ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы шешім 01.01.2025 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 8 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 510 бабының 1 тармағына сәйкес, Ақтоғай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) бекітілсін.
2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Ақтоғай ауданының жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелеріне жер салығы мөлшерлемелері арттырылсын.
3. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
| Аудандық мәслихат төрағасы | Р. Абеуов |
| Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 119 шешіміне 1-қосымша |
Ақтоғай ауданының жерді аймақтарға бөлу (схемасы)

Шартты белгілері:
1. Елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жері;
2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер;
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс, және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер, елдімекендерден тыс жерде орналасқан;
4. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, орман қоры және су қоры жері, ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылады, және де жеке және заңды тұлғаларға берілген ауыл шаруашылығынан басқа мақсаттар үшін пайдалануға арналған.
| Ақтоғай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 қаңтардағы № 119 шешіміне 2-қосымша |
