Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 06.02.2026 № 246 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 97-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарабалық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 06.02.2026 № 246 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Қарабалық аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Қарабалық аудандық мәслихатының төрайымы | Г. Балбаева |
| Қарабалық | |
| аудандық мәслихатының | |
| 2024 жылғы 9 шілдедегі | |
| № 136 шешімге | |
| 1-қосымша |
Қарабалық ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Қағидалары
Ескерту. 1-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 06.02.2026 № 246 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен жалғыз тұрғынжай ретінде Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығында тұрған тұрғынжайда Қарабалық ауданында тұратын, тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды жалдаушыларға (қосымша жалдаушыларға):
кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарға;
коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға;
мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеуге беріледі.
Көрсетілетін қызметті алушының тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
2. Тұрғын үй көмегін тағайындауды "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жүзеге асырады.
3. Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық табысын "Тұрғын үй көмегін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2023 жылғы 8 желтоқсандағы № 117 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33763 болып тіркелген) (бұдан әрі - Қағидалар) айқындалған тәртіппен есептейді.
4. Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын шығыстарды, коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдаланғаны үшін шығыстарды төлеу сомасы мен көрсетілетін қызметті алушылардың осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалды.
Көрсетілетін қызметті алушының жиынтық кірісіне шығыстарының шекті жол берілетін деңгейі бес (5) процент мөлшерінде айқындалды.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 06.02.2026 № 246 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).5. Әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеу "Әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифтерінің өсуін өтеу мөлшерін айқындау және қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 28 шiлдедегi № 295/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33200 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) тұрғын үй көмегін тағайындау үшін Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына сәйкес "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "электрондық үкімет" веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.
"Тұрғый үй көмегін тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізі талаптардың тізбесі Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына 2-қосымшада көрсетілген.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 06.02.2026 № 246 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).7. Тұрғын үй көмегі көрсетілген қызметті алушыларға кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жеткізушілер ұсынған ай сайынғы жарналар туралы шоттарға және шығыстар сметасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегінің мөлшерін көрсетілетін қызметті беруші Қағидалардың 4-1-тармағына сәйкес есептейді.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Қостанай облысы Қарабалық ауданы мәслихатының 06.02.2026 № 246 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).8. Тұрғын үй көмегін тағайындау аудан бюджетінде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде көрсетілетін қызметті алушыларға жүзеге асырылады.
9. Көрсетілетін қызметті алушыға тұрғын үй көмегін төлеуді көрсетілетін қызметті берушімен есептелген сомаларды тұрғын үй көмегін алушылардың немесе қызмет көрсетушілердің жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы аудару жолымен жүзеге асырады.
| Приложение 2 | |
| к решению | |
| Қарабалық | |
| аудандық мәслихатының | |
| 2024 жылғы 9 шілдедегі | |
| № 136 |
Перечень признанных утратившими силу некоторых решений Карабалыкского районного маслихата
1. Решение маслихата "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 31 октября 2014 года № 283 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5173).
2. Решение маслихата "О внесении изменения в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 24 февраля 2015 года № 326 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5419).
3. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 24 декабря 2015 года № 422 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6127).
4. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 5 мая 2016 года № 28 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 6410).
5. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 2 ноября 2018 года № 313 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8078).
6. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 11 мая 2020 года № 491 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 9202).
7. Решение маслихата "О внесении изменений в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи" от 29 ноября 2021 года № 70 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 25652).
8. Решение Карабалыкского районного маслихата "О внесении изменения в решение маслихата от 31 октября 2014 года № 283 "Об определении размера и порядка оказания жилищной помощи в Карабалыкском районе" от 28 июля 2022 года № 153 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 28931).