Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Рудный қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. "Рудный қаласы азаматтарының жекелеген санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін жеңілдіктер белгілеу туралы" 2023 жылғы 27 маусымдағы № 552 Рудный қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысына және 2023 жылғы 27 маусымдағы № 38 Рудный қалалық мәслихатының шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10038 болып тіркелді) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бірлескен қаулы және шешімнің 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Рудный қаласы азаматтарының мынадай санаттарына қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру үшін бекітілген тариф құнының 50% мөлшерінде жеңілдікті жол жүру белгіленсін:
1) 7 жастан 15 жасқа дейінгі балалар;
2) 15 пен 18 жас аралығындағы адамдар.".
2. Осы бірлескен Рудный қаласы әкімдігінің қаулысы мен Рудный қалалық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Рудный қаласы әкімі | В. Ионенко |
| Қалалық мәслихат төрағасы | А. Искаков |