Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Өскемен қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына көрсетілетін коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері осы шешімге қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Өскемен қалалық мәслихатының 2020 жылғы 28 тамыздағы № 60/5-VI "Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдардың мамандарына әлеуметтік қолдау көрсету туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7512 болып тіркелген) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Өскемен қалалық мәслихатының төрағасы | А. Светаш |
| Өскемен қалалық мәслихатының 2025 жылғы 24 қазандағы № 38/4-VIII шешімге қосымша |
Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшері
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 24.10.2025 № 38/4-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және Өскемен қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындайды (бұдан әрі - мамандар).
2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар қолданылады:
1) ағымдағы шот – банктік шот шарты негізінде банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым ашатын банктік шот;
2) коммуналдық көрсетілетін қызметтер – тұтынушыға ұсынылатын, қауіпсіз және жайлы тұру (болу) жағдайларын қамтамасыз ету үшін сумен жабдықтауды, су бұруды, газбен жабдықтауды, электрмен жабдықтауды, жылумен жабдықтауды, қоқыс әкетуді, лифтілерге қызмет көрсетуді қамтитын қызметтер.
3. Әлеуметтік қолдауды тағайындауды уәкілетті органы – "Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүзеге асырады (бұдан әрі – ММ).
2-тарау. Мамандарға бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері
4. Әлеуметтік көмек бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алуға, алушылардан өтініштерін талап етпей, мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларымен бекітілген жинақ тізім негізінде (бұдан әрі – тізім), ақшалай нысанда "Қазпошта" акционерлік қоғамы аумақтық бөлімшелері, екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығын және қаржылық операцияларды реттеу, бақылау мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушылардың шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.
5. Әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 10,936 (он бүтін тоғыз жүз отыз алты) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде көрсетіледі.
6. Әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған шығыстарды қаржыландыру ағымдағы қаржы жылына Өскемен қаласының бюджетінен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
7. Коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылдау мерзімі тізімді алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
8. ММ қызметкері денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мемлекеттік ұйымдардың тізімдерін 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.
9. Мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары ұсынған тізімдер арасында сәйкессіздік анықталған жағдайда, ММ Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 73 және 74-баптарына сәйкес әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы алдын ала қабылданған шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беретін отырыстың уақыты мен орны (тәсілі) туралы мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшыларын хабардар етеді.
Тізімдерді қарау нәтижелері бойынша ескертулер болмаған жағдайда ММ оң шешім қабылдайды және мамандардың ағымдағы шоттарына коммуналдық көрсетілетін қызметтерге және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау төлемдерін жүргізеді.