Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес, Ақсу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсу ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақсу ауданының әкімі | Б. Тынышбаев |
| 2024 жылғы 22 ақпандағы № 97 қаулысына қосымша |
Ақсу ауданының әкімдігінің күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Ақсу ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 506 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4059 болып тіркелген);
2. Ақсу ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы "Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 507 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4061 болып тіркелген);
3. Ақсу ауданының әкімдігінің 2016 жылғы 22 желтоқсандағы "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" № 508 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4060 болып тіркелген).