Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Балқаш қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Балқаш қаласының әкімі | С. Сатаев |
| Балқаш қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 49/04 қаулысына қосымша |
Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар
№ р/с | Мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындар |
1. | Абай және Ағайынды Мусиндер көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта |
2. | З. Сабитова шағын ауданы № 34 үйдің оң жағындағы ақпараттық тақта |
3. | Бөкейханов және Абай көшелерінің қиылысындағы ақпараттық тақта |
4. | Русаков шағын ауданы № 9 үй маңындағы ақпараттық тақта |
5. | Қоңырат шағын ауданы, Русаков көшесі № 9 үйдің оң жағындағы ақпараттық тақта |
6. | Балқаш-1 станциясының теміржол вокзалдың әкімшілік ғимараттың алдындағы ақпараттық тақта |
7. | С. Мухамеджанов шағын ауданы № 5 үйдің артқы жағындағы ақпараттық тақта |