 55/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Назначение жилищной помощи осуществляется государственным учреждением "Отдел занятости и социальных программ Курчумского района Восточно-Казахстанской области" (далее – уполномоченный орган).

      3. Совокупный доход малообеспеченной семьи (гражданина) исчисляется уполномоченным органом за квартал, предшествовавший кварталу обращения за назначением жилищной помощи, в порядке, определяемом приказом Министра промышленности и строительства Республики Казахстан "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи" от 8 декабря 2023 года № 117 (далее - Правила) (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33763).

      4. Жилищная помощь определяется как разница между суммой оплаты расходов на текущие и накопительные взносы, потребление коммунальных услуг и услуг связи в части увеличения абонентской платы за телефон, подключенный к сети телекоммуникаций, пользование жилищем из государственного жилищного фонда и жилищем, арендованным местным исполнительным органом в частном жилищном фонде, и предельно допустимым уровнем расходов малообеспеченной семьи (граждан) на эти цели, в размере 5 (пяти) процентов.

      Размер жилищной помощи рассчитывается уполномоченным органом в пределах норм, согласно Правил.

      Сноска. Пункт 4 в редакции решения Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21.07.2026 № 55/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      5. Выплата компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций осуществляется в соответствии с Приказом Министра цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан "Об определении размера и утверждении Правил компенсации повышения тарифов абонентской платы за оказание услуг телекоммуникаций социально защищаемым гражданам" от 28 июля 2023 года № 295/НҚ (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 33200).

      6. Для назначения жилищной помощи услугополучатель (либо его представитель в силу полномочия, основанного на доверенности, законодательстве, решении суда либо административном акте) обращается один раз в квартал в Государственную корпорацию "Правительство для граждан" (далее – Государственная корпорация) или на веб-портал "цифрового правительства", согласно Правил.

      Срок рассмотрения документов и принятия решения о предоставлении жилищной помощи либо мотивированный ответ об отказе со дня принятия полного комплекта документов от Государственной корпорации, либо через веб-портал "цифрового правительства" составляет 6 (шесть) рабочих дней.

      Сноска. Пункт 6 в редакции решения Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21.07.2026 № 55/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      7. Жилищная помощь оказывается по предъявленным поставщиками счетам о ежемесячных текущих и накопительных взносах и счетам на оплату коммунальных услуг за счет бюджетных средств малообеспеченным семьям (гражданам).

      Сноска. Пункт 7 в редакции решения Курчумского районного маслихата Восточно-Казахстанской области от 21.07.2026 № 55/3-VIII (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      8. Основания для отказа в оказании государственной услуги "Назначение жилищной помощи", а также порядок обжалования решений, действий (бездействия) уполномоченного органа и (или) его должностных лиц, по вопросам оказания жилищной помощи определяется Правилами.

      9. Выплата жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) осуществляется уполномоченным органом через банки второго уровня путем перечисления начисленных сумм на лицевые счета получателей жилищной помощи.

  Приложение 2
к решению Курчумского
районного маслихата
от 20 марта 2024 года
№ 20/3-VIII

Перечень утративших силу некоторых решений Курчумского районного маслихата

      1. Решение Курчумского районного маслихата от 16 марта 2021 года № 3/4-VII "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Курчумском районе" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8677).

      2. Решение Курчумского районного маслихата от 07 октября 2022 года № 26/14-VII "О внесении изменений в решение Курчумского районного маслихата от 16 марта 2021 года №3/4-VII "Об утверждении Правил определения размера и порядка оказания жилищной помощи" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 30208).

      3. Решение Курчумского районного маслихата от 19 апреля 2023 года № 2/13-VIII "О внесении изменения в решение Курчумского районного маслихата от 16 марта 2021 года №3/4-VII "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Курчумском районе" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8834-16).