Индер ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы

Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2024 жылғы 18 наурыздағы № 83-VIII шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 наурызда № 5153-06 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 2026 жылғы 20 сәуірдегі № 215-VIII шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Индер аудандық мәслихатының 20.04.2026 № 215-VIII шешімімен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 696-3 бабының 5-тармағына сәйкес, Индер аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Индер ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесінің мөлшері салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға төмендетілсін.

      2. Осы шешім 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Индер аудандық
мәслихат төрағасы
А. Рамазанов

О понижении размера ставки налогов при применении специального налогового режима розничного налога по Индерскому району

Решение Индерского районного маслихата Атырауской области от 18 марта 2024 года № 83-VIII. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Атырауской области 19 марта 2024 года № 5153-06. Утратило силу решением Индерского районного маслихата Атырауской области от 20 апреля 2026 года № 215-VIII

      Сноска. Утратило силу решением Индерского районного маслихата Атырауской области от 20.04.2026 № 215-VIII (вводится в действие с 01.01.2026).

      В соответствии с пунктом 5 статьи 696-3 Кодекса Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет" (Налоговый кодекс), Индерский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Понизить размер ставки корпоративного или индивидуального подоходного налога, за исключением налогов, удерживаемых у источника выплаты, при применении специального налогового режима розничного налога по Индерскому району с 4 (четырех) процентов на 2 (два) процента по доходам, полученным (подлежащим получению) за налоговый период.

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2024 года и подлежит официальному опубликованию.

      Председатель Индерского
районного маслихата
А. Рамазанов