"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Зырян ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 469 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5452 нөмірімен тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Алтай ауданы әкімі | Р. Курмамбаев |