"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтоғай аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 04/01 "Қазақстан Республикасы Президенттігіне, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттығына және мәслихаттың депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8-10-131 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
| Ақтоғай ауданының әкімі | Р. Кенжебеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақтоғай аудандық
сайлау комиссиясы
| Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 07/01 қаулысына қосымша |
Ақтоғай ауданының аумағында барлық кандидаттар үшiн үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
№ | Елді мекен атауы | Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар |
1 | Ақтоғай ауылы | Ақтоғай ауданы әкімдігінің Ақтоғай ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің "Ақтоғай мәдени бос уақыт өткізу орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта |
2 | Ақтоғай ауылы | Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Күләш Байсейітова атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта |
3 | Ақтоғай ауылы | Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Әлихан Бөкейхан атындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)" жанындағы интернаты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта |
4 | Ақтоғай ауылы | Қарағанды облысының білім басқармасының "Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта |
5 | Ақтоғай ауылы | Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Ақтоғай ауданының аудандық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының жанындағы ақпараттық тақта |
6 | Абай ауылдық округі | Абай ауылы, Абай көшесі 8А үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
7 | Айыртас ауылдық округі | Орталық көшесіндегі саябақтағы ақпараттық тақта |
8 | Қарабұлақ ауылдық округі | Нарманбет ауылы, Сана би көшесі 7А үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
9 | Жидебай ауылдық округі | "Дастан" дүкенінің жанындағы жарнамалық тақта |
10 | Жидебай ауылдық округі | "Ақнұр" дүкенінің жанындағы жарнамалық тақта |
11 | Қусақ ауылдық округі | Қошқар ауылы, Мәдениет көшесі 15 үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
12 | Қызыларай ауылдық округі | Ақжарық ауылы, У.Жәнібеков көшесі 11 үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
13 | Кежек ауылдық округі | Ақши ауылы, Бейбітшілік көшесі 11А үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
14 | Қараменде би ауылдық округі | Ақтас ауылы, Еңбек көшесі 7А үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
15 | Қараменде би ауылдық округі | Қуаныш ауылы, Кенішбай көшесі 24 үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
16 | Нүркен ауылдық округі | Нүркен ауылы, Жалаңтөс көшесі 8 үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
17 | Ортадересін ауылдық округі | Ортадересін ауылы, О.Жаутіков көшесі 20 үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
18 | Сарытерек ауылдық округі | Сарытерек ауылы, Парасат көшесі 18А үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
19 | Шабанбай би ауылдық округі | Шабанбай би ауылы, Ә.Бөкейхан көшесі 11 үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
20 | Тасарал ауылдық округі | Тасарал ауылы, Ағыбай батыр көшесі 5 үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
21 | Сарышаған кенті | Абай көшесі 3 үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
22 | Сарышаған кенті | Теміржол 35 көшесіндегі жарнамалық тақта |
23 | Шашубай кенті | Ж.Ақбергенов көшесі 3 үйдің жанындағы ақпараттық тақта |
24 | Шашубай кенті | Қарағанды облысы білім басқармасының Ақтоғай ауданы білім бөлімінің "Шашубай кентіндегі мектеп – бөбекжай" кешені" (мектеп жанындағы интернатымен) базасындағы Тірек мектебі (ресурстық орталық)" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының жанындағы жарнамалық тақта |