"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес ауылдық елді мекендерде аса тапшы медициналық мамандықтар айқындалсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
| Қарағанды облысының әкімі | Е. Булекпаев |
| Қарағанды облысы әкімдігінің 2024 жылғы "20" қыркүйектегі № 57/08 қаулысымен бекітілді |
Қарағанды облысының ауылдық елді мекендері үшін аса тапшы медициналық мамандықтардың тізбесі
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – Қарағанды облысының әкімдігінің 03.02.2026 № 07/31 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
№ | Мамандықтардың атауы |
1. | Педиатрия |
2. | Акушерия және гинекология (ересектер, балалар) |
3. | Жалпы дәрігерлік практика |
4. | Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар) |
5. | Терапевт |