Теміртау қаласы азаматтарының қалалық қоғамдық көлікте жүру үшін (таксиден басқа) жекелеген санаттарына жеңілдіктер белгілеу туралы

Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 4 қазандағы № 48/62 бірлескен қаулысы және Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 2024 жылғы 4 қазандағы № 20/6 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 қазанда № 6669-09 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 13-бабына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Теміртау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Теміртау қаласының тегін жол жүру құқығын растайтын құжат (электрондық жол жүру құжаты) болған жағдайда, қалалық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) тегін жүру түріндегі азаматтардың келесі санаттарына жеңілдіктер белгіленсін:

      1) 7 жастан 18 жасқа дейінгі балалар;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне:

      2-1) бұрынғы КСРОдағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСРОдағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      2-2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      2-3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      2-4) бұрынғы КСРОдағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлiк тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшiлерi;

      2-5) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСРОдағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      2-6) 1992 жылғы қыркүйек - 2001 жылғы ақпан аралығындағы кезеңде Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын күзетуді күшейту жөніндегі мемлекет аралық шарттармен келісімдерге сәйкес міндеттерді орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2-7) 2003 жылғы тамыз - 2008 жылғы қазан аралығындағы кезеңде Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2-8) 1986 - 1991 жылдар аралығындағы кезеңде Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСРОдағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      3) 1986 - 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқада радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      4) 1988 - 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      5) он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-ана немесе қорғаншы.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімдігінің 21.05.2026 № 20/40 бірлескен қаулысымен және Қарағанды облысы Теміртау қалалық мәслихатының 21.05.2026 № 43/6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Теміртау қаласының әкімі Г. Ашимов
      Қалалық мәслихат төрағасы А. Ломакин

Об установлении льготы отдельным категориям граждан для проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) в городе Темиртау

Совместные постановление акимата города Темиртау Карагандинской области от 4 октября 2024 года № 48/62 и решение Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 4 октября 2024 года № 20/6. Зарегистрировано в Департаменте юстиции Карагандинской области 9 октября 2024 года № 6669-09.

      В соответствии со статьей 13 Закона Республики Казахстан "О транспорте в Республике Казахстан" и подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", акимат города Темиртау ПОСТАНОВЛЯЕТ и Темиртауский городской маслихат РЕШИЛ:

      1. Установить льготу в виде бесплатного проезда на городском общественном транспорте (кроме такси) в городе Темиртау при наличии документа, подтверждающего право на бесплатный проезд (электронный проездной документ) следующим категориям гражданам:

      1) детям от 7 до 18 лет;

      2) ветеранам боевых действий на территории других государств:

      2-1) военнослужащим Советской Армии, Военно-Морского Флота, Комитета государственной безопасности, лицам начальствующего и рядового состава Министерства внутренних дел бывшего Союза ССР (включая военных специалистов и советников), которые в соответствии с решениями правительственных органов бывшего Союза ССР принимали участие в боевых действиях на территории других государств;

      2-2) военнообязанным, призывавшимся на учебные сборы и направлявшимся в Афганистан в период ведения боевых действий;

      2-3) военнослужащим автомобильных батальонов, направлявшимся в Афганистан для доставки грузов в эту страну в период ведения боевых действий;

      2-4) военнослужащим летного состава, совершавшим вылеты на боевые задания в Афганистан с территории бывшего Союза ССР;

      2-5) рабочим и служащим, обслуживавшим советский воинский контингент в Афганистане, получившим ранения, контузии или увечья либо награжденным орденами и медалями бывшего Союза ССР за участие в обеспечении боевых действий;

      2-6) военнослужащим Республики Казахстан, выполнявшим задачи согласно межгосударственным договорам и соглашениям по усилению охраны границы Содружества Независимых Государств на таджикско-афганском участке в период с сентября 1992 года по февраль 2001 года;

      2-7) военнослужащим Республики Казахстан, принимавшим участие в качестве миротворцев в международной миротворческой операции в Ираке в период с августа 2003 года по октябрь 2008 года;

      2-8) военнослужащим, а также лицам начальствующего и рядового состава органов внутренних дел и государственной безопасности бывшего Союза ССР, принимавшим участие в урегулировании межэтнического конфликта в Нагорном Карабахе в период с 1986 по 1991 годы;

      3) лицам, принимавшим участие в ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1986 – 1987 годах, других радиационных катастроф и аварий на объектах гражданского или военного назначения, а также участвовавших непосредственно в ядерных испытаниях;

      4) лицам из числа участников ликвидации последствий катастрофы на Чернобыльской атомной электростанции в 1988 – 1989 годах, эвакуированных (самостоятельно выехавшим) из зон отчуждения и отселения в Республику Казахстан, включая детей, которые на день эвакуации находились во внутри утробном состоянии;

      5) родителям или опекунам, воспитывающим ребенка с инвалидностью до восемнадцати лет.

      Сноска. Пункт 1 – в редакции совместного постановления акимата города Темиртау Карагандинской области от 21.05.2026 № 20/40 и решения Темиртауского городского маслихата Карагандинской области от 21.05.2026 № 43/6 (вводится в действие со дня официального опубликования).

      2. Настоящее совместное постановление и решение вводится в действие со дня официального опубликования.

      Аким города Темиртау Г. Ашимов
      Председатель городского маслихата А. Ломакин